Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы



бет9/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Токсикологиясы. Құрамында нитрат және нитриттер бар жем-шөптің немес судың уыттылығы көптеген факторларға байланысты болады. Олар: ағзаға түсетін нитрат пен нитриттің мөлшері, рацион құрамында газ түзуші азықтардың көп болуы, малдың физиологиялық күйі. Күйістілер нитритке қарағанда нитраттарға сезімтал келеді, ол күйістілердің ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты. Шошқа, қоян және құстар нитраттардың жоғарғы мөлшерін қабылдай алады, себебі нитраттар қарыннан қанға өтіп, еш өзгеріссіз ағзадан шығарылады. Нитриттер қан уы болып табылады, себебі олар қан тамырларын кеңейтіп қан қысымын төмендетеді, жүрек жұмысын әлсіретеді. Ал, қандағы гемоглобинмен қосылып, метгемоглобин түзеді. Соның салдарынан ағзада газалмасу бұзылып, ұлпаларда атоксия құбылысы байқалады. 64 Нитрат пен нитриттердің салыстырмалы летальды мөлшері Жануар түрі Нитраттар (NO3) Нитриттер (NO2) Ірі қара малы 300-500 100-150 Қой 600-800 130-160 Жылқы 600-700 30-50 Шошқа 800-1000 50-70 Қоян 1500-2000 50-80 Тауық 2000-3000 100-150 Клиникалық белгілері. Көбіне жіті түрде өтеді. Ал созылмалы түрі сирек кездеседі. Ірі қара малының тәбеті нашарлайды, жалпы әлсірейді, қозғалыс координациясы бұзылады, құрсақ қуысының маңын басқанда ауырсынады, бұлшық еттер дірілдейді, тыныс алу жиілейді, кілегейлі қабықтары көгереді, іші өтеді. Аз уақыт мал кома жағдайында болып, ақырында өледі. Буаз малдар іш тастайды. Ұсақ малдарда нитраттармен улану сирек кездеседі, клиникалық белгілері ірі қара малға ұқсас. Шошқа - өте жиі уланады, себебі оларды азықтандыруда асханалық және қант қызылшасы жиі қолданылады. Әсіресе, азотқа бай топырақта өсірілген асханалық қызылша өте қауіпті. Құрамында нитраты бар азықты беру шошқалар үшін қауіпті емес. Ірі қара малдарындағыдай шошқа қарнында нитраттар нитриттерге айналмайды. Ал егер нитратқа бай азықтарды дайындау барысында нитраттар нитриттерге айналса, онда ол шошқалар үшін өте уытты болып табылады. Мысалы, пісірілген қызылшаны жылы жерде 12 сағат бойы салқындатқанда нитриттер көптеп жинақталады. Мұндай қызылшамен азықтандырылғаннан кейін алғашқы екі сағат ішінде – ақ шошқада уланудың клиникалық белгілері көріне бастайды. Олар әлсіреп жатып қалады. Орнынан тұрып, қайтадан құлайды, сілекей көп бөлінеді, тыныс алуы қиындайды, кейде құсады. Көз және ауыз қуысы, кілегейлі қабықтары анемия жағдайында болады. Дене қызуы қалыпты, ал өлер алдында төмендеп кетеді (37-37,5), бұлшық еттері тырысып салдану нәтижесінде мал өледі. Созылмалы улану кезінде шошқа іш тастайды, торайлар өлі немесе өте әлсіз туылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет