Стрептомицин сульфаты аминогликозидты антибиотиктерге жатады. Ол грам-теріс бактерияларға және кейбір грам-оң батерияларға қарсы белсенділік танытады. Ол туберкулезге қарсы қасиеті анықталған бірінші антибиотик және әлі күнге дейін өзінің құнын жоғалтқан жоқ. Стрептомициннің әсер ету механизмі рибосомалық деңгейде ақуыз синтезін бұзуға негізделген. Жасушаішілік және жасушадан тыс бактерияларға әлсіз әрекет етеді. Ол ауыз арқылы қабылдаған кезде нашар сіңеді, сондықтан энтералды қолданылмайды. Парентералды енгізгенде, әр түрлі мүшелерге, плацентаға кіреді; каверна қуысына енбейді, ГЭТ арқылы өтпейді, ағзадан 12—24 сағат ішінде несеппен шығарылады. Стрептомицинді туберкулез, оба, туляремия кезінде қолданады. Препаратты көктамырға енгізеді. Антибиотикті қабылдағаннан кейін вестибулярлық аппарат пен естудің бұзылуы әдеттегі жайт болып табылады. Нефроуытты әсерлер мен аллергиялық реакциялардың туындауы мүмкін. Қарсы көрсеткіш: жүктілік. Онымен емдеу кезінде микобактерияларда қарсылық тез дамиды, сондықтан оны басқа препараттармен ұштастыра отырып пайдаланады.
Пиразинамид,негізінен, жасуша ішілік қоздырғыштарға әсер етеді, кавернозды некроз ошақтарға жақсы өтеді. Оның артықшылығы көбейіп жатқан микробтарға ғана емес, сондай-ақ басқа туберкулезге қарсы препараттарға сезімтал емес тыныштықтағы бактерияларға әсер етуінде болып табылады. Ол АІЖ жақсы сіңеді де тіндерге өтеді, ацетилденіп, ағзадан несеп арқылы шығарылады. Пиразинамидті тағайындағанда жүрек айнуы, құсу, аллергиялық реакциялар, артралгия, бауыр қызметінің бұзылуының туындауы мүмкін. Пиразинамидпен емдеу кезінде туберкулез микобактериясының қарсылық көрсетуі карқынды дамуы мүмкін.
Этамбутол — синтетикалық препарат, жасушадан тыс және жасуша ішілік бактериостатикалық әсер етеді. Этамбутолға микобактериялардың тұрақтылығы баяу дамиды. Басқа организмдерге әсер етпейді, тек туберкулез статикалық қасиетке ие. Әсер ету механизмі: микроб жасушасындағы РНК синтезін бұзады. Препарат асқазан-ішек жолдары арқылы жақсы сіңеді, тіндердің көбіне және ағза сұйықтығына енеді, ГЭТ арқылы өтеді, бүйрек арқылы шығарылады. Этамбутолдың көтерімділігі жақсы, жанама әсерлер сирек дамиды. Көрудің бұзылуы мүмкін (түс ажы- рату қабілеті мен көз өткірлігінің нашарлауы), жөтел жиілейді, қақырықтың мөлшері артады және т.б.
Туберкулезге қарсы қосымша препараттар 1-топтың әсеріне микобактерияның төзімділігі дамығанда немесе оларды көтере алмаған жағдайда қолданылады.
Канамицин — аминогликозидты топтың антибиотигі. Канамициннің әсер ету механизмі мен спектрі стрептомициндікіне ұқсас, алайда канамициннің, стрептомицинге қарағанда, микобактерияларға әсері әлсіздеу. Бірак, стрептомицинге төзімді штамдарға әсер етуде тиімді болып табылады. Канамицинді тағайындағандағы жанама әсерлер стрептомициндікіне ұксас.
Этионамид — синтетикалық препарат, ол изоникотин қышқылының туындысы болып табылады. Жасуша ішілік және жасушадан тыс микобактерияларға бактериостатикалық қасиет көрсетеді. Сондай-ақ асқазан-ішек жолдары арқылы жақсы сіңеді, көптеген мүшелер мен ұлпаларға, қуыстарға енеді; туберкулезге қарсы негізгі дәрілерге қарағанда, белсенділігі төмен, бірақ оларға тұрақты болған микобактерияларға белсенді болып табылады.