Туберкулезге қарсы дәрілік заттар



бет13/13
Дата20.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#141334
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
№13 Вирусқа қарсы. Иммунотропты заттар. Туберкулезге қарсы. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар.-1

Празиквантель (билтрицид) цестодоздар мен трематодоздарды емдеуде тиімділігі жоғары зат болып табылады. Оған нематодтар қарсылық көрсетпейді. Ол цестодоздарда, трематодоздарда және аралас инвазияларда қолданылады. Препарат ішке қабылдағанда жақсы сіңеді. Азғантай мөлшерде ана сүтіне түседі. Әсер ету механизмі: паразиттердің жасуша мембранасының кальций иондарына деген өткізгіштігін арттырады, паразиттердің бұлшықеттерінің жиырылуын арттырады да олардағы спастикалық салдануды тудырады. Препарат жоғарғы терапиялық әсер береді (100%-ға дейін), әдетте көтерілімдігі жақсы. Кейбір жеке жағдайларда жүрек айнуы, бас ауруы, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, әлсіздік, қызба, есекжем орын алуы мүмкін, олар препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін басылады; өткір гельминтоздар емдеу кезінде — аллергиялық реакциялар. Препаратты жүктіліктің алғашқы үш айында қолданудың қажеті жоқ және емізетін аналарға препартты қабылдағаннан кейін емшек сүтімен коректердіруден 48 сағатқа бас тарту қажет. Жұмыс бабы жоғарғы концентрация мен жылдам реакциялык қабілетті қажет ететін пациенттерге празиквантелді пайдаланған кезде, абай болған жөн. Препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға колдануға болмайды.
Өсімдік текті ішек құрттарына карсы пайдаланылатын пре- параттардан асқабақ дәндері әр түрлі таспа құрттарға белгілі бір дәрежеде тиімді (ірі қара малдың, шошқа және ергежейлі таспа құрттар және жалпақ кұрт). Белсенділігі жағынан қазіргі заманғы синтетикалық препараттарға қарағанда тиімділігі төмен, бірақ уытты емес және іс жүзінде жанама әсерлер туғызбайды. Оларды, негізінен, басқа ішек құрттарға қарсы препараттарға көтерілімдік төмен болғанда қолданады. Асқабақ тұкымын қолданудың алдын­да 2 күн бұрын науқасқа таңертең күнделікті клизма қойылады, қабылдайтын күннің алдынғы кешінде іш жүргізетін препараттар тағайындайды. Емдеу күні ашқарынға клизма қояды.
Түймешетен гүлдері (құрамында эфир майлары, флавоноидтар, органикалық қышқылдар мен баска да заттар бар) аскаридоз және энтеробиоз кезінде колданылады. Тұнба ретінде: 1 кесе қайнаған суға 1 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдайды. Қарсы көрсеткіш: жүктілік.
Жусан гүлдері ішек құрттарға қарсы зат, оны кейде аскаридаларға қарсы құрал ретінде пайдаланады (гүлдерін езеді және джем, қант, бор, сиропты қоспамен бірге қабылдайды). 1-күні диета, кешке іш жүргізетін дәрі тағайындайды, 2-ші және 3-ші күндері, тамақтан 1,5—2 сағат бұрын күніне жусан түқымының 1 ұнтағын 3 рет береді; соңғы қабылдау күні түнде кешкі астан кейін іш жүргізетін пре­параттар беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет