Тыру мен спорт менеджменті


Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру мен спорт саласындағы есеп-қисап жүргізу



бет14/19
Дата15.04.2023
өлшемі109,84 Kb.
#82701
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Тыру мен спорт менеджменті

10. Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру мен спорт саласындағы есеп-қисап жүргізу.
Лекция жоспары:
1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы есепке алудың мәні. Дене шынықтыру және спорттық ұйымдардағы мемлекетік есепке алуды ұйымдастыру.
2. Дене шынықтыру ұйымдарының қызметіндегі статистиканың рөлі. Статистика мен есептің өзара байланысы. Дене шынықтыру мен спорт бойынша жұмысты есепке алу жүйесі. Есептің негізгі түрлері. Мемлекеттік статистикалық есепке алу жолдары, есеп жасау бойынша негізгі талаптар.
3. Дене шынықтыру және спорттық ұйымдардың қызметінде есептерді және есептік мәліметтерді талдау мен жалпылау. Дене шынықтыру және спорттық ұйымдарында іс қағаздарды жүргізуді ұйымдастыру мен оны жүргізу тәртібі. Айналымның негізгі құжаттары және оларды құру тәртібі.
4. Құжаттардың құрылымына, баяндау стиліне және формасына қойылатын негізгі талаптар. Архивтерді жүргізу. Спорттық біліктіліктерді, атақтарды, т.б беру кезіндегі құжаттарды рәсімдеу тәртібі.
Лекция мазмұны:
1. Басқару жүйесінің түсінігі
2. Менеджменттік өнер және менеджер
3. Фирманы басқару органдары
4. Менеджменттің басқарудан басты айырмашылығы, менеджмент – ол заттарды басқару емес, ол адамдардың маркетинг бағдарламасының принциптеріне сәйкес техниканы меңгеруі мен ұйымдарды басқаруын айтамыз. Менеджменттің бірнеше түрі бар:
- Қаржылық, кадрлық, өндірістік менеджмент;
- Тауарлардың жеткізілуін реттейтін транспорттық менеджмент;
- Бизнестегі ішкі байланыстар мен іс-құжаттардың жүргізілуін реттейтін әкімшілік менеджмент;
- Сыртқы экономикалық байланыстарды, яғни байланыс, экспорт, импорт, ғылыми-техникалық жетістіктер, көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз етуші сыртқы экономикалық менеджмент;
- Тауарларды таратумен айналысатын маркетингтік менеджмент.
Аталған менеджменттің барлық түрлерін мамандар, яғни менеджерлер басқарады. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар да өндірістік ұйымдар сияқты «менеджментті» өз мақсатына жетуде қолданады.
Көптеген дамығанелдер университеттерінде әкімшілік бизнес пен менеджменттің бағдарламасын ұсынады және ол дене шынықтыру білімін беруде енгізілген «менеджменттің» үш негізгі құраушысы бар: мақсат, ресурстар, адамдар. «Менеджмент» түсінігі туралы толық мағлұмат алуда менеджменттің функцияларын талдау қажет. Оған спорт менеджменті бойынша шетелдік мамандар келесі 4 функцияны тән деп есептейді:
- жоспарлау;
- ұйымдастыру;
- басқару;
- талдау.
Жоспарлау- спорттық ұйымдастыру іс-шаралары мен бағдарламалардың мақсаттарын анықтау үшін қажет. Немесе не істеу керек? Қалай істеу керек? Деген сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастыру- жоспарланған жұмысты орындау кезінде орындаушылар арасындағы ресми қарым-қатынасты беітеді. Жоспарлаудан ұйымдастырудың айырмашылығы кім істейді? Деген сұрақтарға жауап беруінде.
Басқару- алдына қойған мақсатқа жетудегі ұйымның әрбір мүшесіне әсер ету процесі. Жақсы басқарушы, яғни менеджер үнемі өзінің білімін ынталандыру үрдісін жетілдіруге жұмсайды.
Басқару функциялары- менеджменттің ең күрделі қызметтерінің бірі. Өйткені, менеджер әрбір жұмысшының қажеттілігі мен бейімділігіне, мотивациялық көтеру және түсіру құралдарын қолданып, әртүрлі деңгейдегі жұмысшылармен, басшылармен қарым-қатынас орната білуі керек.
Талдау- түпкі нәтиже бойынша сапалы жұмыс орындауда жекелеген жұмысшылар мен бөлімшелердегі жағдайлар қаралады. Талдау үрдісі кезінде жоспарлауда енгізілген орындалу нәтижесіне қарай бағаланады, стандартқа сәйкестендеріледі, сөйтіп, мақсат пен оны іске асыру деңгейі арасында кері байланыс орнатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет