Тыру мен спорт менеджменті


Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру мен спорт саласындағы жүзеге асырылуды бақылау мен тексеру



бет13/19
Дата15.04.2023
өлшемі109,84 Kb.
#82701
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Тыру мен спорт менеджменті

9. Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру мен спорт саласындағы жүзеге асырылуды бақылау мен тексеру
Лекция жоспары:
1. Бақылау түсінігі мен мәні. Бақылау – басқарудың негізгі қызметі ретінде. Жүзеге асыруды бақылау мен тексерудің қағидаттары.
2. Қазақстан Республикасы бақылау органдарының жүйесі. Жүзеге асыруды бақылау мен тексеру бойынша ҚР – нің спорт комитетінің жұмысының мазмұны.
3. Бақылау түрлері. Жүзеге асыруды бақылау мен тексеру жолдары мен әдістері. Инспекциялаудың негізгі кезеңдері, инспекциялаудың түрлері мен олардың ерекшекліктері. Бақылау түрлері.
4. Тексеріс түрлері. Тексеріс нәтижелерін рәсімдеу. Тексеріс жайлы анықтама.
Лекция мазмұны:
1. Есепке алу мен есеп беру
2. Дене шынықтыру және спортты қаржыландыру
3. Дене шынықтыру мен спортты материалдық-техникалық жабдықтау
Бақылау түсінігі мен маңызы. Бақылау – басқарудың негізгі бір түрі. Бақылаудың принциптері мен орындаудың тексерілуі.
Қазақстан Республикасы бақылау органдарының жүйесі. Қазақстан Республикасының туризм және спорт Агенттігінің бақылауды іске асыру мен орындауды тексеру бойынша жұмыс мазмұны. Бақылау түрлері.
Бақылау түрлері мен әдістері және тексерудің орындалуы. Инспекторлық тексерудің негізгі кезеңдері, тексеру түрлері мен олардың ерекшеліктері. Тексеру типтері.
Тексеру нәтижелерін ресмилендіру. Тексеру туралы анықтама.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы есепке алу мен есеп беру. Дене шынықтыру және спорттық ұйымдарда мемлекеттік есепке алу мен есеп беруді ұйымдастыру.
Дене шынықтыру ұйымдарының қызметіндегі статистиканың ролі. Статистика мен сесептің органикалық байланысы. Дене шынықтыру және спорт бойынша есепке алу жұмысы мен есеп берудің жүйесі. Есеп алудың негізгі түрлері.
Алғашқы және жетекші дене шынықтыру ұйымдардың есеп құжатнамаларының түрлері. Дене шынықтыру ұжымындағы бірыңғай есеп түрі. Есеп құжатнамасындағы мәліметтер, оның ресмилендірілу реті.
Мемлекеттік статистикалық есеп беру түрлері, есеп беру бойынша негізгі талаптар. Дене шынықтыру мен спорттық ұйымдардың қызметін талдау, есеп алу және есеп беру мәліметтерін жалпылау.
Дене шынықтыру және спорт ұйымдарында мемлекеттік тілде іс жүргізуді ұйымдастыру. Іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу реті. Айналымдағы негізгі құжаттар. Оларды қарастыру реті.
Құжат түріне, мазмұндау стиліне, құрылымына қойылатын негізгі талаптар. Мұрағат (архив) жүргізу. Спорттық разрядтар, атақтар мен т.с.с. ие болуға арналған құжаттарды ресмилендіру.
Дене шынықтыру және спортты қаржыландырудың мазмұны, ролі. Дене шынықтыру көпшілік және спорттық жұмыстарды қаржыландыру жүйесі.
Дене шынықтыру және спортты қаржыландыру көздері. Мемлекеттік бюджет түсінігі мен құрылымы. Бюджеттік реттеу. Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі. Бюджеттік топтастыру. Дене шынықтыру және спорт дамуын ассигнациялау. Дене шынықтыру және спорт дамуына тура және жанама қаржы жұмсау.
Кәсіподақ бюджеті, басқа қоғамдық ұйымдардың бюджеті, оларды топтастыру. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының коммерциялық қызметі. Дене шынықтыру және спортты қаржыландырудың жаңа түрлері. Спорттық инвентарьлар мен жабдықтарды сатудан түскен қаржылар. Демеушілердің қаржыларын пайдалану реті. Азаматтардың жеке қаржылары.
Дене шынықтыру ұйымдарының қаржылық жоспарлары. Шығындар сметасы – қаржыларды бөлудің негізгі жоспарлық құжаты. Спорттық шараларды өткізуге қаржы шығындаудың нормативтері. Алдын ала есеп беру мен оны құрастыру реті.
Спорттық ұйымдар қызметін қаржылық бақылау. Еңбекшілер арасында сауықтыру, дене шынықтыру және спорт жұмыстарын жүргізуге арналған ғимараттар мен спорттық құрылыстарды кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға ұсыну тәртібі.
Дене шынықтыру қызметкерлері еңбегінің ерекшеліктері. Дене шынықтыру қызметкерлері еңбегін нормалау, дене шынықтыру қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу.
Капитал қаржыландыруды жоспарлау реті мен спорттық қолданыстағы объектілер құру тізімін бекіту. Спорттық құрылыстар салуда орталықтандырылмаған қаржы көздерінің есебін пайдалану. Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі талаптарының спорттық құрылыстардың жобалануындағы көрініс (ескертпелі бақылау). Спорттық қолданыстағы жаңа және реконструкцияланған объектілерді іске енгізу пайдалануға беру реті.
Тұрақты және уақытша спорттық базалар. Шағын аудандар мен тұрғын массивтерінде спорттық құрылыстарды пайдалануға беру мен құрылыс салу реті.
Спорттық құрылыстардың типтік штаттары. Спорт жабдықтар сыныбы мен спорттық жабдықтарын пайдалануда жалдау ақысының құнын бекіту. Спорттық жабдықтарын жабдықтау нормативтері арқылы табельдік спорт инвентарьлары мен құралдарды пайдалану. Нақты іс-шараға спорттық құрылыстары әзірлеу актісі, оны жасау реті.
ТСМ-нің спорттық инвентарь жабдықтарды өндіруді, бөлуді және сатуды ұйымдастыруға қатысуы. Спорттық инвентарь мен жабдықтарды алу реті. Спорттық инвентарьды сақтау мен есептеу. Спортшылар мен жаттықтырушыларды спорттық форма, арнайы аяқ киім және спорттық инвентарьмен қамтамасыз ету. Спорттық мүлікті беру мен қайтару реті.
Спорттық мүліктің жоғалуы мен зиян келуіне деген материалдық жауапкершілік. Спорттық инвентарьды тізімнен шығару.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет