5. Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру мен спортты менеджментінің қоғамдық органдары. Лекция жоспары: 1. Дене шынықтыру мен спорт саласында қоғамдық ұйымдардың түсінігі мен жүктемесі. Дене шынықтыру мен спортсаласында азаматтардың қоғамдық ұйымдарының міндеттері, қызметтері және құзіреттіліктері.
2. Еңбеккерлер арасында бұқаралық дене шынықтыру, спорттық және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудағы кәсіподақтардың рөлі. Кәсіподақтар жүйесіндегі дене шынықтыру мен спорт менеджменті.
3. Қорғаныс Министірлігі жүйесінің спорттық клубтары. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы коммерциялық құрылымдар.
Лекция мазмұны: Дене тәрбиесі мұғалімінің қызметі.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының ролі.
Дене тәрбиесіндегі экономикалық мәселелер.
1. Оқу бағдарламасының орындалуы үшін дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қажетті білімдерді, шеберліктер мен дағдыларды меңгеруі үшін жауап береді. Сондықтан дене тәрбиесі жөніндегі сабақтар мен сыныптан тыс сабақтар спорт зақымдары мен қайғылы оқиғалардың сақтандыратын санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқу мен тәрбиенің өмірмен байланысы принципін жүзеге асырады. Гигиеналық білімдер негізінде адам организмінің функционалдық мүмкіндіктері туралы қажетті мағлұматтарды ашып көрсетеді, оны әрдайым сау қалпында сақтау шеберлігін қалыптастырады.
Оқушыларға жүйелі түрде тиісті үй тапсырмаларын береді, бұлардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Денсаулығына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушылармен сабақ өткізеді. Жылына кем дегенде екі рет сынақ жаттығуларын өткізу жолымен оқушылардың дене шынықтыру дайындығын есепке алуды жүйелі түрде жүргізеді. Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің теориясы мен тәсілдемесінің осы заманғы талаптарына сай келетін ұйымдастыру тәсілдерін, әдістерін және түрлерін қолданады. Оқушыларды қозғалыс дағдыларымен бірге организмнің жұмыс қабілетін сақтауға үйлесімін дене шынықтыру жаттығулары сабақтарының гигиенасы туралы білім салаларын дамытуды, алғашқы медициналық жәрдем көрсету құралдарын пайдалана білу шеберлігін қалыптастырады. Дене шынықтыру үйірмелеріне ОФИ топтарына спорт пен туризм түрлері жөніндегі секцияларға, сондай-ақ түрлі бұқаралық- спорт жұмысын ұйымдастырады. Мектептің дене шынықтыру активін қатыстыра отырып, ұзартылған күн топтарының тәрбиеленушілеріне оқушылармен ден тәрбиесі сабақтарын өткізуде ұйымдастыру және тәсілдеме жағынан көмек көрсетеді.
Дене тәрбиесі мектеп ұжымының жұмысын бағыштайды. Сондай-ақ оқушылар есебінен қоғамдық нұсқаушылар мен төрешілер дайындап, оларды қол жетерлік түрде мектептегі түрлі дене шынықтыру-сауықтыру сабақтары мен шараларға қатыстырады. Мектеп ішілік жарыстар мен дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастырады. Оқушыларды мектептен тыс жарыстарға дайындауда тиісті жұмыс жүргізеді. Осы мектептің оқушылары шұғылданатын спорт ұйымдарымен және мектептен ыс мекемелермен қатынас орнатады. Жүзе білмейтіндердің есебін жүргізіп, қамқоршы ұйымдардың, ата-аналардың жәрдемімен оларды жүзуге үйретеді. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері оқушылардың күн тәртібі мен жеке гигиена ережелерін сақтауына қол жеткізеді, мектеп күні шеңберінде дене шынықтыру-сауықтыру шараларын, денсаулық пен спорт күндерін бұқаралық мектеп ішілік жарыстарды өткізуге қатысады. Оқушыларды спорт секцияларына, үйірмелерге тартуға ықпал жасайды. Барлық сабақтарда гигиена талаптарының, әдеп ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың дене бітімінің дұрыстығын қадағалайды.
Ұзартылған күн тобының тәрбиешісі қимыл ойындарымен дене шынықтыру жаттығуларын пайдалана отырып, күн сайынғы дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастырады. Оқушылардың мектептен тыс дене тәрбиесін мектептен тыс мекемелер: дене шынықтыру дайындығының балалар мен жасөспірімдер клубтары, туристік станциялар, оқушылар Үйлері мен Сарайлары және басқалары жүзеге асырады. Бұлар осы мекемелер жөніндегі Ережелер негізінде жұмыс істейді. Оқушылардың жанұядағы дене тәрбиесін ата-аналар мынадай шарттардың орыналуына тұрақты және белсенді түрде ықпал ету жолымен жүзеге асырады: күн тәртібінің, жеке гигиена, шынығу ережелерін сақтауы, таңертеңгілік гимнастиканың күн сайын орындалуы, дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі шұғылдану дағдысын тәрбиелеу, дене тәрбиесі мұғалімі тапсырмаларының орындалуын бақылау, алуан түрлі қимыл және спорт ойындарын, әсіресе денсаулықты нығайтуға септігін тигізетін ойындарды, жүзуді және басқа құралдарды көтермелеу.
2. Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:
Дене тәрбиесі сабақтарында оқу бағдарламалары мен өткізілетін сабақтардың сапасы үшін, олардың жоғары тығыздығы үшін, оқушыларды дене шынықтыру жаттығуларын өздігінен орындауға машықтандыратын дағдыларды бойға сіңіретін дәйекті бағытты қамтамасыз ету үшін жауап береді;
Мектеп педагогтарының пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың денсаулығын нығайтуға байланысты оларды қалыптастыру жөніндегі қызметін үйлестіріп отырады;
Балалармен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысының педагог-ұйымдастырушысы:
Сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының ұйымдастырылуы мен өткізілуі үшін жауап береді;
Дене тәрбиесі ұжымын ұйымдастыруға және оның жұмысына қатысады, бұл үшін бүкіл педагогтық ұжымды, оқушылар мен контингентін тартады. Сондай-ақ мектеп күні шеңберінде дене шынықтыру-сауықтыру шараларын ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетеді;
Мектепте де, сондай-ақ оқушылардың тұрғылықты жерінде де бұқаралық спорт және сауықтыру жұмысын өткізуге қамқоршы ұйымдарды, ата-аналарды, жоғары сынып оқушыларын тартады;
Оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер арасында дене тәрбиесі мен спортты насихаттауды және үгіттеуді ұйымдастырады;
Оқушылардың, ата-аналар мен педагогтардың тілегіне орай ақылы және шаруашылық есеп негізінде дене шынықтыру-сауықтыру қызметін ұйымдастырады.