Туберкулезге қарсы дәрілік заттар



бет12/13
Дата20.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#141334
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
№13 Вирусқа қарсы. Иммунотропты заттар. Туберкулезге қарсы. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар.-1

Левамизол (декарис) аскаридозды, сонымен қатар анкилостоми- дозды емдеуде тиімді болып табылады. Жетілген паразиттермен қатар дернәсіл формаларында салдандырады. Антигельминттік әсер ету механизмі — ішек құрттардағы биоэнергиялық үдерістердің ағымын бұзады. Сонымен қатар, препарат иммуномодуляторлык әсер танытады. Гельминтоз кезінде ұйкы алдында бір рет тағайындайды (қажет болған жағдайда, 1 аптадан кейін қайталайды). Диеталарды және іш жүргізетін дәрілерді тағайындау — міндетті емес. Іш қату орын алса, 36 сағаттан кейін іш жүргізетін дәрілер беріледі. Жанама әсерлері (қайта пайдаланғанда орын алуы мүмкін): тұмауға ұқсас синдромдар, ұйқының бұзылуы, дәм сезу бұзылыстары, диспепсиялық үдерістер, терінің аллергиялық реакциялары, қанжасам бұзылыстары және т.б. Левамизолмен емдеу кезінде қан сараптамасын жүйелі түрде тексерген жөн (кем дегенде 3 аптадан кейін).
Пирантел энтеробиозда, аскаридозда, анкилостомидозда, три- хоцефалезде тиімді болып табылады. Препаратты таблеткалар немесе сироп түрінде ішке (іш жүргізгіш қабылдамай) күніне1рет (таңғы астан кейін) қабылдайды, дәрінің уыттылығы төмен. Таблеткаларды жұтпас бұрын мұқият шайнау керек.
Препараттың көтерілімдігі, әдетте, жақсы; кейбір жекелеген жағдайларда жүрек айнуы, құсу, іш өту, бас ауруы, бас айналу болуы мүмкін. Оған қарсы көрсеткіш: жүктілік.
Пиперазин және оныц тұздары әр түрлі нематодтардың әсіресе, аскаридоз бен энтеробиоз (инвазивті ұштары бар) тудыруы мүмкін түрлеріне антигельмитті әсер көрсетеді. Әсер ету механизмі: гельминттердің бұлшықетін салдандырады, ал келесі қолданғанда олар ішектің перистальтикалық қозғалыстарымен сыртқа шығарылады. Көп жағдайларда, пиперазин ағзаны паразиттерден босатады. Пиперазинді ішке қабылдағанда тез сіңеді. Негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Оларды қолданар алдында науқастарға алдын ала дайындаудың және арнайы диетаны қолданудың қажеті жоқ. Іш жүргізетін дәрілерді іш қатуға бейімділік болғанда ғана, пиперазинді қабылдаған күні кешке береді. Пиперазин препараттарының уыттылығы төмен және әдетте, емдік дозада жана­ма әсерлер болдырмайды, амбулаториялық жағдайда пайдалануға болады. Кейде шамалы жүрек айнуы, іштің ауруы, өтпелі бас ауруы болуы мүмкін. Бүйрек зәр шығару қызметінің бұзылысы бар науқастарда нейротоксикалық құбылыстар орын алуы мүмкін. Қарсы көрсеткіштер: ОЖЖ органикалық аурулары кезінде. Энтеробиозды емдеу кезінде гигиеналык режимді қатаң сактау қажет.
Нематодоздар кезінде сондай-ақ тиабендазол, нафтамон және т.б. пайдаланылады.
Адам патологиясындағы ең маңызды жалпақ құрттардың 2 тұқымдасы — таспа және ленталылардың бар екенін белгілі. Цепендардан шошқанікі — тениоз, бұқанікі — тениариноз, ергежейлі — гименолипедоз, ал ленталы құрттардан кең — дифил- лоботриоз кездеседі.
Жалпақ құрттарға қарсы әрекет ететін заттардан фенасал кеңінен қолданылады. Оны ішек құртқа қарсы құрал ретінде тениаринхозда (бұқалық немесе қарусыз таспа құрт ивазиясында), дифиллоботриозда (жалпак, құрт инвазиясында) және гименолепидозда (ергежейлі таспа кұрт инвазиясында) қолданады. Әсер ету механизмі: құрттардың бұлшықетін салдандырады да олардың протолитикалық ферменттерге төзімділігін төмендетеді, нәтижесінде бас сегменттерінің қорытылуы жүреді. Фенасал мен емдеу науқастың арнайы дайындығын талап етеді. Емдеу күні сұйық немесе жартылай сұйык, майлылығы төмен, жеңіл сіңетін тағам ұсынылады (сұйык ботқа, картоп пюресі, желе, жеміс шырындары және т.б), түнге клизмалар қойылады. Препарат ашқарынға таңертең қабылданады. Фенасалды ішпес бұрын, асқазан кіре берісін жылдамырақ ашу үшін 2 г натрий гидрокарбонатын (ас сода- сы) тағайындайды. Таблеткаларды жылы суда мұқият араластырып, мұқият майдалайды (1/4 стакан жылы суға 1 таблетка). 2 сағаттан кейін печенье немесе кептірілген нанмен тәтті шайдың 1 стаканын ішу қажет. Іш жүргізетін заттар шошқа жалпақ құрты инвазиясын­да тағайындалады. Әдетте, фенасалдың көтерілімдігі жақсы, бірақ жүрек айнуы, аллергиялық реакциялар, нейродермиттің аскынуы болуы мүмкін. Тениоз кезінде — цестицеркоз — ішектен тыс гельминтоздар болуы мүмкін, себебі жұмыртқаларында ішек қабырғасын бұрғылайтын ілмектер бар, сөйтіп бүкіл ағзаға таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет