Туберкулезге қарсы дәрілік заттар



бет5/13
Дата20.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#141334
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
№13 Вирусқа қарсы. Иммунотропты заттар. Туберкулезге қарсы. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар.-1

Зидовудин (азидотимидин) — адамның иммундық тапшылық вирусына (АИТВ) қарсы тиімділігі жоғары препарат болып табыла­ды. Ол АИТВ ДНК синтезін тежейді. АИТВ жұқтырған адамдарға тағайындаған кезінде аурудың дамуы баяулайды, наукастардың өмірін ұзартады, бірақ аурудан толық айықтырмайды. Жанама әсерлері: лейкопения және агронулоцитоз, бас ауруы, ұйқысыздык, іш өту, қызба және т.б. болуы мүмкін.
АИТВ-инфекциясы кезінде сондай-ақ, саквинавирді де пайдалануға болады, ол АИТВ протеазаның ингибиторы болып табылады, нәтижесінде вирустық капсидтің (сыртқы ақуызды қабығы) құрылымдық компоненттері мен вирион ферменттерінің қалыптасуы бұзылады. Препарат вирустың көбеюін баяулатады. Талғап әсер етеді, себебі АИВ протеазаларының құрылымы жағынан адам ферменттерінен айырмашылығы бар. Ішке тағайындайды, оны пайдалану кезінде диспепсиялық бұзылыстар, липидтік алмасудың бұзылуы, гипергликемия болуы мүмкін.
Идоксуридин кейбір ДНК құрамды вирустардың көбеюін тежейді. Уыттылығы жоғары препарат болып табылады, сондықтан резорбтивті қолданылмайды. Идоксуридинді герпетикалық кератит кезінде жергілікті пайдаланады. Препарат қасаң қабықтың бүлдырауын, аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Интерферондар — вирустарды енгізгенде жауап ретінде қорғану үшін ағза жасушаларынан синтезделген биологиялық белсенді ақуыздар. Қүрылымы мен биологиялық касиеттеріне байланысты интерферондарды 3 түрге бөледі -α, -βжәне -γ. Олардың вирусқа қарсы әсері кең спектрлі, сондай-ақ иммуномодуляциялык және ісікке қарсы белсенділігі бар. Интерферонның вирусқа қарсы әсерінің негізінде вирустық ақуыздардың синтезін тежеуі жатыр. Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде вирусқа қарсы заттар ретінде адамның альфа және бета интерферондары, сонымен қатар гендік инженерия жолымен алынған рекомбинантты интерферондар — реаферон, интрон А және т.б. қолданылуда. Интерферондар асқазан- ішек жолдарында сіңірілмейді, биологиялық тосқауылдардан өтулері нашар. Олардың герпетикалық кератитте, тері және жыныс мүшелерінің герпетикалық зақымданулары кезінде, ЖРВИ, вирусты гепатитте және т.б. тиімділігі анықталып отыр. Жергілікті немесе парентералды қолданылады. Интерферондардың қоздыратын жанама әсерлері біршама көп: мысалы, тұмау сияқты қалып; ұзақ мерзімді пайдаланудан лейкопения, тромбоцитопения, бауыр қызметінің бұзылуы дамуы мүмкін.
Полиэтиленгликоль қосылыстарымен үдемелі интерферондар жасалып шығарылды, олар ұзақ мерзімді әсер етеді және айқын терапиялық әсер танытады.
Кейінгі кездері интерферонның индукторлары кеңінен қолданылуда, олардың интерферонның түзілуін күшейтетін қабілеті бар. Осындай препараттар қатарына полудан, циклоферон, амиксинді жатқызуға болады. Олардың ауқымы әлдеқайда кең. Сондай-ақ интерферон индукторларының науқастардағы көтерілімдігі жақсы, антигендік қасиеттері жоқ, жанама әсерлерді сирек тудырады, олармен емдеу, интерферонтерапиямен салыстырғанда, қымбат емес.
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРҒА ҚАРСЫ ЗАТТАР
Саңырауқұлақтарға қарсы заттарға патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар туындататын аурулар және микоздарды емдеуде қолданылатын дәрілік заттар жатады. Бірінші топка:

  • жүйелік (терең) микоздар жатады, олар ішкі ағзалардың және мидың зақымдануымен көрінеді (гистоплазмоз, бластомикоз және т.б.);

  • беткей микоздар (дерматомикоздар) — терінің, тырнақтың, шаштың саңыраукұлақпен зақымдануы, олар дерматофиттердің әрекетінен дамиды (трихофития, микроспория, эпидермофития жэне т.б.).

Екінші топты жиі ас қорыту жолдарындағы, бронхтардағы, жыныс ағзаларындағы шырышты қабықты жиі зақымдайтын кандидомикоздар құрады (кандидомикозды ашытқы саңырауқұлақтары қоздырады).
Саңырауқұлақты ауруларды емдеу үшін синтетикалық заттар мен антибиотиктер қолданылады.
Саңыраукұлақтарға қарсы антибиотиктерге: амфотерицин В, микогептин, нистатин, леворин және гризеофульвин жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет