Туберкулезге қарсы дәрілік заттар


Ішек құрттарына қарсы заттар



бет11/13
Дата20.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#141334
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
№13 Вирусқа қарсы. Иммунотропты заттар. Туберкулезге қарсы. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар.-1

Ішек құрттарына қарсы заттар
Ішек құрттарына қарсы заттар — гельминтоздарды емдеу үшін пайдаланылатын дәрі-дәрмектер (гельминтоздар — кең таралған адам ауруы, паразиттік ішек құрттарынан туындайды, әсіресе балалар арасында жиі кездеседі). Ішек гельминтоздарын ішек ішілік және ішектен тыс деп бөледі. Адамда негізінен паразиттік құрттардың 3 түрі кездеседі: жалпақ (цестодтар), дөңгелек (нематодтар), сорғыштар (трематодтар). Ішек құртына қарсы заттарды клиникалық қолданылуына байланысты 2 топқа бөледі:

  • Ішектік инвазия кезінде пайдаланылатын заттар:

  • нематодтарға әсер ететін — мебендазол, левамизол, пиран- тел, пиперазин адипинаты, нафтамон;

  • цестодтарға әсер ететін заттар — фенасал, празиквантель;

  • трематодтарға әсер ететін заттар — этилен тетрахлориді.

  • Ішектен тыс инвазия кезінде пайдаланылатын заттар:

  • нематодоздарды емдеуде қолданылатын заттар — дитразин;

  • трематодоздарды емдеуде колданылатын заттар — анти­мония натрий тартраты, хлоксил, празиквантель;

  • цестодоздарды емдеуде колданылатын заттар — мебендазол.

Сондай-ақ, оларды әсер ету механизмі бойынша 4 топка бөліп
жіктейді:

  • жасушалық улы заттар — этилен тетрахлориді;

  • дөңгелек құрттардың жүйке-бұлшықет жүйесінің қызметін бұзатын заттар — пирантел памоаты, пиперазин және оның тұздары, левамизол, нафтамон;

  • негізінен жалпақ құрттардың жүйке-бұлшыкет жүйесі бой­ынша бұзылыстарды басымырақ туындататын жэне олардың жабын ұлпаларын жоятын заттар — фенасал, битионол;

  • негізінен ішек кұрттардың энергетикалық үдерістеріне әсер ететін заттар — пирвиний памоаты, левамизол, мебендазол.

Негізінен нематодтарға басым әсер ететін препарат болып мебен­дазол (вермокс) саналады. Ол тиімділігі жоғары, кең спектрлі ішек құрттарына қарсы зат болып табылады. Энтеробиоз бен трихоцефалезде әсері жағынан тиімді. Сондай-ақ, аскаридоздарда, анкилостомидозда, тениидозда және аралас инвазияларда пайдалануға болады. Әсер ету механизмі: гельминттердің глюкозаны сіңіруін тежейді, олардың ағзасындағы АТФ түзілуіне кедергі жасайды. Препарат ішекте нашар сіңіріледі және толықтай дерлік нәжіс арқылы шығарылады (тек зәрде болмашы мөлшерде кездеседі). Мебендазолды ішке тағайындайды (алдын-ала аштық, арнайы диета мен іш жүргізетін дәрілерді пайдаланудың ешқандай қажеті жоқ), тамақ алдында немесе тамақтан кейін таблеткаларды шайнап ішу керек, өйткені май тінінде жақсы сіңеді. Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар. Қарсы көрсеткіш: жүктілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет