Туберкулезге қарсы дәрілік заттар



бет9/13
Дата20.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#141334
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Примахин дифосфаты плазмодийлердің барлық жынысты және параэритроцитарлытүрлеріне әсер етеді. Ол үшінші, төртінші және тропикалық безгектің жекелей алғандағы рецидивтерінің алдын алу үшін, сондай-ақ, коғамдық химиятерапияда қолданылады. Әдетте, препараттың көтерілімдігі жақсы, бірақ іш аймағындағы ауыру сезімдері, диспепсиялық құбылыстар, жүрек тұсының ауруы, әлсіздік, метгемоглобинемия, туындауы мүмкін, бұл белгілер препарат ағзадан шығарылғаннан кейін басылады. Примахинді тағайындаған кезде тұрақты түрде қан мен зәрдің сараптамасын алып, тексерген жөн. Қарсы көрсеткіштер: гранулоцитопения, қан және канжасаму ағзаларының ауруларымен сипатталытын ревматизм және басқа да аурулардың асқынуы кезіндегі жіті инфекциялык аурулары бар адамдарға (безгекті қоспағанда).
Дизентериялық амеба (амебаның 2 түрі бар: вегатативті және цисталық) туындататын амебиазды емдеу үшін климаты ыстық елдерде препараттардың өтімділігі жақсы. Амебиазды емдеу үшін қолданылатын препараттарға амебаның вегетативті формаларын ғана емес, сонымен қатар цисталық түрін жою талабы қойылады.
Амебиазды емдейтін препараттар клиникалық қолданылуына және орналасуына байланысты келесі топтарга жіктеледі.

  • Амебаның кез-келген орналасуы бойынша әсер ететін зат­тар — метронидазол, тинидазол.

  • Ішек қуысында орналасқан амебаларға әсер ететін зартар — хиниофон.

  • Ішек куысы мен ішек қабырғасында орналасқан амебаларға әсер ететін заттар — окситетрациклин, тетрациклин.

  • Ішек қабырғасы мен бауырда орналасқан амебаларға әсер ететін заттар — эметин гидрохлориді.

• Негізінен бауырда орналасқан амебаларға әсер ететін заттар хингамин.
Метронидазол (трихопол) қарапайымдыларға қарсы спекрі кең, трихомонадтардың, амебалардың, лямблиялардың, облигатгм анаэробты бактериялардың (спора түзетін және түзбейтін), лейшманиялардың өсуін тежейді. Тетурам тәрізді қасиетке ие, канцерогенді және мутагенді әсерлер тудыруы мүмкіи, Метронидазолды ішке қабылдағанда жақсы сіңіріледі, мүшелер мен ұлпалардың ішіне, плаценталық жэне ГЭТ арқылы өтеді және бауырда жинақталады. Инъекциядан кейін 1—2 күн ішінде толығымен шығарылады. Негізінен өзгермеген күйде немесс метаболиттер (метаболиттер несепті қызыл түске бояйды) түрінде зәрмен және ішінара нәжіс арқылы да шығарылады.
Метронидазолды амебиазды емдеумен қатар, лямблиозда және жедел және созылмалы трихомонадозда, терілік лейшманиозда, анаэробты инфекцияның іріңді жарақаттануында, тыныс алу, зәр шығару жолдарының, асқазан-ішек жолдары анаэробты инфекциясында, сондай-ақ операция алдында анаэробты инфекцияның алдын алу үшін және т.б. қолданылады. Метронидазол алкогольге деген сезімталдықты туғызатын қасиеті бар, сондықтан оны маскүнемдікпен ауыратын науқастарды емдеу үшін пайдалануға болады. Жанама әсерлері: тәбеттің жоғалуы, ауыздың құрғауы және жағымсыз дәмнің сезілуі, жүрек айнуы, құсу, диарея, бас ауруы, бөртпелер орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстар препаратты немесе емдеуді тоқтатқанда жоғалады. Лейкопения болуы мүмкін. Кейде қынаптық кандидоз даму мүмкін, ол кезде саңырауқұлаққа қарсы препараттар тағайындалады (нистатинді қараңыз). Қарсы көрсеткіштер: жүктілік және лактация, қанжасау бұзылыстары. Балалық шақта шектеулі қолданылады, емдеу кезінде алкогольді ішімдіктер пайдаланбаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет