2 – тапсырма: Заттарды реттік санау.Өзгерістердің қандай белгі бойынша орын алғанын анықтау.
3-тапсырма: Цифрларды анықтау және салыстыру.
ІІІ. Қорытынды
Рефлексия
16 – оқу қызметі Тақырыбы: «0» санымен таныстыру. «Шаршы ішінде тұрғандай» ойыны
Мақсаты:0 санымен және цифрымен, сандық қатардағы орнымен танысу; 0 санымен қосқанда және азайтқанда есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: доп, ойыншықтар,0 – 9 сандары бар карточкалар, қабырғаларына 0 – ден 5-ке дейін сандар жазылған текшелер.
І .Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ .Негізгі бөлім -«Санап шық» бойжазу ойыны Мақсаты:жаңа білімді енгізу қажеттілігін танытатын жағдайды көрсету; ойын іс – әрекетіне уәждеу.
Ойын іс – әрекеті: 1-ші ойын: «Жолбарыстарды үйретуші» Мақсаты: 0-9 сандарының тура және кері реттілігі білімдерін бекіту; қимыл – қозғалыс белсенділігін дамыту.
2-ші ойын: «Математикалық текшелер» Мақсаты:9-дың көлемінде 0 санымен қосқанда және азайтқанда есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Тапсырма: 1-тапсырма:Заттарды есептік санау
2 – тапсырма:Реттілік суреттерді сипаттау.Сөйлеу мәдениетін дамыту.
3-тапсырма:Сандарды салыстыру
ІІІ. Қорытынды
Рефлексия
17 – оқу қызметі Тақырыбы: Есеп құрастырып, шешімін табу. «Цифрлар айтысы» ертегісі
Мақсаты:5 – тің көлемінде есептік және реттік санау дағдыларын бекіту; 5- тің көлемінде сандар құру және салыстыруәдістерін қайталау; қосу мен азайтудың мәнін , олардың өзара байланысын және қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсіну деңгейін анықтап білу; геометриялық фигуралар мен олардың ерекшеліктері туралы түсініктерді бекіту.