Тыру мен спорт менеджменті


Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру мен спорт менеджментін басқару әдістері



бет18/19
Дата15.04.2023
өлшемі109,84 Kb.
#82701
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Тыру мен спорт менеджменті

14. Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру мен спорт менеджментін басқару әдістері.
Лекция жоспары:
1. Басқарудың түсінігі мен жүктемесі, әдістері. Басқарудың жалпы және жеке әдістері. Сендіру мен мәжбүрлеу басқарудың жалпы, әмбебап әдістері ретінде, олардың сипаттамасы.
2. Әкімшілік құқықтық әдіс және оның дене шынықтыру мен спортты басқаруда көрініс табуы. Әкімшілік-құқықтық әдістің мәні мен сипаттамасы.
3. Дене шынықтыру мен спортты басқарудың ұйымдастырушылық әдісі. Басқарудың ұйымдастырушылық әдісінің көрініс табу жолдарының сипаттамасы. Дене шынықтыру мен спортты басқару органдары жұмысының стилін жетілдіру.
4. Басқарудың стилі мен мәдениеті. Басқару аппараты қызметкерлерінің жұмыс атқарушылық тәртібін күшейту. Қызмет этикасының мәселері. Ұжымда материалды-психологиялық климатты құру.
Басқарудың құқықтық түрлері. Басқарушылық қызметтің түсінігі мен түрлерінің жіктемесі. Нормативті актілерді шығару – дене шынықтыру мен спортты басқару органдарының шешімдерін жүзеге асыру қызметінің арнайы жолы. Басқару актілері жүйесіндегі мемлекеттік шешімдер. ҚР-ның өнер және спорт министірлігінің заңды қызметі мен құқығы. Спорттық қарым-қатынастарды шектеу. Спорт саласында құқықтың күзетші қызметі. Денсаулыққа зиян келтіретін дене жаттығуларын ұйымдастыруға тыйым салу.
Дене шынықтыру мен заңдар жүйесі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында, заңдарында, үкімдерінде, ҚР Президенті мен Үкіметінің қаулыларында қаралатын дене шынықтыру мен спорт мәселелері.
ҚР-ның дене шынықтыру және спорт Комитетінің актілері, олардың сипаттамасы. Дене шынықтыру мен спорт мәселелері бойынша мемлекеттік биліктің жергілікті органдары мен мемлекеттік басқару органдарының актілері.
Лекция мазмұны:
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық ұйымдар түсінігі
2. Жоспарды орындауды ұйымдастыру.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық ұйымдар түсінігі мен топтастыру. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық ұйымдардың міндеттері, қызметі мен өкілеті. Жастар ұйымдарының дене шынықтыру және спортты дамытуға, дене шынықтырушылар мен спортшылардың адамгершілік тәрбиесіне қатысуы. ТСМ-ның өзара әсері.
Еңбекшілер арасында дене шынықтыру – көпшілік, спорттық және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудығы кәсіподақтардың ролі. Кәсіподақтар жүйесінде дене шынықтыру және спортты басқару. Ведомстволық ерікті қоғамдар. Ведомстволық БСҚ-ның айыру белгілері.
Қорғаныс Министрлігі Жүйесінің спорт клубтары. «Отан», «Жүргізушілер Одағы» қоғамдары жұмысының міндеттері мен мазмұны.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың дене тәрбиесі туралы ережелер. Оқушылар арасында көпшілік дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары. Кәсіптік-техникалық училище оқушыларының дене тәрбиесі.
Дене тәрбиесінің міндеттері мен түрлері. Студент жастарының дене тәрбиесінің түрлері мен оның қамтамасыздығы. Студенттердің дене тәрбиесін ұйымдастыру.
Кәсіпорындар мен мекемелерде, жергілікті тұрғын орындарда, спорттық құрылыстар, көпшілік демалысы мен санаторияларда дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру.
Балалар мен жеткіншектердің спорттық мектептері, олимпиадалық резервтерінің арнайы балалар мен жеткіншектерге арналған спорт мектептерінің, жоғарғы спорттық шеберлік мекетептерінің, олимпиадалық дайындау орталықтарының, олимпиадалық резервтер дайындауды ұйымдастыру жұмыстарының жалпы сипаттамасы.
Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру. Оқу-жаттығу жұмыстарының тәртібі. БЖСМ туралы ереже.
Дене шынықтыру-сауықтыру комбинаттары мен мәдени-спорттық кешендер. Жұмыстың міндеттері, құрылымы мен мазмұны. ДШСК мен МСК-лардың нормативті негіздері.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы коммерциялық ұйымдар.
Жоспарлау - дене шынықтыру және спортты басқарудың негізгі түрінің бірі. Дене шынықтыру және спорт дамуын болжау мен жоспарлау принциптері мен негізгі міндеттері.
Жоспар түрлері мен жоспарлық көрсеткіштер. Келешек және ағымдық жоспарларда жасау мен бекіту реті. Дене шынықтыру және спорт дамуын жоспарлауды қолданылатын нормативтер. Көпшілік дене шынықтыру қозғалысын спорт түрі мен спорттық шеберлігін, ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру, штаттық және қоғамдық дене шынықтыру мамандарының санын арттыру, жоспарланған дене шынықтыру және спорт шараларын, спорттық тауарлар мен жабдықтар өндіру мен сатуды, спорттық құрылыстары қаржыландыруды, дене шынықтыру және спортты, халықаралық спорттық байланыстардың дамуын насихаттауды жоспарлау ерекшеліктері.
Жоспарды орындауды ұйымдастыру. Бекітілген жоспарларға өзгерістер енгізу реті. Дене шынықтыру қозғалысының алғашқы буындарында жоспарлаудың негізгі құжаттары.
Дене шынықтыру мамандарын дайындау мен біліктілігін арттыру жүйесі. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерінің еңбектерін қолдану аясы. Дене шынықтыру мамандарын іріктеу мен орналастыру. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың дене шынықтыру мамандарын іріктеу мен орналастыруды басқаруға қатысуы.
Жоғарғы білікті дене шынықтыру мамандарын дайындау жүйесі.
Орта білікті дене шынықтыру мамандарын дайындау жүйесі.
Қоғамдық дене шынықтыру мамандарын дайындау.
Ғылыми-педагогикалық дене шынықтыру мамандарын дайындауды ұйымдастыру. Дене шынықтыру мамандарын дайындауды ұйымдастыру. Дене шынықтыру мамандарын іріктеуді ұйымдастырудың құқықтық негіздері. Әкімшілік-басқару аппараты лауазымдарының номенклатурасы.
Дене шынықтыру және спорттың түрлі ұйымдық типтері, оқу орындары мен кәсіпорындардағы қызмет міндеттерін реттеу. Дене шынықтыру қызметкерлерінің жалпы және арнайы міндеттері. Дене шынықтыру және спорт мамандарының жұмыс уақытының тәртібі. Педагогикалық (оқу-жаттығу) жүктемелерді жоспарлау мен есепке алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет