Тыру мен спорт менеджменті


Лекция тақырыбы: Шетелдердегі дене шынықтыру мен спортты ұйымдастыру



бет19/19
Дата15.04.2023
өлшемі109,84 Kb.
#82701
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Тыру мен спорт менеджменті

15. Лекция тақырыбы: Шетелдердегі дене шынықтыру мен спортты ұйымдастыру.
Лекция жоспары:
1. Шетелдердегі дене шынықтыру мен спортты ұйымдастыру. Жақын шетелдердегі дене шынықтыру мен спортты басқаруды ұйымдастыру мен озық тәжірбие талдауы. ҚР дене шынықтыру мен спорттық ұйымдарының ТМД елдерімен ынтымақтасуының негізгі жолдары.Азия, Африка және Латын Америкасы сияқты дамушы елдердегі дене шынықтыру қозғалысының ұйымдастырылуы. ҚР-ның дамушы елдермен спорттық байланыстарды орнату жолдары.
2. Дамыған елдердегі дене шынықтыру мен спортты басқаруды ұйымдастыру жолдарына қысқаша шолу. Әуесқой және кәсіби спорт. ҚР-ның алдыңғы қатарлы елдермен спорттық ынтымақтастығының қағидаттары мен жолдары.
3. Бұқаралық спорттық қозғалысты ұйымдастыру.
Дене шынықтыру және спорт саласында халықаралық ынтымақтастықтың мақсаттары, міндеттері, және қағидаттары.
Халықаралық спорттық ұйымдардың жалпы сипаттамасы мен жіктемесі.
4. Халықаралық олимпиадалық комитетті ұйымдастыру. Оның жарғылары, құрылымы, негізгі қызметтері. Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің Бас Ассамблеясы, ұйымдастырылуы мен жұмысының мазмұны.
5.Спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар (міндеттер, ұйымдастыру және жұмыстың мазмұны). Халықаралық спорттық ұйымдардың Бас ассамблеясы.
Дене шынықтыру мен спорт бойынша студенттердің, теміржолаушылардың, әскерилердің, спорттық БАҚ өкілдерінің, спорттық медицинаның халықаралық бірлестіктері.
Аймақтық спорттық бірлестіктер мен жарыстар ЮНЕСКО жүйесінде дене шынықтыру мен спорт бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қазіргі таңдағы Олимпиадалық қозғалыстың негізгі мәселелері.
Лекция мазмұны:
Шет елдердегі спорт ұйымдары.
Шет елдердегі спорттық ұйымдардың ерекшеліктері.
Шет елдердегі спорттық ұйымдардың түрлері.
1. Биатлон бағдарламасы 10,20 шақырымдық және 4*7,5 шақырымдық жарыс жолдарынан тұрады. Жарыс барысында спортшылар мылтықпен 70 м қашықтықтан нысана көздеп те оқ атады. Биатлон спортына алғашқы дүниежүзілік жарыс чемпионы тәжін кигендер Норвегия комадасы, екінші орынды КСРО, үшінші орынды Швеция спортышлары иеленді. Бұл жарыс Австарлия мемлекетінің жерінде өтті.
Олимпиада тарихында алғашқы чемпиондардың атақты жеңіп алған швед спортшысы К. Лестондер болды. Дүниежүзілік биатлон спортының тарихында төрт мәрте олимпиада медалін жеңіп алған бірінші спортшы Александар Тихонов (КСРО). Қазіргі одақта дүниежүзілік биатлон одағына мүше 50-ге жуық мемлекеттер бер.
Ағылшын драматургі Бернард Шоу -ңбоксң- ол ақыл, өнер, шапшаңдық, ширақтық, тек қара дөрекі күш емес- деп жазыпты. 1904 жылдан бастап, бокс олимпиадалық спорт түріне айналды. Ол 1925 жылдан бастап еуропалық біріншілікке кірсе, 1974 жылдан дүниежүзілік біріншілік өтетін болды. Ол 1979 жылдан бастап жасөспірімдер арасында дүниежүзілік чемпионат өтіп келеді. Қазіргі кезеңде халықаралық бокс федерациясының (АИБА) 156 мүшесі бар. Бокс спортымен айналысушылар 1860 жылға дейін қолғапсыз жұдырықтасса, қолғап кию осы жылдан бастау алған. Ең соңғы қолғапсыз жұдырықтасудан чемпион болған спортшы- Джон Салливан. Ол қолғап киіп жекпе-жекке шығып, алғашқы дүниежүзінің де чемпионы болды.
Аңызға сенсек, күрес өнерінің алғашқы ережесін жазушы Минотавр мен белдескен Тесей деген мәлімет бар. Ертеде өткізілген олимпиада бағдарламасына жүгіруден кейінгі болып кірген күрес өнері екен. Спорт өнері туралы жазылған және баспадан 1539 жылы шыққан кітап күрес өнеріне арналған. Оның аты ңКүрес өнерің. Халықаралық күрес федерациясы (ФИАА) 1912 жылы ұйымдастырылды, қазір оның III астам мүшелері бар. Дүниежүзінің ең көп тараған спорт күрестің негізгі 4 түрі бар. Олар: еркін және греко-римдік, дзюдо, самбо күрестері. Дзюдо VI-IX ғасыр арасындағы Азия елдері Қытай, Корея және Жапонияда өте таралған спорт түрі болған.
Алғашқы велосипед жасаушы қол өнер шебері Ефим Артамонов деген дерек бар. Бұл 1800 жылдар шамасында болса керек. Бірақ арнайы патент ашып велосипед жасаған неміс өнер тапқышы К.Дрейз, ол 1817 жылы ңБегунокң деген алғашқы велосипед жасаған. Велосипедпен жарысу спорт өнері ретінде 1869 жылы өткізілді. Сөйтіп, алғашқы дүниежүзілік жарыс 1893 жылы, ал олимпиада бағдарламасына ену 1896 жылдан басталады. 1900 жылы халықаралық велосипедшілер Одағы (УСИ) құрылды. Қазір оның 129 жуық мүшелері бар. Велосипед жарысы дүниежүзіндегі ең көп жарыс өткізілетін спорттың түрі.
Волейбол деген сөздің мағынасы ңұшатын допң. 1896 жылы волейбол ойыны көпшілік назарына ұсынылады. Ол 1897 жылы бұл ойынның ережесі жасалынады. Волейбол ойынының Еуропа мемлекеттеріне таралуы ХХ ғасырдан басталған. 1907 жылы Чехославакияда тұңғыш рет алғашқы жарыс ұйымдастырылды да, Франция, Румыния, Афганистан, Индия, Қытай, Корея, Жапония және Ресейде волейбол ойынын қалаушылардың арнайы клубтары ашылды. 1947 жылы халықаралық волейбол федерациясы (ФИВБ) ұйымдасты. Бұл ойыны бар болғаны 7 минутқа жалғасыпты, міне осы күннен бастап волейболға ңхалықтықң ойын деген атақ берілді дейді. Волейбол тарихын жазушы спорт маман Француздар Наполеонның заманында-ақ жастардан жасақталған гимнастикалық батальон ұйымдастырып, оларға табиғи француздық гимнастикалық сабақ беріпті. Гимнастикалық тәрбие мектебінің басшысы қызметін атқарған Француз әскерінің полковнигі Аллиарес деген болған. Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты- ер балаларды әскери мамандыққа баулу болып табылады.
Чехославакияда ңСұңқарлық гимнастикаң деген жаттығу түрі кең өріс алған. Мұның бастамашысы Прага университетінің профессоры эстетика маманы, доктор М. Прыш деген адам. Бұл гимнастика түрінің негізгі бағыты, гимнастикалық жабдықтарда әлдене спортшы бір кезеңде жаттығу жасап көрсетеді. Спорттың гимнастикадан алғашқы олимпиада чемпионы тәжін киген Николас Андриокапулас.
Ал, Англия мемлекетінде 1715 жылдан бастап елдің ең үздік ңҚайық айдаушысың жарысы күні бүгінге дейін өткізіліп тұрады екен. Ал индиялықтар 80-120 ескекшілер бар кемелер жасап, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін пайдаланыпты.
Осы кезеңнен бастап конькишілерге арналған арнайы өкшесіз ботинкаларда шығарыла бастады. 1892 жылдан бастап ағылшындар мен Нидерландықтардың ұсынысымен алғашқы халықаралық конькишілер одағы (ИЕУ) құрылды. Оның 45-ке жуық мүшелері бар. Норвегияның бұрынғы астанасы Христиании қаласында 1885 жылы атақты мұзбалақ конькишілер, Норвегиялық Паульсон мен Голландиялық Рвон дер Зее арасында дүниежүзінің біріншілігі үшін жарыс өтіп, жеңімпаз Норвегиялық Паульсон болыпты.
1912 жылы халықаралық теннис федерациясы (ИТФ) Париж қаласында құрылды. Теннис спортынан өткен алғашқы ең үлкен халықаралық жарыс Англияның Уимблдон қаласында 1877 жылы өткізілді. Стол теннисінен халықаралық федерация (ИТТФ) 1926 ұйымдастырылып, бұл ойын бұдан былай қарай ңСтол теннисің деп аталатын болды.
1905 жылдан халықаралық авиация федерациясы ұйымдастырылды, оның қазіргі кезеңде 91 мүшесі бар (ФАИ). Қазіргі кезеңде барлық ауаға көтеріліп ұшатын аппараттардан 600-ге жуық әлем рекордтары тіркелген.1898 жылы орыстың ауыр тас көтерумен машықтанушы спортшысы Г.Гоккеншидт еуропалық бір жарыста 3 жүлделі орынды иеленіпті. Ауыр атлеттер 1896 жылғы Афина қаласында өткен қазіргі Олимпиадалық ойындар бағдарламасына қосылып, бұл қазіргі күнге дейін жалғасып келеді. Алғашқы әлем біріншілігі 1888 жылы Вена қаласында өтіпті. Ал, 1920 жылдан бастап ауыр атлеттердің халықаралық федерациясы (ИВФЯ) құрылды. Оның 125 мүше мемлекеттері бар.
Футбол ойынының құдіретін төменгі цифралардан –ақ көруге болады. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 187 мемлекет болса, халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) 190-ға жуық мүше мемелекеттері бар.
Шахмат федерациясы (ФИДЕ) 1924 жылы ұйымдастырылды. Қазір оның 131 мүшесі бар.
Қазіргі допты хоккей спортының әлемдік деңгейге көтерілуіне елеулі үлес қосқан төрт мемлекет бар. Олар- бұрынғы КСРО, Швеция,Норвегия және Финляндия бұлар 1955 жылы халықаралық допты хоккей федерациясының (ИБФ) Стокгольмде ұйымдастырды.
Алғашқы 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігі 1957 жылы өткізілді.
КСРО 1953 жылдан бастап халықаралық федерацияға (ЛИХГ) мүше болып қабылданды.
Ал 1954 жылы бірінші рет әлем чемпионатына қатынасып, осы уақытқа дейін ешбір командаға дес бермей келе жатқан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет