Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Пестицидтер. әсер етуіне байланысты жіктелуі



бет3/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

Пестицидтер. әсер етуіне байланысты жіктелуі

Әдетте, уларды қолданылуына, уыттылық дәрежесіне, қауіптілігіне және т.б. ерекшеліктеріне байланысты жіктеген жөн. Мысалы: өндірістік қолданылуына байланысты пестицидтер (зиянкестерге қарсы қолданылатын уытты заттар). Химиялық құрамы бойынша өндірісте пестицидтер негізгі үш топқа бөлінеді:
-органикалық қосылыстар (фосфорорганикалық, хлорорганикалық, жасанды пиретройдтар, нитрофенолдар, тио- және дитиокарбамин, триазин туындылары);
-бейорганикалық қосылыстар (сынап, мыс, циан, родон және фтордың құрамдас қосындылары);
- бактерия, вирус, саңырауқұлақ және өсімдік өнімдерінен (немесе өмір сүруге қабілеті бар өнімдерінен) алынатын пестицидтер (пиретриндер, антибиотиктер).
Ағзаға енуіне байланысты пестицидтер жүйелі (өсімдік бойына сіңіру арқылы), контактілі (малдың терісі арқылы) және фумиганттар (тыныс алу жолдары арқылы) түрінде әсер етеді. Сонымен қатар, кейбір пестицидтер ағзаға енгеннен кейінгі әсеріне байланысты; 1) таңдамалы - бактериалды препарат Лепидоцид тек көбелектерге қарсы. 2) орташа таңдамалы - Актара препараты барлық жәндіктерге қарсы қолданылады, бірақ кенелерге әсері өтетөмен. 3) әсер ету аясы кең препараттар - жасанды пиретроидтар (кенелермен басқа да зиянкестерді өлтіре әсер ететіндер) және фосфорорганикалық қосылыстар. 4) әсер ету аясы өте кең препараттар (Нитрафен) – (зиянкестерді, кенелерді, құрттарды, арам шөптен саңырауқұлақтарды жою үшін) болып бөлінеді.
. 5. Улы заттардың негізгі токсиметрлік өлшем бірліктері
Кәзіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улы дозасын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LІM ac, ЛМо (LDо), ЛМ50 (LD50) және ЛМ100 (LD100) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мг/кг). Егер заттың улылығы 1-2 мг/кг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері 1000мг/кг (1гр/кг) болса улылығы аз зат болып есептелінеді.
LІMac - (Лима атты автордың атымен байланысты)- малдарға ішке бергенде және терісі астына еккенде, ағзада белгілі бір деңгейде функционалдық өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық белгілері байқалмайтын уытты заттардың 1 мәрте еккендегі (мг/кг) ең төменгі мөлшері.
ЛМ0- 2 апталық бақылау мерзімінде, жануарлар төтеп бере алатын улы заттардың ішке берілетін және терісі астына егілетін мөлшері. Мұнда мал ағзасында айтарлықтай патологиялық өгерістер болғанымен, малдар өлімге ұшырамайды.
ЛМ50 көрсеткіші - улы заттың мг/кг есебінде алынған, тәжірбиеге алынған жануарларды тері астына немесе ішке ішкізілгеннен кейін екі апта ішінде 50( өлімге душар ететін орташа мөлшері.
ЛМ100 көрсеткіші - жоғарыдағы айтылған жағдайда тәжірбиеге алынған жануарлардың барлығын 100% өлімге душар ететін уытты зат мөлшері.
ЛК50 (СL50) және ЛК100 (СL100)- бұл 20Со температурада 2 сағат ішінде жануарларды 50% және 100% өлімге душар ететін улы заттардың 1мг/м ауадағы концентрациясы.
ҚБШМ - жануарлар ағзасында патологиялық өзгерістер тудырмайтын, улы заттардың ауадағы қолдануға болатын шектеулі мөлшері.
ШАҚД- улы заттардың 1мг/м ауадағы шамамен алынған қауіпсіз деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет