Тыру мен спорт менеджменті


Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру және спорт менеджментінің мемлекеттік органдары



бет5/19
Дата15.04.2023
өлшемі109,84 Kb.
#82701
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
4. Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру және спорт менеджментінің мемлекеттік органдары.
Лекция жоспары:
1.Мемлекеттік органның түсінігі мен құқықтық нормалары. Мемлекеттік басқарудың мәні. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарының құзыреттіліктерін ажырату.
Дене шынықтыру мен спортты мемлекеттік басқару органдарының жіктемесі.
2. Қазақстан республикасының өнер және спорт министірлігінің жүйесі. ҚР ның өнер және спорт министірлігі құзіреттіліктерінің және жергілікті жерлердегі органдарының ерекшелігі. Азаматтардың ерекше категорияларында дене шынықтыруды жүзеге асыратын ҚР-нің өнер және спорт министірлігінің мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен қатынасының сипаты мен формасы.
3.Дене шынықтыру мен спортты мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдар арасындағы қарым-қатынастарының негіздері. ҚР туризм және спорт министірлігі аппаратының құрылымы.
4. Өз жүйелерінде дене шынықтыру мен спортты басқару және дамуы бойынша салалық министірліктердің және ведомстволардың қызметі.
Лекция мазмұны:
1. Дене шынықтыру- спорт ұйымдарының мәні және олардың жіктелуі.
2. Дене шынықтыру- спорт ұйымдарының ұйымдық-құқықтық үлгілері.
3. Дене шынықтыру- спорт ұйымдарының менеджментінің құрылымы.
1. ДШ ұйымы дегеніміз- белгілі бір мақсатқа жету үшін еңбек бөлінісі негізінде иерархиялық құрылым және міндеттердің шектеулілігі белгілі бір міндеттерді шешуге біріккен адамдар жиыны. ДШС ұйымдары спорт саласындағы адамдардың әртүрлі қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылады. Оның әртүрлі мақсаты, өлшемі, құрылымы және т.б. сипаттамалары бар. Мысалы: 2000 ж. Ресейде 100 мың түрлі ДШС ұйымдары тіркелген. Қазіргі жағдайда ДШС ашық жүйе ретінде қызмет ету тән. Өйткені олар сыртқы ортадан қаржылай материалды-техникалық, адами, ақпараттық және т.б. ресурстар алады. Олардың қызмет етуі сыртқы ортадан келетін клиенттерге тәуелді. Кез келген ДШС ұйым ашық жүйе ретінде негізгі екі қасиетке ие- шекара және қоршаған орта. Мысалы: ДШС ғимараттарының шекарасы оның орналасқан орны, құрамындағы объектілерге және қосымша бөлмелер және көрермен орындарымен шектеледі., т.б. Ал, шекарадан тыс болғанның бәрі ДШС ұйымдары үшін қоршаған орта болып табылады. Олар:

  • Саяси орталар (Конституция, заң, меншік формалары, саяси тұрақтылық, т. б.)

  • әлеуметтік орта (әлеуметтік және этикалық нормалар, т.б.)

  • экономикалық орта (өмір сүру деңгейі, капитал, жеткізушілер, тұтынушылар, коньюктура, баға, т.б.)

  • ресурстық орта (жұмысшы күші, табиғи ресурстар, инфрақұрылым, территориялық жағдай, т.б.)

  • технологиялық орта (ғылым жетістігі, технология, т.б.)

ДШС ұйымдарының құқықтық негізіне ҚР "Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт туралы" Заңы (2.12.1999 ж) жәнеКонституция (44 бап) жатады. Сонымен қатар, ДШ ұйымы мемлекеттік тіркелуден заңды тұлға ретінде өткеннен кейін іс жүргізе алады. Заңды тұлға дегеніміз- меншігінде шаруашылық жүргізетін мүлкі болуы керек және ол мүлікке міндеттемені мойнына алады. Сонымен қатар, өз бетінше сатып алу жүргізеді және мүлікті, жеке мүліксіз құқыққа ие, сотта жауапкер мен шағымданушы бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның жеке балансы мен сметасы болады. ДШС ұйымдарының әртүрлі жиынтығы әрқилы негіздемелерге байланысты келесідей жіктеледі:

  1. Өлшеміне байланысты

    • Кіші ( персонал 50 адамнан аспайды, жарғылық қордың 25% мемлекеттік болады).

    • Орта (100-300 дейін адам)

    • Ірі (300 ден жоғары адам)

  2. Меншік түрі мен формасына байланысты ДШС ұйымдары:

    • Мемлекеттік (мемлекеттік, ҚР субъектілерінің меншігі)

    • Муниципалды (аудандық, қалалық, поселкелік, т.б.)

    • Жеке (кәсіпорын меншігі, тұлға меншігі)

    • Қоғамдық бірлестік меншігі (қоғамдық ұйымдар, т.б.)

  3. Пайда алу көзіне байланысты ДШС ұйымдары:

    • Коммерциялық (пайда алып, қатысушылар бөліседі)

    • Коммерциялық емес (пайда алуды көздемейді, қатысушыларға таратылмайды, бірақ кәсіпкерлік қызмет арқылы мақсатына жетуіне болады).

    1. ДШС ұйымдары коммерциялық және коммерциялық емес қызметтері әртүрлі ұйымдық-құқықтық формада жүзеге асырылуына болады:

  1. Коммерциялық ұйымдар

    1. Серіктестік шаруашылық

      1. Толық серіктестік

      2. Сенімділік негізіндегі серіктестік (коммандиттік серіктестік)

    2. Қоғамдық шаруашылық

1.2.1.Жауапкершілігі шектеулі шаруашылық
1.2.2. Қосымша жауапкершілігі бар бірлестік
1.2.3. Акционерлік қоғамдар
1.2.3.1. Ашық акционрелік қоғамдар
1.2.3.2. Жабық акционерлік қоғамдар
1.3. Тәуелді және қоластындағы қауымдастық
1.3.1. Қоластындағы (дочернее) қауымдастық
1.3.2. Тәуелді шаруашылық қауымдастық
1.4. Өндірістік кооператив
1.5. Мемлекеттік және муниципалды унитарлы кәсіпорын
1.5.1. Унитарлы кәсіпорын (шаруашылық жүргізуге құқылы)
1.5.2.Унитарлы кәсіпорын (оперативті басқаруға негізделген құқық)
2. Коммерциялық емес ұйым.
2.1. Тұтынушылық кооператив
2.2. Қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер)
2.3. Қорлар
2.4. Мемлекеттік кооперация
2.5. Коммерциялық емес серіктестік (партнерства)
2.6. Мекеме
2.7. Жеке коммерциялық емес ұйым.
2.8. Біріккен заңды тұлғалар (ассоциация, одақ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет