Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Мыс қосылыстарын анықтағанда немен сипаттайды ?



бет42/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
токсик (копия)

68. Мыс қосылыстарын анықтағанда немен сипаттайды ?
Мыс қосылыстарының ұзақ уақыт әсер етуі, көп жинақталып, баяу бөлінуі нәтижесінде уланудың созылмалы түрінің белгілері байқалады. Мыстың көп жиналатын орны – бауыр. Бауырдың ағзаға түскен мысты залалсыздандыру қабілеті әлсіремейінше, аурудың клиникалық белгілері байқалмайды. Бауырдың жұмысы әлсіреген кезде көзге көрінетін кілегейлі қабықтардың сарғаюы және айқын көрінетін гемолиз байқалады. Осы белгілер көріне бастағаннан ауру жіті түрге ауысып, аурудың соңғы өліммен аяқталады. Несеп қызыл-қоңыр түстеніп гемоглобинурия немесе гемоглобинемия қалыптасады. Ас қорыту жүйесіне мыс қосылыстары көп мөлшерде әсер етсе, уланудың жіті түрінің белгілері байқалады: ауыз қуысы кілегейлі қабығы тітіркенеді, сілекей ағады, құсады, іші өтеді, жүрек жұмысы нашарлайды, кейбір кездері тырысу, салдану белгілері және өліммен аяқталатын коллапс байқалады. Нәжісі шырыштанған, жасыл-көк түсті. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жіті улану кезіндегі патологиялық-анатомиялық көрсеткіштер қарынға түскен мыстың көлеміне және ағзаға әсер ету ұзақтығына байланысты. Өлексе іші кеуіп дөңкиген. Тексеру барысында қарын мен ішектің кілегейлі қабығындағы қабыну процесстері назар аудартады. Ішек-қарынның кілегей қабығы қанталап қабынған, оның кей жері ойылған, құрсақ қуысына қызыл су толған. Басқа мүшелердегі өзгерістер айқын емес.
Созылмалы улануда керісінше, өлексені сойғанда өзгерістер айқын көрінеді. Мұндай өзгерістердің негізгісі – кілегей қабықтардың сарғаюы. Бауыр аздап үлкейген, сырты кедір-бүдірлі, сарғыш түсті, атрофиялық цирроз байқалады. Өт қабы өтке толып, үлкейген және өт қою, жасыл-қоңыр түсті.
Бүйрек үлкейген, бүйрек қабы астында қанталаулар байқалады,паренхимасы болбыр, оңай жыртылғыш. Талақн қанға толған, қара-қоңыр түсті. Перикард сұйыққа толы, эндокард асты қанталанған. Қарын мен ішектің кілегейлі қабықтары қалыңдаған, қанталаған, сары- қоңыр түсті.
Емі. Малдың қарынын жуып, тазалау керек. Одан кейін адсорбциялық заттар (көмір қоспасы), мыс қосындыларын бейтараптайтын заттар: күйдірілген магнезия, күкірт енгізу керек. Жұмыртқа ақзатын, дәм түзгіш заттар (глюкоза) берген жөн. Симптоматикалық ем ретінде строфантин, кофеин қолдануға болады
Созылмалы улану кезінде ең алдымен азық арқылы мыс қосылыстарының ағзаға түспеуін қадағалау керек. Азықпен бірге 3 апта бойы қойға емдік зат ретінде 50-500 мг мөлшеріндегі молибден қышқылды аммоний беруге болады, 0,3-1г гипосульфитін күнде беріп отырса жақсы нәтиже берері сөзсіз.
Балау. Жіті улануды балау малдың клиникалық белгілерімен бірге патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне және химиялық-токсикологиялық талдау нәтижелеріне қарай қойылады.
Созылмалы улану клиникалық белгілері, яғни кілегейлі қабықтардың сарғаюы, гематурия белгілеріне қарай баланады. Сонымен қатар, бауырдағы мыстың көлемін химиялық зерттеудің де үлкен маңызы бар. Егер мал мыстан уланса, онда бауырдың 1-килограмында мыстың мөлшері 1000 мг асып кетеді. Қалыпты жағдайда бауырдағы мыс көлемі 25-50 мг/кг-нан аспауы керек.
Алдын-алу шаралары. Өсімдіктерді мыс қосылыстарымен өңдегеннен кейін, бұл өсімдіктермен малдардың, әсіресе қой мен шошқаның жеп қоймауын болдырмаған жөн. Құрамында инсектофунгицидтер улы химикаттар ретінде сақталуы қажет. Мыс мөлшерінің бұршақ және соя күнжарасында қанша бар екендігін зертханалық тексеруден өткізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет