Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жіті улану кезіндегі патологиялық-анатомиялық көрсеткіштер қарынға түскен мыстың көлеміне және ағзаға әсер ету ұзақтығына байланысты. Өлексе іші кеуіп дөңкиген. Тексеру барысында қарын мен ішектің кілегейлі қабығындағы қабыну процесстері назар аудартады. Ішек-қарынның кілегей қабығы қанталап қабынған, оның кей жері ойылған, құрсақ қуысына қызыл су толған. Басқа мүшелердегі өзгерістер айқын емес. Созылмалы улануда керісінше, өлексені сойғанда өзгерістер айқын көрінеді. Мұндай өзгерістердің негізгісі – кілегей қабықтардың сарғаюы. Бауыр аздап үлкейген, сырты кедір-бүдірлі, сарғыш түсті, атрофиялық цирроз байқалады. Өт қабы өтке толып, үлкейген және өт қою, жасыл-қоңыр түсті. Бүйрек үлкейген, бүйрек қабы астында қанталаулар байқалады,паренхимасы болбыр, оңай жыртылғыш. Талақн қанға толған, қара-қоңыр түсті. Перикард сұйыққа толы, эндокард асты қанталанған. Қарын мен ішектің кілегейлі қабықтары қалыңдаған, қанталаған, сарықоңыр түсті. Емі. Малдың қарынын жуып, тазалау керек. Одан кейін адсорбциялық заттар (көмір қоспасы), мыс қосындыларын бейтараптайтын заттар: күйдірілген магнезия, күкірт енгізу керек. Жұмыртқа ақзатын, дәм түзгіш заттар (глюкоза) берген жөн. Симптоматикалық ем ретінде строфантин, кофеин қолдануға болады.
15.Нитриттермен нитраттардан улану
. Нитраттардың негізінен уытты әсері жоқ. Олар басқа тұздар сияқты бейтарапты, организмнен бүйректер арқылы бөлініп диуретикалық әсер етеді. Құрғашылық кезінде өсімдіктердің бойына 20% нитрат жинақталады, жем-шөп құрамындағы нитраттар малдың асқорыту ағзаларында аса улы зат – нитрит түзеді. Ылғалдылық әсерінен нитрат өз бойындағы оттегінің бір атомын жоғалтып, нитриттерге айналып, организм үшін өте уытты әсер етеді. Сонымен қатар, нитраттың сыртқы ортаның өзінде де нитритке айналуы мүмкін. Мысалы, қайнатылған қант 63 қызылшасының ұзақ уақыт салқындатылуы немесе тоңазытылуы, содан соң жібітілуі де нитриттің пайда болуына жол ашады. Жануарлардың нитрат пен нитритке сезімталдығы ұзақ уақыт ашыққанда, ұзақ уақыт су ішпесе, колибактериозбен немесе сальмонеллезбен ауырғанда арта түседі. Нитриттердің уыттылығы сол, олар НВ оттегіні тасымалдау қызметін жояды. Ұлпалық аспексия пайда болады. Пайда болған нитриттер асқазанішек жолдарынан жеңіл сіңеді, қанға өтіп гемоглобинмен әсерлеседі де метгемоглобин түзеді, осыған байланысты ағзаның оттегімен қамтамасыз етілуі бұзылады да айқын білінетін гипоксия пайда болады. Нитриттер мен нитраттардың әсеріне жас төлдердің сезімталдығы жоғары, себебі олардың асқазан-ішек жолдарындағы микрофлорасы нитраттарды нитриттерге белсенді айналдыратын қабілеттілігімен ерекшеленеді, ал метгемоглобинді бұрынғы қалпына қайта келтіретін метгемоглобинредуктаза ферментінің белсенділігі төлдерде әлсіз болады. Ылғал мен ауаның әсерінен арпа немесе сұлы сабанында нитраттар нитриттерге айналады, ал осы фактор он күннен артық әсер етсе нитриттер ыдырап аммиак бөлінеді. Тура тосындай процесс күйіс қайыратын малдардың ас қорыту жолында болады. Нитриттер қан тамырлары және қан үшін өте уытты. Олар қан тамырлары орталығына әсер етіп қан тамырларын кеңейтсе, екінші жағынан НІ мен байланысы мен НВ айналып газ алмасу бұзылады және ткань атаксияға ұшырайды. Жануардың асқорыту жолында олар денитрификациялық (азотты әдепкі қалпына келтіру) бактериялардың көмегімен аммиакқа дейін өзгереді: нитрат – нитрит - гибонитрит – гидроксиламин – аммиак. Күйістілерде бұл процес мес қарында, ал басқа малдарда тоқ ішекте өтеді. Ағзаға азоттың көп мөлшерде түсуі, оның аралық өнімдерінің (нитрит және гидроксиламин) жинақталуына әсерін тигізеді. Кейін олар қанға сіңіп әр түрлі деңгейде патологиялық процестер туғызады. Қанға сіңген нитриттер гемоглобинмен әсерлесіп, оны метгемоглобинге айналдырады, нәтижесінде тотығу – тотықсыздану процесі бұзылады.