Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Улы заттардың уыттылығына байланысты жіктелуі



бет4/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

. 6. Улы заттардың уыттылығына байланысты жіктелуі
Уланудан амалсыз сойылған жануарлардың етін ветеринариялық- санитарлық сараптау удың уыттылық және жинақталу дәрежесіне, ұлпалардағы өзгерістерге қарай үш топқа бөлінеді: 1) Қолдануға болмайтын; егер ет құрамында цианид, сынап қосылыстары, фосфорорганикалық препараттардың жүйелі әсер ететін түрлері кездескен жағдайда олардың қанша мөлшерде кездескеніне қарамастан ет жойылады. 2) Қолдануға жарамды; егер ет құрамында мышьяк, қорғасын, мыс, барий қосылыстары, нитрат және нитриттер, гексахлоран шектеулі мөлшерден жоғары болмаған жағдайда. 3) Қолдануға болатын; егер ет құрамындафтор, мырыш фосфиді, хлорлы натрий және калий, аммиак, карбамид, фосфорорганикалық қосылыстардың жанаса әсер ететін тез ыдырайтын препараттарының шектеулі мөлшері болса. Ал, ішкі мүшелердің барлығы жойылуы керек.
. 7. Улы заттардың зияндылығына байланысты жіктелуі
Жануарлардың пестицидтермен және басқа да улы химикаттармен улануына күдік туындаған жағдайда етті улы химикаттардың болуына зерттеу нәтижелері туралы ветеринариялық зертхананың қорытындысы болуы қажет.
Егер сараптаманың, бактериологиялық және физика-химиялық зерттеудің нәтижелері ережелерде көрсетілгендей, мәжбүрлі сойылған ет және басқа да өнімдер тамаққа пайдалану үшін жарамды деп танылса, онда оларды қайнатуға, сондай-ақ "Гуляш" және "ет паштеті" немесе консервілер дайындауға жібереді.
С.Д. Анцифера, Н.И. Жаворонков және Ф.П. Кохтюктің мәліметтері бойынша пестицидтерден жіті уланған, интоксикация белгілері толық білінген жануарларды етке сою мерзімі келесідей: дибромом, циодрин, руленнен уланса сою мерзімі 7-тәуліктен кейін; антио, амифос, карбофос, фосфамид, неоцидолдан уланса 20-тәулік; фозалон, хлорофостан кейін 30- тәулік; гардон – 45; байтекс – 60; тауықтар полихлоркамфеннен уланғанда – 50; қоян мен қойлар – 60; севиннен уланған қояндарды – 10; қой мен ірі қара малды – 20; шошқа – 30 күннен кейін союға жіберіледі. Уланған мал етінде улы зат мөлшері шектеулі мөлшерден асып кетсе және өнімдері қиналып (агония) өлген малдікі болса, мұндай өнімдер тағамдық мақсатқа пайдалануға жарамсыз болып табылады.
Минерал тектес улы заттардан уланған мал еті және өнімдері пісірілгеннен кейін қауіпті емес. Жылан, тарантул және сарышаян шаққан мал етін тағамдық мақсатқа қолдана береді. Тек, у енген жерді кесіп, алып тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет