2 – ДӘРІС
Тоқыма бұйымдардың түржиыны(ассортименті)
Трикотаж іш киімнің түржиыны
Қолданылуына байланысты, кәсіпорында шығарылған іш киім трикотажды, мына топтарға бөледі:
ерлер іш киімі – фуфайка (футболка), дамбал, трусы және т. б.;
әйелдер іш киімі – жейде, ішкөйлек, гарнитур, панталон, трусы, ішкі белдемше, халат және т. б.;
спорттық іш киім – майка, фуфайка (футболка), трусы, сулық денежабым костюмы, велоспортқа арналған жейде және т. б.; ұзын жеңді ерлер жейдесі;
балалар іш киімі – метептегі және мектеп жасына дейінгі ер бала мен қыздарға арналған;
балалар іш киімі – ясли жасындағы (үш жасқа дейін).
Стандартта іш киімдердің сырт сипаты мен сапасына қойылатын негізгі талаптар қарастырылған, сондай-ақ жаймалардың түрі, олардан тігілетін бұйымдар көрсетілген.
Сырт бұйымдар түржиыны
Трикотажды сырт бұйымдар түржиыны сан алуан. Олар көптеген әр түрлі атаулардан тұрады: жекет, жилет (көкірекше), жемпір, пуловер, свитер, рейтуз, спорттық костюм, шалбар, көйлек, әйел жейдесі, белдемше, ерлер мен әйелдер костюмы, пальто, куртеше және т. б.
Өндіру тәсіліне байланысты трикотажды сырт бұйымдары үш түрге бөлінеді:
пішілген, жартылай жүйелі және жүйелі.
Пішілген бұйымдарды әр түрлі өрімді жаймалардан пішіп, бөлшектерден тігеді. Жайма тегіс не суретті және ені мен ұзындығы бойынша мөлшері әр-түрлі болу мүмкін. Пішілген бұйымдар өндірісінің негізгі кемшілігі, жайманы пішкенде қалдықтар проценті (20-25) көп болуы.
Жартылай жүйелі бұйымдарды лекало формасына жақын бөлшектерден тігеді. Бұл – не бөлшектер, машинада формасын тарылту және кеңейту арқылы алған, не купондар.
Жүйелі бұйымдарды бөлшектерден дайындайды, олардың формасы тікелей іліптоқу үдерісінде алынады. Жүйелі бұйымдар өндірісі ең тиімді, себебі осы тәсілді пайдалану кезінде шикізат қалдықтар проценті 3-5 аспайды.
Шұлық-ұйық бұйымдарының түржиыны
Шұлық-ұйық өндірісі- бұйымдардың әртүрлі түржиының шығаратын трикотаж өнеркәсібінің дамыған саласы. Қолданылуына байланысты шұлық-ұйық бұйымдарының түржиыны топтарға бөлінеді: әйелдер және балалар шұлығы; ерлер, әйелдер және балалар ұйығы; ерлер, әйелдер және балалар қысқа шұлығы; балалар рейтузасы-колготкалар.
Достарыңызбен бөлісу: |