Басқарудың құқықтық факторлары 1.Басқару қызметі түрлерінің түсінігі мен классификациясы
2.Нормативті актілерді шығару – дене шынықтыру және спортты басқару органдарының орындаудағы бөлуші арнайы түрі
Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі жүйесінің негіздері Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.
Әлеуметтік-экономикалық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамымыздың басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерімен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті негізі - дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске керектігінде. Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі – адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.
Заң-құқықтық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі өз жұмысын бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді. Ол Ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.
Еліміз егемендігін алған кезеңнен бері дене тәрбиесі мен спортты дамыту туралы көптеген заңдар, қарарлар қабылданды. Олар:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылы шілде айының 6-жұлдызында қабылданған № 389 – 1 «Білім туралы» заңы.
2. Қазақстан Үкіметінің 1999 жылы желтоқсан айының 2-жұлдызында қабылданған «Дене шынықтыру және спорт» туралы заңы.
3. «Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2005-2011 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы».
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №148 бұйрығымен 11.03.2003 ж. бекітілген «Дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламасы».
Дене тәрбиесі жүйесі ғылыми-әдістемелік негізде құрылады. Оның барлық теориялық және іс-тәжірибиелік жұмыстары ғылыми түрде негізделген.
Дене тәрбиесі жүйесінің құрылу және даму заңдылықтарын қоғамдық, педогогикалық-психологиялық, әдістемелік-биологиялық ілімдер (дене мәдениеті тарихы, әлеуметтік спорт, гигиена, физиология, спорттық медицина т.б.), спорттық-педагогикалық пәндер (жеңіл атлетика, шаңғы спорты, гимнастика т.б.) зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орынды дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні алады.
Дене тәрбиесі жүйесінің бағдарлама-нормативтік негізіне жататындар:
1. Дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламасы.
2. Президенттік сынама.
3. Мемлекеттік спорттық классификация.