6. Лекция тақырыбы: Дене шынықтыру спорттық ұйымдары.
Лекция жоспары: 1.Студент жастарды дене тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері. Дене тәрбиелеу жолдары мен оларды қамтамасыз ету. Студенттердің дене тәрбиесін ұйымдастыру.
2. Халықтың тұрғылықты жері бойынша спорттық ғимараттарда, көпшілік демалыс орындары мен санаторийларда дене шынықтыру-сауықтырулы және көпшілік-спорттық жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Бала мен жасөспірімдер спорттық мектептерінің, балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтегі арнайы спорттық мектептердің, жоғарғы спорттық шеберлік мектептерінің, олимпиадалық дайындық орталықтарының, олимпиадалық резервті дайындауды ұйымдастыру қызметінің жалпы сипаттамасы.
4. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру. Оқу-жаттығу жұмыстарының тәртібі. БЖСМ ережелері.
5. Дене шынықтыру-сауықтыру комбинаттары мен мәдени-спорттық кешендер. Дене шынықтыру және спорт жұмысының міндеттері, құрылымы және мазмұны. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы коммерциялық ұйымдар.
Лекция мазмұны: 1. ДТМС қызметкерлерінің тарифтік-квалификациялық жалпы салалық мінездемесі.
2. ДТМС қызметкерлерінің тарифтік-квалификациялық ведомстволық мінездемесі
1. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының персоналдарының функционалдық міндеттерінің шектелуі менеджменттің тарифтік-біліктілік сипаттамасы механизмі арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік реформалар бағдарламасы 1996-2000 жылдар аралығында еңбек қатынастары саласында: экономикалық және әлеуметтік жағдайды құру арқылы еңбек нәтижесін көтеруге, белсенділікті арттыруға, іскерлік инициативаны көтеруді қарастырған. Тарифті- біліктілік сипаттама нормативті құжаттар ретінде немесе ішкі тәртіпті реттеу құжаттары негізінде қызмет атқарады. Ішкі тәртіпті реттеу құжаттарын- қызметтік нұсқау деп атаймыз. Онда әр қызметтің жекелеген нақты міндеттерінің тізімі көрсетіледі. Сонымен қатар құқығы мен жауапкершілігі де толық көрсетіледі. Әр қызметтің тарифті-біліктілік сипаттамасы үш бөлімнен тұрады:
1. Қызметтік нұқсау. Негізгі еңбек шарттары бар, мамандығына сәйкестендірілген.
2. Білуі керек. Қызметкерге қойылатын негізгі талаптар мазмұны мен арнайы біліміне байланысты қатынастар шешіледі. Сонымен қатар, заңды, нормативті-құқықтық актілерді, Ережелерді, материалдар, әдістер және құралдарды басқарушы нұсқауларды білуі керек. Аталғандарды қызметке пайдалана алуы керек.
3. Біліктілігіне талап. Біліктілігі деңгейі анықталады. Мамандық шеберлігі қызметтік міндеттерін атқаруға сәйкестендіріледі. Еңбек өтілі де талапқа сай болуы тиіс.
Тарифті-біліктілік сипаттама жалпы салалық болады. Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт қызметкерлерінің тарифті-біліктілік сипаттамасы жалпы салалық, салалық және ведомстволық болып табылады.
а). Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт қызметкерлерінің жалпы салалық тарифті-біліктілігінің сипаттамасы бойынша мына қызмет түрлеріне сәйкес келеді:
- дене шынықтыру бойынша әдіскер;
ал жалпы салалық жұмысшы қызметіне мыналар жатады:
-спорттық техниканың түрі бойынша механик;
- қарызға (уақытша) алу-беру пунктерінің қабылдаушысы;
- жалпақ спорттық құралдардың жөндеушісі.
б). Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт қызметкерлерінің салалық тарифті-біліктілігінің сипаттамасы аймақтық атқарушы билік бойынша үш бөлімнен тұрады:
1. басшылар қызметі;
2. мамандар қызметі;
3. техникалық орындаушылар қызметі.
2. в). Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт қызметкерлерінің ведомстволық тарифті-біліктілігінің сипаттамасы білім және ғылым министрлігінде жетілдіріліп, Еңбек министрлігінің келісімімен білім беру мекемелеріндегі 28 қызмет түріне беріледі. Соның ішінде дене тәрбиесі мәдениеті және спорт саласының мынадай қызметкерлері бар:
- мұғалім
- дене шынықтыру жетекшісі
- білім беру мекемелеріндегі жаттықтырушы- оқытушы
- дене шынықтыру нұсқаушысы
Олардың әр қайсысында жекелеген қызметтік міндеттерді білуі керек. Еңбек ақы төлеу разряды бойынша біліктілік талаптары болады.
1. Қызметтік міндеттері: өзі беретін пән бойынша оқыту мен тәрбие жұмыстарын орындайды.
- Спорт мектептерiнiң санаттары мен ерекшелiгi
- Спорт мектептерiнiң қызметiн бағалау өлшемi
- Спорт мектептерiнiң оқу-жаттығу жұмысы режимi
- Спорт мектептерiнiң құрылымы
1.Спорт мектептерiнiң келесiдей санаттары бар:
а] БЖСМ- балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі
б] ОРМБЖМ- олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі
в] БЖСТМ- техникалық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі
г] БЖМСТМ-
д] ЖСШМ-жоғары спорт шеберліктегі мектебі
е] ОДО-олимпиадалық даярлау орталығы
Аталған спорт мектептерi ҚР-ң заңнамасына сәйкес құрылтайшы шешiмi және соның қаражатымен құрылады. Заңды және жеке тұлғалар құрылтайшы болып аталады.
БЖСМ-ң МБЖСМ-ға өтуiнiң себебi: БЖСМ-да ''ҚР спорт шеберi '' атағын иеленген спортшыларды даярлау немесе ҚР чемпиондарын, немесе бiрiншiлiктерге, Азия, Әлем Чемпионаттарына, Азия және олимпиада ойындарына қатысушыларды тiкелей даярлау болып табылады. МБЖСМ- Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына еңбеген спорт түрлерi бойынша МБЖСМ желiсi мен БЖСМ-ң мамандандырылған бөлiмшелерi 4 жылдық цикл өткеннен кейiн белгiленген тәртiппен қайта бекiтiледi.
Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына, Ұлттық спорт түрлерiне және халық ойындарына енбеген спорт түрлерi бойынша МБЖСМ және мамандырылған бөлiмшелер жұмысының көрсеткiштерi төмендненген жағдайда, олар дене шынықтыру спорт жөнiндегi республикалық уәкiлеттi органдарының келiсiмi бойынша құрылтайшының шешiмiмен БЖСМ үшiн көзделген еңбекке ақы төлеу шарттарына өтедi. Ал, бөлiмшелерiнiң жұмысы нәтижесi жақсарған жағдайда олар жалпы негiзде МБЖСМ-ң номенклатурасына қайтадан өте алады.
МБЖСМ-ң құрамы –АДТ [алғашқы даярлық топтары] СЖТ [спорттық жетiлдірілген топтар] ОЖ[оқу-жаттықтыру топтары] –нан тұрады.
ОРМБЖМ. МБЖСМ-де кемiнде 2/3 бөлiмшенiң олимпиадалық резерв атағы болған жағдайда, спорт мектебiне олимпиадалық резерв мәртебесi берiледi.
ОРМБЖСМ қызметiнiң негiзгi көрсеткiшi болып табылады.ҚР-ң Ұлттық құрама командасын толықтыру үшiн бiлiктiлiгi жоғары спортшыларды даярлау мiндетiн атқарады.
Спорт түрлерi бойынша бөлiмшелер ОРМБЖСМ-ға топ құрамының жеке тiзiмiн бекiткен жағдайда, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi облыстық уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша ОЖТ-нан және СЖТ-дан ЖСШ топтары құралады.
БЖТСМ және МБЖТСМ. Мұнда оқушылар тiзiмiн Алматы және Астана қаласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша құрылтайшы бекiтедi.
Бұл мектептерде кемiнде 2/3 бөлiмшесiнiң мамандырылған бөлiмше атағы болған жағдайда, оған МБЖСМ мәртебесi берiледi.