Тыру мен спорт менеджменті


Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты материалды-техникалық қамтамасыз ету



бет16/19
Дата15.04.2023
өлшемі109,84 Kb.
#82701
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
12. Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты материалды-техникалық қамтамасыз ету.
Лекция жоспары:
1.Спорттық тағайындалған нысандарды, құрылыс тізімдерін бекіту мен капиталды салымдарды жоспарлаудың тәртібі. Спорттық ғимараттарды қаржыландырудың орталықтандырылмаған көздері есебінен салу.
2.Спорттық ғимараттарды салу нормалары мен ережелері. Спорттық ғимараттарды салуды жоспарлау мен құрылыста еңбек күзеті мен өрт қауіпсіздігін сақтауды талап ету (ескертулерді қадағалау). Спорттық тағайындауы бар жаңа және қалпына келтірілген нысандарды эксплуатацияға енгізу тәртібі. Тұрақты және уақытша спорттық базалар. Шағынаудандар мен тұрғын үй орындарына спорттық ғимараттарды салу мен оларды қолданысқа берудің тәртібі.
3.Спорттық ғимараттардың типтік штаттары. Спорттық ғимараттардың сынатын анықтау мен спорттық ғимараттарды қолданғаны үшін жалдау ақысының мөлшерін бекіту. Спорттық ғимараттарға кіру ақысының бағасын бекітудің ерекше жағдайлары.
Спорттық ғимараттарды табелді спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Нақты іс-шараға спорттық ғимараттың дайындығы жөніндегі актісі, оны құрудың тәртібі.
4.Спорт және туризм министрлігінің спорттық құрал-жабдықтарды бөлу мен сатуды ұйымдастыруға қатысуы. Спорттық құрал жабдықтарды сатып алу тәртібі. Спорттық құрал-жабдықтарды сақтау мен есепке алу. Спортшылар мен жаттықтырушыларды спорттық киіммен, арнайы аяқ киіммен және спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Спорттық мүлікті беру мен қайтару тәртібі. Спорттық мүлікті жоғалту немесе оған залал келтіргені үшін материалдық жауапкершілік. Спорттық құрал-жабдықтарды есептен шығару.
Лекция мазмұны:
1. Бастауыш мектепке қажет инвентарь.
2. Негізгі мектепке қажет инвентарь.
3. Орта мектепке қажет инвентарь.
4. Жалпы спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына қажет инвентарь.
1. Дене шынықтыру спорт ұйымдарының қызметін ұйымдастырудағы мамандандырылған құралдарға персоналдың қызмет барысында қолданатын материалдық-техникалық еңбек құралдары жатады, басқаша айтқанда- оқыту құралдары. Оқу-жаттықтыру процесін сапалы ұйымдастыру үшін білім беру мекемелеріндегі, қосымша білім беру мекемелеріндегі материалды- техникалық қамтамасыз етілуіне тәуелді. Дене шынықтыру саласы бойынша оқу инвентары мен құрал-жабдықтары номенклатурасын анықтау негізіне белгілі бір стандартқа сәйкестендіріліп анықталады. Ал, стандарттарда ең аз мазмұнды және бағдарлама үлгісі бастауыш, негізгі және орталау мектептерге арналып жасалған. Сонымен қатар, дене шынықтыру тәрбиесі жүйесіндегі негізгі принциптер- педагогикалық процесті оқушыларды жан-жақты, үйлесімді дамуына бағыттауға негізделген. Және қолданбалы дене шынықтыру мен еңбек, қорғаныс іскерлігіне, ден саулығын бекітіп, еңбекке қабілеттілігі деңгейін көтеруге бағытталады. Бұдан басқа гигиеналық талаптарды ескере отырып, дене шынықтыру жаттығуларын өткізуге және сыныптан тыс жалпыға арналған спорт пен дене шынықтыру жаттығуларын өткізуге арналған спорт пен дене шынықтыру сауықтыру іс-шараларын орындау. Оқу барысында оқушылардың қозғалысты ұйымдастыру және өз бетінше жаттығулар жасай алуына жағдайлар жасау.
Оқу құрал-жабдықтары мен дене шынықтыру мәдениеті инвентарінің тізімін бастауыш, негізгі және орта мектептерге арнап жасайды.
Бастауыш мектепке арналған дене шынықтыру мәдениеті бойынша оқу инвентарі мен құрал саймандары. Бұл дене шынықтыру қызметін жалпыға бірдей бағытталған бағыты бойынша бағдарламаға сәйкес орындалады.
Оқу тақырыбы: "Акробатика негізіндегі гимнастика" оған керек құрал-саймандар: бастауышқа арналған пәс бөрене (3 м), өрмелеуге арналған арқан (5 м, ақ түсті), гимнастикалық ешкі, паралонды мата (2х1х0,1 м), гиманстикалық серпілмелі көпір, швед сатысы, канатты жолға арналған ілінген снаряд, гимнастикалық стенка (2х1х0,8 м), ауыр доптар (1 кг, 2кг), гимнастикалық ағаш таяқ, пластмассалық гимнастикалық таяқтар (2 м), қатты гимнастикалық орындық, көркем гимнастикаға арналған доп, координация жасауға негізделген қаптар (толтырылған), 1 кассеталы колонкалы магнитафон.
Оқу тақырыбы: "Жеңіл атлетика" оған керек құрал-саймандар: паралонды мата (2х1х01 м), биіктікке секіруге арналған планка, биіктікке секіруге арналған стойка, толтырылған доп (1кг), отандық балалар скакалкалары, 1 кнопкалы секундомер, шаңғы мен жеңіл атлетикалық кроссқа арналған көкірек нөмірлері, белгілік жалаушалары, теннистік доптар, мәре лентасы, секіру мен лақтыруға арналған белгіленген жолдар, стратқа шығаратын пистолет, алғашқы көмек көрсететін аптечка.
Оқу тақырыбы: "Қозғалыс ойындары" оған керек құрал-саймандар: ойынға арналған ысқырық, балаларға арналған пластмассалық обручтар, ағаштан жасалған гимнастикалық таяқтар, пластмассалы гимнастикалық орындықтар (2м, 4м), 1 кнопкалы секундомер, балаларға арналған ағаш шаңғылар, балаларға арналған шаңғы таяқтары, шаңғыға арналған жұмсақ бекітпелер, нөмірленген ойынға арналған жейдешелер, белгілеуге арналған жалаушалар, волйбол доптары, теннис доптары, кегльдер, сүйемелденген белгі қоятын жалаушалар, белгі ретінде қолданылатын ленталар, ұзартылған және гимнастикалық скакалкалар, ойын инвентарына арналған қозғалмалы контейнер, ауыстырылатын табло.
Негізгі мектепке арналған дене шынықтыру мәдениеті оқу құрал жабдықтары мен инвентарлары. Дене шынықтыру қызметі жалпыға арналған қоданбалы бағыттағы бағдарлама бөліміне сәйкес жүргізіледі.
Оқу тақырыбы: "Акробатика негізіндегі гимнастика" оған керек құрал-саймандар: биік бөрене (5,2 м), бастауышқа арналған пәс бөрене (3 м), әйелдерге арналған брусья, ерлерге арналған брусья, өрмелеуге арналған арқан (5 м, ақ түсті), гимнастикалық ешкі және ат, паралонды мата (2х1х0,1 м), гиманстикалық серпілмелі көпір, балаларға арналған пластмассалы обручь, ағаштан жасалған гимнастикалық таяқтар, аспалы темір, арқан ілуге арналған аспалы құрал, аспалы универсальды тренажер-брусья, универсальды тренажерлік аспалы темір.
Оқу тақырыбы: "Жеңіл атлетика" оған керек құрал-саймандар: жеңіл атлетикаға арналған кедергілер, секіру мен лақтыруға арналған белгіленген жолдар, теннистік доптар, биіктікке секіруге арналған планка, 1 кнопкалы секундомер, биіктікке секіруге арналған стойка, финиш лентасы, паралонды мата (2х1х0,1 м).
Оқу тақырыбы: "Туризм" оған керек құрал-саймандар: рюкзак, туристік палатка, туристік комплект.
"Дене шынықтыру қызметі спорттық-рекреационды бағытталған" бағдарлама бөлімі.
Оқу тақырыбы: "Акробатика негізіндегі гимнастика" оған керек құрал-саймандар: биік гимнастикалық ешкі және ат, гимнастикалық кольцо, паралонды мата (2х1х0,1 м), балаларға арналған пластмассалы обручь, ағаштан жасалған гимнастикалық таяқтар, аспалы темір, арқан ілуге арналған аспалы құрал, аспалы универсальды тренажер-брусья, универсальды тренажерлік аспалы темір, биік ағаш (5,2 м), ерлер мен әйелдерге арналған брусья.
Оқу тақырыбы: "Жеңіл атлетика" оған керек құрал-саймандар: секіру мен лақтыруға арналған белгіленген жолдар, биіктікке секіруге арналған стойка, эстафеталық таяқ, жеңіл атлетикалық ядро (5,5 кг), биіктікке секіруге арналған планка, финиш лентасы, паралонды мата (2х1х0,1 м), жеңіл атлетикалық кедергілер.
Оқу тақырыбы: "Футбол" оған керек құрал-саймандар: паралонды мата (2х1х0,1 м), мини футболға арналған қақпа, футболға арналған доптар; ойын ысқырығы, сетка мен қорғалған қабырғалық сағат, 1 кнопкалы секундомер, қақпаға арналған сетка, ауыспалы табло, белгілеуге арналған жалаулар.
Оқу тақырыбы: "Жүзу" оған керек құрал-саймандар: ойын ысқырығы, сеткамен қорғалған қабырғалық секундомер, 1 кнопкалы секундомер.
Орта мектепке арналған дене шынықтыру мәдениеті оқу құрал жабдықтары мен инвентарлары. Дене шынықтыру қызметі кәсіби- қоданбалы бағытталған бағдарлама бөліміне сәйкес жүргізіледі.
Оқу тақырыбы: "Акробатика негізіндегі гимнастика" оған керек құрал-саймандар: арқан ілуге арналған аспалы құрал, ерлер мен әйелдерге арналған брусья, гимнастикалық ат, паралонды мата (2х1х0,1 м), гимнастикалық мостик (подкидной), гимнастикалық стенка (2,4х0,8 м), аспалы универсальды тренажер-брусья, биік ағаш (5,2 м).
Оқу тақырыбы: "Жеңіл атлетика" оған керек құрал-саймандар: секіру мен лақтыруға арналған белгіленген жолдар, биіктікке секіруге арналған стойка, эстафеталық таяқ, жеңіл атлетикалық ядро (5,5 кг), биіктікке секіруге арналған планка, финиш лентасы, паралонды мата (2х1х0,1 м), жеңіл атлетикалық кедергілер, 1 кнопкалы секундомер.
"Дене шынықтыру қызметі сауықтыру-корригирубщая бағытталған" бағдарлама бөлімі.
Оқу тақырыбы: "Атлетикалық гимнастика" оған керек құрал-саймандар: штанга мен гантельдер дискілеріне арналған горка, атлетикалық орындықтар, гимнастикалық стенка (2,4х0,8 м), штангаға арналған стойка, универсальды тренажерлік аспалы темір және брусья, еңіс тренажер- тақта, жаттықтыруға арналған штангалар (45кг, 101,5 кг), құйылған гантел (2 кг, 3 кг, 4 кг), бөлшектенетін гантель 20 кг, паралонды мата (2х1х0,1 м)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет