Протионамид— туберкулезге қарсы белсенділігі этионамиддікімен бірдей, бірақ көтерімділігі жақсы.
Натрий парааминосалицилат қышқылы (ПАСҚ) туберкулез қоздырғыштарының жасушадан тыс жылдам көбейетін түріне әлсіз бастериостатикалық әсер көрсетеді. Жанама реакциялары: ПАСҚ- мен емдеу кезінде асқазан-ішек жолдары, бауыр, тері және бүйрек тарапынан туындайды. Жанама реакциялар жиі туындағандықтан, қазіргі уақытта, оны басқа туберкулезге қарсы препараттарға микобактериялардың тұрақтылығы дамыған кезде ғана пайдаланылатын болды. Оған туберкулез микобактериясының үйренуі баяу дамиды. Клиникалық тәжірибеде тиоацетазон сирек тағайындалады.
Туберкулезді емдеуде мынадай ұстанымдарды сактау қажет.
Туберкулезге қарсы препараттарды тұрақты терапевтік әсер алу үшін және кайталану ықтималдығын болдырмау үшін ұзақ уақыт бойы пайдалану кажет.
Микобактериялардың қарсылығын еңсеру үшін аралас химия- терапия пайдаланылуы тиіс.
Туберкулезге қарсы арнайы препараттар мен әр түрлі фармакологиялық топтардың препараттарын кешенді пайдалану (иммуностимуляторлар, гормондар, аллергияға қарсы препараттар т.б.).
Сонымен қатар, микобактериялардың әр түрлі дәрілік заттарға төзімділігінің артуы мен туберкулезбен ауыратын науқастар санының артуы салдарынан, әсіресе соңғы жылдары, залалын азайту үшін заманауи ұсыныстарда келесі мәселелер қаралады:
туберкулезге қарсы классикалық дәрілермен фторхинолдарды аралас қолдану
Спирохетозға қарсы заттар Спирохетозға қарсы заттар — мерезді емдеу үшін пайдаланылатын дәрілік заттар (мерез қоздырғышы — тrеропета раllidит, сұр спирохета). Олар сондай-ақ қайталама сүзекте де тиімді болып табылады. Мерезді емдеу үшін антибиотиктер мен синтетикалық заттар қолданылады.
Негізгі мерезге қарсы заттар бензилпенициллин препараттары (натрий мен калий тұздары), олар тез, күшті, бірақ қысқа мерзімді әсер береді, сондай-ақ ұзақ әсер ететін бензилпенициллиннің новокаин тұзы, бициллиндер болып табылады. Препараттарға үйрену іс жүзінде дамымайды.
Пенициллин тобының препараттарына аллергия дамыса, макролидтер (азитромицин),цефалоспориндер (цефтриаксон) және тетрациклиндер тағайындалады.
Мерездің кеш сатысында висмут препаратын (негізінен бийохинол) басқа заттектермен ұштастырып (дүрысы, пенициллинмен) қолданады.
Әсер ету механизмі: бийохинолдың трепонемаферменттерінің тиол топтарын тежеуіне байланысты көрінеді. Оны бұлшықетке енгізеді. Қолданар алдында ыстық сумен қыздырады және шайқап араластырады. Препаратты қолдану кезінде гингивит, стоматит, қызылиек жиегінде қара жолақтың түзілуі, бүйрек, бауыр зақымдануының дамуы мүмкін.
ВИРУСҚА ҚАРСЫ ЗАТТАР Вирустар — көбею үшін макроағзаның биосинтез аппаратын пайдаланатын жасуша ішілік ұсақ паразиттер. Вирустың орталық бөлігі нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ), ал сыртқы қабығы ақуызды заттан тұрады. ДНҚ-құрамды вирустарды (герпес вирусы, аденовирустар) және РНҚ-вирустарды (тұмау вирустары, полиомиелит, құтыру) ажыратамыз. РНҚ-сы бар ретровирустарға адамның иммунтапшылық вирустары (АИВ) жатады. Вирустың көбею үдерісі бірнеше кезеңнен өтеді. Ол — вирустың жасушаның қабырғасына бекінуі, содан кейін қабықтан айырылып жасушаға енуі, көбеюі, макроағза жасушасының өлімі, вирустың жасушадан шығуы.
Вирусқа қарсы препараттарды вирустар туындатқан аурулардың алдын алу үшін және оларды емдеу үшін қолданады. Олар көбінесе жергілікті және профилактикалық мақсатта пайдаланады. Вирустың жасушамен әрекеттесу кезеңіне сәйкес, вирусқа қарсы заттардың негізгі тежеуші әсерлері де осыларға байланысты:
вирустың жасушаға адсорбциялану және оның жасуша ішіне енуі (гаммаглобулин, оксолин);