2. Лекция тақырыбы: Әлеуметтік басқарудың теориялық негіздері.
Лекция жоспары: 1. Дене шынықтыру және спорт-әлеуметтік құрылым саласы ретінде сипаттамасы және оның қоғамдағы орны, дене шынықтыру және спорттың элементтері (құқықтық белгіленген мақсаттар әлеуметтік қызметтер, құрылым және т.б).
2. «Дене шынықтыру және спорт» және «Дене шынықтыру ұйымдары» түсініктерінің өзара байланысы. Дене шынықтырулы-спорттық ұйымдар, олардың түрлері және құқықтық жағдайы.
Лекция мазмұны: «Дене шынықтыру және спорт менеджменті» пәні, оны үйрену реті. Міндеттері, пәннің әдіснамалық негіздері мен зерттеу әдістері. Дене шынықтыру қызметкерлерінің практикалық қызметінде ұйымдастыру-басқару дайындығының маңызы. Қоғамдық ғылыми басқару деңгейін арттыру проблемалары. Түрлі қатарлы дене шынықтыру қызметкерлерін ұйымдастыру-басқару дайындығының мақсаты, міндеті және мазмұны.
ДШС менеджменті жүйесі
ДШС менеджментінің мақсаты
ДШС менеджментінің функциясы
ДШС менеджментінің принциптері
ДШС менеджментінің әдістері
ДШС менеджментінің функционалдық түрлілігі
Жүйе дегеніміз - өзара тәуелді және өзара байланысты бөліктердің біртұтас бірігуі. Кез келген жүйе екі негізгі сипаттамадан тұрады:
бүтіндігі: нақты өзіндік сипаты, қасиеті бар бөліктердің жиынтығы;
бөлінгіштігі: жүйе кіші жүйелерден тұрады.
Басқару жүйесі дегеніміз - басқару функцияларының іске асырылуы. Басқару жүйесінің моделі екі элементтің өзара байланысынан тұрады: объект және субъект. Объектке- жүйенің басқарушы бөлігі, субъектке- басқарылушы бөлігі жатады. Мысалы: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мұғалімдерді басқарушы субъект болса, директорға қатысты ол объект болады. ДТМС басқару жүйесіндегі субъектке жататындар: атқарушы орган, т.б. Объектке: әртүрлі деңгейдегі және сипаттағы ДШС ұйымдары жатады.
Басқару органдарының ДШС ұйымдарына әсер ету процесі нақты-уақытша сипатта және біршама шектелген болады. Мысалы: атқарушы органдар тек нақты территорияда орналасқан және өз құзыры шеңберінде ғана ДШС ұйымдарына әсер ете алады. Спорт түрлері бойынша федерациялар да өзіне қатысты спорт түрлеріне байланысты ұйымдарға әсер ете алады. Әсер етудегі мақсаттың, сонымен қатар басқару субъекті мен объекттің нақты сипатына да байланысты өзгешелігі болады. Егер Олимпиада Комитеті жоғары спорттық жетістіктерді дамыту саясатын қамтамасыз етеді, ал спорт түрі бойынша федерациялар спорттың нақты түрі бойынша барлық деңгейде, яғни жалпыдан ең жоғары спорттық жетістікке жеткізуді көздейді. ДШС менеджменті жүйесінде ұйымның басшысы субъект болып табылады, оның орынбасары немесе жекелеген бөлімше басшылары да субъект болып табылады. Ал объектісіне- ұйымның (бөлімшелердің) ұжымы немесе жекелеген орындаушылар жатады. Субъекттің объектке әсер етуі процесін шектеуші болып ДШ ұйымдары немесе оның ұйымдық-құқықтық формалары біліктілігі мен әртүрлі дәрежедегі басшылар мен орындаушы лары, сонымен қатар т.б. факторлар есептеле алады.
Әсер ету мақсаты нақты жағдайларға байланысты өзгеріп отырады: пайда алудан (коммерциялық ДШ ұйымдары) әлеуметтік миссияны орындағанға дейін (коммерциялық емес ДШ ұйымдары) болады.