Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Зооцидтерді зерттегенде қандай деректерге сүйенеді?



бет43/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
69. Зооцидтерді зерттегенде қандай деректерге сүйенеді?
Дератизациялау кеміргіштерді жою және кеміргіштер қоныстанған объектілерді олардан тазарту мақсатында немесе инфекциялық аурулардың кеңінен таралуын және экономикалық жағынан шығынды болдырмауды қамтамасыз ететін кеміргіштердің санын ең төменгі деңгейде тұрақты ұстап тұру үшін жүзеге асырылады.
Дератизациялау мынадай типтерге бөлінеді:
1) жаппай дератизациялау – елді мекеннің шегінде ашық тіршілік ету орындарын қоса алғанда, барлық елді мекеннің аумағында жылына 2 реттен сиретпей жүргізіледі;
2) ошақтық дератизациялау – инфекциялық аурулардың ошағындағы және оған іргелес аумақтағы дератизациялау. Таралуына кеміргіштер қатысуы мүмкін инфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі;
3) іріктеп дератизациялау – жекелеген учаскелерде немесе құрылыстарда, негізінен эпидемиялық маңызы бар объектілерде: ет- және балық комбинаттарында, тоңазытқыштарда, элеваторларда, азық-түлік қоймаларында, емдеу және балалар мекемелерінде, мал шаруашылығы фермаларында кеміргіштерді жою қажет болған жағдайда жүргізіледі.
Дератизациялау улы қармақжемдерді қою, тозаңдату, газдау әдістерімен қатар физикалық, механикалық, химиялық әдістермен жүргізіледі. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен және дератизациялау құралдарының қасиеттерімен айқындалады.
Денсаулық сақтау ұйымдарының, балалар ұйымдарының, қоғамдық тамақтану, азық-түлік саудасы объектілерінің құрылыстары мен аумақтарының барлық ауданы тоқсанына бір рет кеміргіштердің болуына тексеруге жатады.
Профилактикалық дератизациялау жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өңдеулердің белгілі бір жиілігін сақтау көзделеді. Егер пайдалынатын препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта өзгесі ұсынылмаса, онда үй-жайларды дератизациялау 2-3 айда 1 рет, аумақты дератизациялау жылына 4-6 рет жүргізіледі. Үй-жайларда кеміргіштер ұзақ уақыт болмаған кезде өңдеу жүргізілмейді, ал аумақты өңдеу саны екі есе қысқартылады.
Азық-түлік саудасы, қоғамдық тамақтану объектілерінде, көкөніс сақтау қоймаларында, қоймаларда, тұрғын үй-жайларда және аула ішіндегі құрылыстарда уланған қармақжем дератизациялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қолдану режиміне сәйкес қойылады. Балалар ұйымдарының үй-жайларында балаларға қолжетімді улы қармақжемді қоюға жол берілмейді, ал кеміргіштерді жою тек механикалық әдістермен жүргізіледі.
Дератизациялау құралдарының сыртқы пішінінің тамақ өнімдерінен, мал жемінен, үй заттарынан, дәрілік препараттардан айрықша айырмашылығы болуы тиіс. Қармақжемдердің тағамдық негізі ретінде адамдар қызығатындай ұнтақталмаған күнбағыс дәні және өзге де өнімдер пайдаланбайды. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін кеміргіштерге арналған родентицидті қармақжемді ашық түске бояу қажет.
Зиянды омыртқалы жануарларды жоюға арналған заттарды зооцидтер дейді. Зооцидтер өз алдына родентицидтер - атжалман, көртышқан, саршұнақ секілді өндірістік және далалық кеміргіштерге; авицидтер – зиянды құстарға; ихтиоцидтер – зиянды балықтарға арналған зооцидтер болып бөлінеді. Қазіргі уақытта авицидттер және ихтиоцидтер көп қолданылмайтын болғандықтан, роденцидтерді көбінесе зооцидтер деп атайды. Бұл заттар көбінесе еліктіргіш тұзақтар (қармақжем) түрінде қолданылады. Жануарлардың және ит-мысықтардың зооцидтерден, яғни, роденцидтерден улануы жиі кездеседі.
Зооцидтер химиялық құрамына байланысты органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді
1. Органикалық зооцидтерге – зоокумарин, ратиндан, бактокумарин, дикумарин, глифтор және тағы басқалар жатады.
2. Бейорганикалық зооцидтерге – Барий карбонаты, мырыш фосфиді және тағы басқалар жатады.
Олардың ішінде көмірқышқылды барий, зоокумарин, бактокумарин, ратиндан, мырыш фосфиді кеңінен тараған. Олардан улану көбінесе шошқалар мен құстарда жиі кездеседі,, сонымен қатар, ит-мысықтар кеміргіштермен уланған өлекселерді жегенде кездеседі.
Көмірқышқылды барий, барий карбонаты, ВаСО- сумен спиртте нашар еритін, дәмі жоқ және иіссіз ақ түсті ұнтақ. Көмірқышқылды барийдің зооцид ретінде уыттылығы жоғары емес дегенімен, көмірқышқылды барий кей кездерде малдарда улану туғызуы мүмкін.
Оның құстар үшін уытты мөлшері 0,4-0,7 г, ал тышқандар үшін 0,12-0,2г. Көмірқышқылды барийдің тұз қышқылымен әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді өте уытты. Ірі қара мал үшін өте уытты мөлшері 15-30г болса, ал қой мен шошқалар үшін 5-15 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет