Түркі дүниесі мифологиясына ортақ кейіпкерлер



бет13/20
Дата24.09.2024
өлшемі1,41 Mb.
#145448
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
stud.kz-68700 (копия)

ЖАЛМАУЫЗ КЕМПІР. «Жалмауыз» сөзі монғолдарда «манғус/маңғас», буряттарда «маңгидһай/маһра Тхан», ұйғырларда «Иалмавуз», өзбектерде «Иалмагыз/иалмовыз», қырғыздарда «желмагуз», татарларда «Иалмавыз», башқұрттарда «Иелмавыз», ноғайларда «иелмавыз», түріктерде «иалмавуз/желмагуз» сынды айтылады. (Алимжан Инает 14-15 бб.).
Ілкі ананың образы тек бейнелеу өнерінде ғана емес, сөз өнерінде де, ішінара қиял-ғажайып ертегіде де суреттелген. Бұл - қазақтардағы жалмауыз кемпір, орыста баба-яга [6].
Қырғыздардың «Бостон» дастанында: «Жезкемпір жер астына әлеміне түседі. Бұл дастандағы Жезкемпір және Желмоуыз бірдей қолданылады. Оның жеті басы, жалбыр шашты, темір тырнақты, жер үстінде екі, жер астында бес ұлы бар» - деп беріледі. (247-250)Naciye Yıldız, Boston
Қазақтың жалмауыз кемпірінің бейнесі кәдімгі ілкі анадан бастау алады. Жалмауыздың кейбір сипаттары мен әрекеттері және оның қаһарманға қарым-қатынасы, көмегі, ақыл-кеңестері оны прототипіне жақындастырады: әйелдік рудың басшысы дүниеге жаңа келген сәбилерге ат қоятын, оларды өзіне бала етіп алатын; некелесіп жатқан жастарға ақыл-кеңес беретін, туысқандарының құқықтары мен мүдделерін қорғайды; рудың жазылмаған заңдарының, әдет-ғұрыптарының, дәстүрлерінің сақтаушысы болды; жазалады, кейде әскердің қолбасшылығын да атқарды [7].
Ертегі қаһарманының әкесіне кемпір жолығады да, оған судың маңында аялдамау жөнінде кеңес береді. Бірақ шал тыйымды тыңдамастан, су жағасына үй тігеді; суда жүзіп жүрген өкпені көріп, оны ұрады. Сол сәтте өкпе жеті басты жалмауыз кемпірге айналады да, шалды сақалынан шап беріп ұстап алып, оның ең сүйікті кенже ұлын өзіне беруін талап етеді [15].
Немесе қаһарман аялдайтын мекен қарастырады. Көлдің жағасында оған кемпір жолығады да, кеңес береді: үйіңді көлге жақын тікпе, әйтпесе өзіңді немесе боз інгеніңді алып кетеді, -дейді. Бозбала бұл туралы әкесіне айтады. Әкесі, оны тындамастан, үйді жағаға тігеді. Кемпір інгенді алып кетеді, інгенді іздеп келген шалды ұстап алып, оның ұлын талап етеді [16].
Қазақ халқында қаһарманның әкесі суда жүзіп жүрген өкпені түртіп, оның жалмауыз кемпірге айналатындығы және шалдың кенже ұлын талап ететіндігі жөнінде ертегілер көп.
Ертегілерде су — жалмауыз кемпірдің басты мекені. Жалмауыз кемпір су асты патшалығымен де байланысы бар деп пайымдауға болады. Қазақтарда су асты патшалығы – өлілер патшалығы. Сондықтан жалмауыз кемпір де осы патшалықтың өкілі және албастымен байланыста болып табылады. Бұған судың наным-сенімде де, демонологияда да, ертегіде де өкпелердің, яғни, өлгендер жанының тұрағы ретінде көрінетіндігі айғақ болады. Тек ертегілердің хикаялардан, яғни демонологиялық әңгімелерден өзгешелігі: өкпе жалмауыз кемпірдің өзіне айналады.
Осылайша наным-сенімдердің, демонологиялық әңгімелердің және ертегілердің толық дерлік дәлме-дәлдігі аңғарылады: су о дүниедегі әлем болып табылады, албасты — сол әлемнің қызметшісі, ал, жалмауыз кемпір — оның күзетшісі.
Жалмауыз кемпір бірқатар ертегілерде қаһармандарды жұтып жібереді де, қайтадан құсады.
Жалмауыз кемпір — дүниедегі барлық жамандықтың өкілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет