Лекция жоспары: 1. Дене шынықтыру саласы мамандарын даярлау мен дәрежелерін көтеру жүйесі. Дене шынықтыру мен спорттағы қызметкерлерінің жұмысын қолдану аясы. Дене шынықтыру мамандарын іріктеу мен тағайындау. Дене шынықтыру басшы мамандарын бағалау критерийлері. Дене шынықтыру мамандарын іріктеу мен тағайындауға мемлекеттік және қоғамдық басқару органдарының қатысуы.
2. Жоғарғы білікті дене шынықтыру мамандарын даярлау жүйесі. Орта дәрежелі дене шынықтыру мамандарын даярлау жүйесі. Қоғамдық дене шынықтыру мамандарын даярлау.
3. Дене шынықтыру мамандарын ғылыми-педогогикалық даярлауды ұйымдастыру.
4. Дене шынықтыру мамандарын іріктеудің ұйымдастырушы-құқықтық жолдары. Әкімшілік-басқарушылық аппарат қызметінің номенклатурасы. Түрлі ұйымдардағы, оқу мекемелеріндегі, өндірістердегі дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерінің міндеттерін реттеу. Дене шынықтыру мен спорт саласы мамандарының жұмыс уақыты тәртібі. Педагогикалық жүктемені (оқу-тәжірбиелік) жоспарлау мен есепке алу.
Лекция мазмұны: Басқару теориясының негізгі ұғымдары
2. Дене шынықтыру және спортты басқару жүйесі
Дене шынықтыру және спорт әлеуметтік-мәдени құрылыс саласы ретінде. Тұрғындардың дене тәрбиесі – мемлекеттің қамқорлығында. Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген азаматтардың дене шынықтыру, спорт және туризммен шұғылдану құқықтары.
Дене шынықтыру және спорттың сипаттамасы және оның қоғам өміріндегі орны, дене шынықтыру мен спорт элементтері (нормативті белгіленген мақсаттар, әлеуметтік қызметтер, құрылым және т.б.).
«Дене шынықтыру және спорт» және «дене шынықтыру қозғалысы» ұғымдарының өзара қатынасы.
Дене шынықтыру-спорттық ұйымдар. Олардың түрлері мен құқықтық жағдайы.
Әлеуметтік басқарудың сипаттамасы, әлеуметтік басқару сипаты мен қолданылуы. Кибернетика мен спортты басқарудың ғылыми негізі.
2. Әлеуметтік басқару теориясының құрылымы мен негізгі ұғымдары. Өзін-өзі басқару жүйелері туралы түсінік. Басқару қызметі, принциптері мен әдістері. Басқару циклі және оның сатылары. Басқару циклі сатыларының негізгі басқару қызметімен дара байланысы. Басқара әсер етуінің мәні. Дене шынықтыру және спортты басқару сипаттамасы әлеуметтік басқарудың өзіндік саласы ретінде. Дене шынықтыру және спортты мемлекеттік және қоғамдық басқарудың ара қатынасы.
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты басқару жүйелерін қайта ұйымдастыру. Дене шынықтыру және спортты басқару жүйелерінің негізгі буындары: дене шынықтыру және спорт өзіндік, салыстырмалы түрдегі жеке сала, мемлекеттік және қоғамық басқару органдары.
Дене шынықтыру және спортты басқару аппаратын қалыптастыру. Дене шынықтыру және спортты басқару органдарының қызметтік және салалық бастауларындағы құрылысы мен қызметі.
Дене шынықтыру және спорт жүйелерінің буындары арасындағы қатынастарды нормативті тұрғыда реттеу.
Мемлекеттік орган түсінігі мен құқықтық жағдайы. Мемлекетті басқару мәні. Мемлекеттік билік органдары мемлекеттік басқару органдарының құзырлылығын шектеу арасы.
Дене шынықтыру және спортты мемлекеттік басқару органдарын классификациялау.
Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігі (ТСМ). ТСМ мен оның жергілікті жерлеріндегі органдарының құзырлылығының ерекшеліктері. ТСМ -нің мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара қатынасының сипаты мен түрі негізінде жекелеген азаматтардың дене тәрбиесін іске асыру.
Дене шынықтыру және спортты мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдарының өзара қатынасының негіздері. Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігінің құрылымы.
Салалық министрліктер мен ведомстволадардың өз жүйелерінде дене шынықтыру және спортты дамыту мен басқаруына арналған қызметі.