Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы



бет7/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

Токсикологиясы. Мыс препараттары ауыл шаруашылығында өсімдіктердің саңырауқұлақтар тудыратын ауруларына қарсы, ал малдәрігерлік жұмысында антгельминтік дәрілік зат ретінде кеңінен қолданылады. Мыс бұршақ және соя күнжарасында (жмых) көп кезігеді, сондықтан бұл құнарлы мал азықтарын көп бергенде, мал уланады. Мыс тұздары ағзадан өте баяу бөлініп шығады. Мыс тұзының әлсіз ерітіндісі тұтқыр дәрі ретінде әсер етіп, ішек-қарынның кілегей қабығын қатты тітіркендіреді, ал оның 10-30 пайыздық ертіндісі қарынның кілегейлі қабығын күйдіреді, ащы ішекте ағзаға сіңіп, бауырға барып жиналады. Алиментарлы жолмен түскен мыс қосылыстарының уыттылығы әлсіз. Қарынның кілегейлі қабықтарын тітіркендіретін мөлшерде түскен мыс тұздары малдарды құстыртады. Сондықтан , мыстың күкірт қышқылды тұзын ертеде осы мақсат үшін қолданылған. Бұл препарат ағзаға өте аз мөлшерде ғана сіңеді. Ұзақ уақыт әсер еткенде ағзада жинақталып, ас қорыту 96 жүйесінің кілегейлі қабығын тітіркендіріп, малды арықтатады, және басқа да клиникалық белгілер мен паталогиялық өзгерістер байқалады. Көптеген зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, кілегейлі қабықтар зақымданған сайын, мыс қосылыстарының ағзаға сіңуі де арта түсетіндігі дәлелденген. Мыс ағзаға альбуминат түрінде сіңеді. Бүкіл ағзаға таралып, онда ұзақ уақыт сақталынады. Көп мөлшерде бауыр мен бүйректе жинақталынады. Ағзадан несеп, нәжіс және құсу арқылы бөлінеді. Мыс қосылыстарын қанға немесе тері астына енгізу өте қауіпті. Қоянның терісі астына мыс тотығының 0,05г, ал итке 0,5г молшерін жіберсе, өледі. Мыс сульфатының тауықтарды жаппай өлтіретін мөлшері 1грамм. Мыс сульфатының концентрацияланған ерітінділері ұлпалар мен кілегейлі қабықтарды күйдіріп әсер етсе, араласқан ерітінділері капилярларды тарылтып, секрецияны тежеп, тұтқыр және дезинфекциялық зат ретінде қолданылады. Ауыл шаруашылығы малдарының мыс қосылыстарымен жіті улануы сирек кездеседі. Ал мыстың ағзаға аз мөлшерде түсіп, онда жиналуынан болатын созылмалы түрі кездеседі. Уланудың бұл түрі қойлар арасында жиі кездеседі. Уланудың клиникалық белгілері. Ас қорыту жүйесіне мыс қосылыстары көп мөлшерде әсер етсе, уланудың жіті түрінің белгілері байқалады: ауыз қуысы кілегейлі қабығы тітіркенеді, сілекей ағады, құсады, іші өтеді, жүрек жұмысы нашарлайды, кейбір кездері тырысу, салдану белгілері және өліммен аяқталатын коллапс байқалады. Нәжісі шырыштанған, жасыл-көк түсті. Мыс қосылыстарының ұзақ уақыт әсер етуі, көп жинақталып, баяу бөлінуі нәтижесінде уланудың созылмалы түрінің белгілері байқалады. Мыстың көп жиналатын орны – бауыр. Бауырдың ағзаға түскен мысты залалсыздандыру қабілеті әлсіремейінше, аурудың клиникалық белгілері байқалмайды. Бауырдың жұмысы әлсіреген кезде көзге көрінетін кілегейлі қабықтардың сарғаюы және айқын көрінетін гемолиз байқалады. Осы белгілер көріне бастағаннан ауру жіті түрге ауысып, аурудың соңғы өліммен аяқталады. Несеп қызыл-қоңыр түстеніп гемоглобинурия немесе гемоглобинемия қалыптасады. Мыс сульфатымен улануда, бұл белгілерден басқа, ринит, коньюктивит секілді белгілер байқалады.
Қойларда: қойдың мыстан улануы жақсы зерттелген. Ауру қой үйірінен қалып қояды, басы салбырап, сыртқы орта тітіркендірулеріне жауап беру қабілеті төмендейді, көзге көрінетін кілегейлі қабықтары, кейбір кездері терісі сарғаяды,тамыр соғуы жиілейді, несебі қызыл-қоңыр түсті, іші өтеді. Бұлшық еттері дірілдеп, мойны артқа қайырылады, жүріс-тұрысы бұзылады. Бүйірін басса ауырсыну байқалады. Мал кешкілік мезгілде ешқандай ауру белгісін көрсетпей, таңға жуық өліп кетуі мүмкін.
Мүйізді ірі қарада: Қойларға қарағанда ірі қараның мыс қосылыстарына қарсы тұру қабілеті жоғары. Кейбір әдебиеттерде, егер 227кг 97 салмақты бұқаға күнде 5г мыс беріп отырса, ол созылмалы түрде уланып, 4 айдан соң өлімге душар болатыны айтылған (Shand kewіs, 1961).
Сақа малға қарағанда бұзаулар улануға сезімтал келеді. Егер 8-11 айлық бұзауларға құрамында 80-130 мг/кг мыс бар сүт алмастырғышпен азықтандырғанда уланудың өршуі байқалады. Мыс қосылыстарымен созылмалы уланғанда кілегейлі қабықтары сарғаяды, зәрі қызыл-қоңыр түсті, орталық жүйке жүйесі қызметі бұзылады (мазасызданады, дірілдер байқалады). Басқа да клиникалық белгілері қойдікіне ұқсас.
Шошқа: Мыс қосылыстарымен жіті улану сирек кездеседі. өйткені, шошқалар құсады, сондықтан, шошқа құсқан кезде, оның өміріне қауіпті мыстың мөлшері сыртқа шығып кетеді. Созылмалы улану белгілері қойлардікіне ұқсас, бірақ шошқаларда гемоглобинурия байқалмайды. Жылқының және ит-мысықтардың мыс қосылыстарымен улануы өте сирек кездеседі. Байқалатын клиникалық белгілері негізінен ірі қара малға ұқсас
. Құстар: Балапандардың мыс қосылыстарына сезімталдығы өте жоғары екенін айта кеткен жөн. 1кг азықта 100мг-нан жоғары көлемде мыс қосылыстары бар азықты беруге болмайды. Егер ондай азық берілсе, олардың өсуі төмендейді, гемолитикалық анемия, әлсіреу, бұлшық ет дистрофиясы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет