Ойын іс – әрекеті: 1-ші ойын: «Керек санды көрсет» Мақсаты:4- тің көлемінде есептік санау дағдыларын дамыту;
2-ші ойын: «Есте сақтағаның бойынша айтып бер» Мақсаты:1-4 цифры туралы білімдерін бекіту, 4 санымен және цифрымен танысу; заттардың әртүрлі белгілері бойынша ажырата білу және қағаз бетінде бағдарлау іскерлігін дамыту, есте сақтауды дамыту.
Тапсырма: 1-тапсырма:«Төрт» , «артық» , «кем» сөздерін пайдаланып суреттерді сипаттау. 4 – тің көлемінде есептік санау. Сөйлеу мәдениетін дамыту.
2 – тапсырма: Заттардың есептік және реттік санау.1-4 сандарының реттілігімен жұмыс істеу.
3-тапсырма: Зейінді және логикалық ойлауды дамыту.
ІІІ. Қорытынды
Рефлексия
15 – оқу қызметі Тақырыбы: 5 санымен таныстыру. 5-тің сандық құрамы. «Лото» ойыны
Мақсаты:5 санымен және цифрымен танысу; 5-тің көлемінде есептік және реттік санау дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: доп , 1 – 5 сандары бар карточкалар
І .Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ .Негізгі бөлім -«Келесі сан» бойжазу ойыны Мақсаты:жаңа білімді енгізу қажеттілігін танытатын жағдайды көрсету; ойын іс – әрекетіне уәждеу.
Ойын іс – әрекеті: 1-ші ойын: «Қатар» Мақсаты: 1-5 сандарының тура және кері реттілігі туралы білімді қалыптастыру; қимыл – қозғалыс блсенділігін дамыту.
2-ші ойын: «Алақаныңды соқ» Мақсаты:«ойша» есептік санау дағдыларын дамыту; сандардың теңдіктері мен теңсіздіктерін анықтау іскерлігін қалыптастыру.
Тапсырма: 1-тапсырма:Суреттерді «бес» , «сонша» сөздерін пайдаланып сипаттау.
5 – тің көлеміндегі есептік санау. Сөйлеу мәдениетін дамыту.