Сасық меңдуана ( Дурман, Datura stramonium) - қара алқа тұқымдастарына жатады. Биіктігі 60 см-ден 1 метрге дейін жетеді. Сабақтары тармақталған, гұлдері үлкен ақшыл түсті, Жағымсыз иісі бар. Жемісі төрт ұялы, іші ұрыққа толы қобдиша. Дәндері бүйрек секілді. Уытты бастамасы құрамындағы алколойдтар – аиропин, сеополамин, гиосциамин, гисцин (0,7% - ға дейін). Әсіресе дәнінде көп мөлшерде болады. 100 грамм шөпті жесе мал уланады. 1 кг шөп жеген шошқа, торайлар және бұзаулар уланып, соңы өліммен аяқталады. Клиникалық белгілері. Сасық меңдуананы жегеннен кейін бірден байқалады. Аз мөлшерде қарынға түскен шөп немесе дәндердің әсерінен көз қарашығы кеңейеді. Егер сасық меңдуананы көп мөлшерде жеген болса, 4-6 сағаттан кейін төмендегідей белгілер байқалады: қатты қозу, ауыз қуысының кілегей қабығының құрғауы, көрудің нашарлауы, аритмия, тамыр соғуының жиілеуі (минутына 100-120 жылқыда). Ал ірі қара малда тимпания пайда болады, бұлшық ет дірілі, тырысып-бүрісу және салдану белгілері байқалады. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Уланған мал жіті түрде уланып, тез арада өлген жағдайда патологиялық-анатомиялық белгілер 134 байқалмайды. Малдың улануы ұзаққа созылса, қарын мен ішек кілегей қабығы қабынады. Емі. Зонд арқылы 2-3 литр 0,2%-ды танин ерітіндісін, 5% - ды емен қабығы қайнатпасын ішке береді. Жүрек жұмысын жақсарту үшін кофеин және камфора тері астына егіледі. Балау. Клиникалық белгілері, анамнездік деректерге және ботаникалық талдау мәліметтеріне сүйене отырып баланады
. Меңдуана (Белена, Hyoscuamus) - қара алқа тұқымдасына жатады. Биіктігі 30-150 см сабақтары тік, әрі тарамдалып келген, 2 жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары үлкен , кезектесіп орналасқан, тісті, жұмыртқа тәрізді, гүлдері үлкен, орамдалған, көгілдір түсті, жемісі екі ұялы, көп тұқымды, қақпағы ашылатын қобдишаға орналасқан. Пішіні көкнәр тұқымына ұқсас. Меңдуананың 1-2 жылдық түрлері бар. Олар жағымсыз иісті, ащы дәмі бар, гүлдейтін мерзімі мамыр айынан күзге дейін. Тұқымдары арқылы көбейіп, таралады. Өсу аясы кең, көп тараған, жол жағалауларында, баубақшаларда, жайылымдарда көптеп кездеседі. Медицинада дәрілік зат алу үшін де өсіріледі. Уытты бастамасы: өсімдік құрамындағы алколойдтар – атропин, гиосциамин, гиосцин. Өсімдіктің барлық бөлігі улы әсер етеді. Уланудың патогенезі - итжидектен улануғу ұқсайды. Құрамында скаполаминнің көп болуына байланысты меңдуана тыныштандырып әсер етеді. Меңдуана балауса және кептірілген күйінде де улы. Соның ішінде дәнінің уыттылығы өте жоғары. Жағымсыз иісіне, ащы дәміне байланысты мал жемейді.
Жусан (Полынь, Artemіsіa) Өсімдіктер түрлері өте көп. Қазақстанда 81 түрі өседі,бір бірінен морфологиялық ерекшеліктері бар. Жусанның бірқатар түрлері әлі толық зерттелмеген. Көпшілігін дәрілік зат түрінде пайдаланылады. ( ащы жусан – A. Absіnthіum , дермене-A. cіna) Қазіргі уақытта тек тавриялық жусанның ғана улы әсер ететіндігі белгілі. Дегенмен де жусанның басқа түрлерінен улану байқалуы мүмкінКлиникалық белгілер. Улану ірі қара, және ұсақ малда. жіті және созылмалы түрде өтеді. Тавриялық жусанмен ірі қараның улануы әдебиеттерде кеңінен жазылмаған. Қой жусанды қалыпты жағдайда жемейді. Ал, эксперимент жүргізу барысындағы нәтижелерге жүгінсек, қойда жусанмен уланудың клиникалық белгісі жүйке жүйесінің қозуымен сипаталы: қозғалысы бұзылады, бұлшықет дірілі, құрысып-бүрісу болады Сонымен қатар жүрек жұмысының бұзылуы тамыр соғуы нашарлауы, кілегейлі қабықтардың бозаруы секілді белгілер білінеді. Зәр құрамында ақ зат табылған . Балау. Жылқылардың жусанмен улануының жіті түрі орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Жусанмен улану жылқының инфекциялық энцефаломиелитіне ұқсас келеді.Бұл аурудан аиыра білу үшін, жусанмен улануда мынандай белгілер болатынын білген жөн: улану күшті өтеді, ауыз қуысының кілегейлі қабығы сарғайады, ауыз қуысынан жусан иісі шығады. Уланудың созылмалы түрінде клиникалық белгілері айқын емес. Сондықтан клиникалық белгілерімен қатар, азықты талдау нәтижесіне көңіл аударылады.
14.Мыс қосылыстарынан улану
Ветеринария саласында мыстың күкіртті қышқылы кеңінен қолданылса, ауыл шаруашылығында зиянкестермен күресу үшін тыңайтқыш түрінде әртүрлі бейорганикалық және органикалық қосылыстары қолданылады. Мыстың микрозлемент ретіндегі маңызы өте зор. Мыс ағзадағы ферментативтік тотығуға, ал омыртқалыларда қан түзу процесіне қатысып, қалыпты деңгейде сүйек кемігінде қан түзу функциясын қуаттандырады,тотығу процесін жеделдетеді. Сөйтіп, зат алмасу процесіне әсерін тигізеді. Мыс – шаян тәрізділер, маллюскалардың тыныс алу пигменті – гемоцианин құрамына кіреді. Кейбір өсімдіктер құрамында мыстың мөлшері өте көп болады да, малдардың улануына әкеп соқтырады. Жануарлар ағзасында мыс күрделі және әртүрлі органикалық қосылыстар түрінде болады. Олар ақзаттармен байланысқа түсіп, басқа мүшелерге қарағанда бауырда көбірек жинақталады. Одан басқа мыс көптеген ферменттер құрамына да кіреді (лактаза). Қойлардың азық рационына мыс қосындыларын қосып беру, олардың өсуін және жүнінің сапасын жақсартады, ал мыстың топырақта жетіспеуі өсімдіктерді экзантема ауруына шалдықтырады. Өсімдіктер құрамында мыстың жеткіліксіз мөлшерде болуы малдарда, әсіресе, мүйізді ірі қарада анемия, жалақтық (лизуха), іш өту секілді аурулар тудырады. . Кейбір мемлекеттерде (Англия, Дағыстан) азық құрамында мыстың жетіспеуінен қозыларды жаппай өлімге ұшырататын ауру – энзоотикалық атаксия пайда болатындығы дәлелденген. Аурудың ең негізгі белгілері - қозғалыс координациясының бұзылуы, теңселіп жүруі, дірілдеуі, кейбір кездері аяқтарының тырысуы және салдануы жатады. Энзоотикалық атаксиядан өлген малды сойып, зерттегендегі негізгі белгілердің бірі – ми жарты шарындағы ми ұлпаларының сұйылуы. Күкірт қышқылды мыс немесе мыс сульфаты – көбінесе дезинфекциялағыш зат ретінде қолданылады. Ол қара-көк түсті кристалл, суда жақсы ериді. Бұл препарат бізге тотияйын деген атпен белгілі. Тотиайын құрамында күкірт қышқылды мыстан басқа темірдің, мырыштың және магнийдің күкірт қышқылды тұздары, аз мөлшерде мышьяктың туындылары кездеседі