Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Улануды соттық ветеринариялық сараптау



бет44/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
70. Улануды соттық ветеринариялық сараптау.
Уланудан өлген малдардың улану себебін және кінәлі адамдарды анықтау үшін соттық-ветеринариялық сараптау жүргізеді. Сараптау жүргізу үшін төмендегідей материалдар қажет: ауру тарихы, соттық- ветеринариялық сою хаттамасы және азықтан, судан, өлген мал ағзаларынан алынған сынамаларды тексеру нәтижесі. Осы құжаттар негізінде соттық- ветеринариялық сараптау актісі толтырылады. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе, түсіндірме және қорытынды бөлім. Кіріспе бөлімінде- сараптау жүргізілген күн және орны, оны жүргізудің себебі, тексерілетін затқа жалпы сипаттама, сонымен қатар, қатысқан адамдар тізімі көрсетіледі. Түсіндірме бөлімінде-тексеру жайлы нақты және қысқаша дәлелдеулер келтіріледі.
Ал қорытынды бөлімінде тексеру нәтижесі, тексеру барысында туындайтын сұрақтарға жауап беріледі. Қорытынды сараптаушы қолымен расталынады. Сараптаушы алынған нәтижелер қорытындысын тергеушінің немесе айыптаушының (прокурор) рұқсатынсыз жария етуге құқы жоқ. Бұл талап орындалмаса, соттық-тергеу орындары сарапшыны ауыстыруға, жазалауңа немесе қайта тағайындауға құқы бар. Соттық-ветеринариялық сараптау барысында уланған малды соттық-ветеринариялық сойып, сынама алып, химиялық-токсикологиялық талдауға жібереді
71. Химиялық- токсикологиялық зерттеу үшін потологиялық материялдарды қалай іріктейді, буып түйеді ?
Химиялық-токсикологиялық тексеруге жіберілетін барлық зерзаттар бұған дейін дәрі-дәрмек сақталмаған таза ыдыстарда буылып-түйілуі керек. Ботаникалық талдау жүргізілетін көлемді азықтарды (сабан, пішен) құрамын сақтап, бұзылмай жеткізуге ыңғайлы қаптармен жіберуге болады. Жазғы күндері алынған патологиялық зерзаттардың бұзылып кетпеуін қадағалаған жөн. Суық ауа-райында және тез жеткізуге мүмкіншілік болса, зерзатты фиксациялаудың керегі жоқ. Фиксация жасау үшін тек ректификатты спирт қолданылады. Басқа химиялық заттар фиксатор бола алмайды. Мысалы, хлороформ - өзі уытты зат, ал формалин улардың құрамын өзгертеді.
72. Азықтардың шірігендігін қалай зерттеп біледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет