Протозойларға қарсы заттар Протозойларға қарсы заттар — қарапайымдылардың тіршілік белсенділігін басатын заттар. Осы препараттар, әсерінің бағдарына байланысты, мынадай топтарға бөлінеді.
Безгектің алдын алу үшін және оны емдеуде пайдаланылатын заттар: хингамин, примахин, хлоридин, хинин, сульфаниламидтер және сульфондар.
Амебиазды емдеуде пайдаланылатын заттар: метронидазол, хингамин, эметин гидрохлориді, тетрациклиндер, хиниофон.
Лямблиозды емдеуде пайдаланылатын заттар: метронидазол, фуразолидон, акрихин.
Трихомонадозды емдеуде пайдаланылатын заттар: метронидазол, тинидазол, трихомонацид, фуразолидон.
Токсоплазмозды емдеуде пайдаланылатын заттар: хлоридин, сульфадимезин.
Лейшманиозды емдеуде пайдаланылатын заттар: солюсурьмин, натрий стибоглюконаты, мономидин жэне т.б.
Безгекке қарсы препараттар— безгектің әр түрлі плазмодилерінеи туындаған ауруларда қолданылатын дәрілік заттар.
Безгектің қоздырғыштары плазмодийлер екені белгілі. 3-күндік безгекті РІ. Vivax және РІ. Оvаlе, тропикалықты — Р. Ғаlсіраrит, төрт күндік безгекті — Р. таlаrіае туғызады. Безгек плазмодийі дамудың 2 циклінен өтеді: жыныссыз түрі (шизогония) — адам денесінде, ал жынысты түрі (спорогония) — маса денесінде өтеді. Маса шаққаннан кейін спорозоиттар қанға түседі де кейін бауырға өтеді, сол жерде ол біріншілік тіндік плазмоид — трофозоитты (преэритроцитарлық түрі) түрге өзгереді. Бауырдан плазмоидтар қанға қайтадан түседі. Олардың көпшілігі эритроциттердің құрамында болады (эритроциттік түрі), тез көбейеді және эритроциттердің құрылымын бұзады. Осы кезде безгектің ұстамасы ұстайды: қалтырау, қызу (40 °С немесе одан жоғары) және тершендік дамиды. Тропикалық безгекте ұстама аяқталғаннан кейін қызба кезеңінің ұзақтығы 3-күндікте 1 күн, 4-күндікте 2 күн және кем дегенде бір күнге созылады. Плазмоидтардың бір бөлігі қанда жүріп-ақ жыныстық (гамета) түрге айналады. Маса адамды қайталап шақканда, гаметалар масаға өтеді, сөйтіп маса денесінде жыныстық даму циклін өткереді. 3 күндік безгек плазмодийі бауырда (параэритроцитарлықтүрі), ал 4-күндігі эритроциттерде ұзақ тұрақтауы мүмкін, яғни ұзақ мерзімді қайталанулар (безгек ұстамалары ондаған жылдар бойы орын алып түрады) тудыруы мүмкін.
Безгекке қарсы заттар әсер ету бағдарына (әсер ету бағдарын білу безгектің профилактикасы мен емдеуінде маңызды болып табылады) 3 топка бөлінеді (16-сурет).
Гематошизотропты — шизонттардың эритроцитарлы түрлеріне әсер ететін заттар: хинин, хингамин, хлоридин, сульфаниламиды препараттар, сульфондар.
Гистошизотропты заттар — тіндік шизонттарға: преэритро- цитарлы түрлеріне (бірінші тіндік) эсер ететін — хлоридин; параэритроцитарлы түрлеріне (екінші тіндік) әсер ететін — примахин.
Гаметотропты заттар — жыныстық түрлеріне әсер ететін: хлоридин, примахин.
Безгектің алдын алуда және оны емдеуде (безгекке қарсы заттарды пайдалана отырып) мынадай ұстанымдарды негізге алады.
Преэритроцитарлы түрлерге — хлоридин жэне эритроцитарлы түрлерге — хингамин, мефлохинді қолдану арқылы жеке химиопрофилактика жүргізу (сау адамның безгек ошақтарындаболған сапары кезіндегі ауырудың даму қаупінің алдын алу бағыттары).
Гематошизотропты заттар — хингамин (негізгі препарат), меф- лохин (хингаминге тұрақтылық дамығанда) және хининді (безгектік команы тоқтатқанда) пайдалану арқылы безгек ұстамасын тоқтату.
Гематошизотропты заттар — хингамин (негізгі препарат), меф- лохин, хлоридинді сульфаниламидті препараттармен және сульфондармен ұштастыра қолдану (хингаминге тұрақтылық дамығанда) арқылы безгек ұстамасының алдын алу.
Параэритроцитарлы түрлерге троптылығы бар — примахин (параэритроцитарлы түрлері жоқ тропикалық безгекті есептемегенде) сияқты препараттармен безгектің жекелей рецидивтерінің алдын алу.
• Гаметотропты заттарды — хлоридин, примахинді пайдалана отырып, қоғамдық химиопрофилактика жүргізу (науқас адамнан безгектің таралуының алдын алу үшін).
Тек хлоридинмен емдеуге болатын тропикалық безгекті қоспағанда, безгектен түбегейлі құтылу үшін жоғарыда аталған барлық ұстанымдарды жүзеге асыру қажет.