Туберкулезге қарсы дәрілік заттар



бет4/13
Дата20.12.2023
өлшемі91,02 Kb.
#141334
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
№13 Вирусқа қарсы. Иммунотропты заттар. Туберкулезге қарсы. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар.-1

Ремантадин адамантанның туындысы, мембраналық ақуыз М2 тежегіші болып табылады, ол вирустардың «шешіну» үдерісін бұзып, оның жасушаға кіруіне кедергі жасайды. Ол әр түрлі тұмау вирустарының А2 түріне тиімді әсер етеді. Ремантадин вирустың жасушаға түскен кезінде әрекет етеді. Аурудың 1—2-ші күнінде пайдаланған тиімді болып табылады. Бұл жағдайда, ауру тек жеңілдеп қана қоймай, сондай-ақ толық тоқтатылуы да мүмкін. Ремантадинді алдын ала сақтық үшін пайдаланатын болса, онда науқастар саны бірнеше есе төмендейді. Препаратқа вирустардың резистенттілігі жылдам дамиды. Ол асқазан-ішек жолдарында толық сіңбейді, бауырда метаболизденеді және бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Жалпы көтерілімдігі жақсы, жанама әсерлері (бас ауруы, ұйқысыздық, тежелу) шамалы.
Оксолин — вирусқа қарсы қасиетке ие. Тұмаудың алдын алуда, вирустық ринитті емдеуде, көз және терінің вирустық ауруларында тиімді. Оксолинді жергілікті қолдану кезінде тіндердің тітіркенуі және шырышты қабық күйіп жатқандай сезімдер болуы мүмкін.
Жасушалардағы вирустык нуклеин қышқылдарының синтезін тежейтін заттарға ацикловир жатады. Ол жасушада фосфорланып вирустың ДНҚ-полимеразасына әсер етеді де вирустардың көбеюін басып тастайды. Терінің, шырышты қабықтын зақымдануында (ерін, жыныс мүшелерінің герпесі) және герпестік кератитте ацикловир жергілікті пайдаланылады. Қарапайым герпес вирусымен терінің және шырышты қабыктың кең ауқымды зақымдануында және белдеме ауруында ацикловир ішке тағайындалады; герпетикалық инфек­ция кезіндегі иммундык жүйе бұзылыстары бар науқастарға, ОЖЖ зақымдануында және ағзаларды ауыстыру кезінде — көктамырға салады. Жанама әсерлері: ішке қабылдау кезінде диспепсиялық бұзылыстар болуы мүмкін, бас ауруы; көктамырға енгізгенде — қозу; жергілікті қолданғанда күйдіріп жатқандай сезімдер дамиды.
Ганцикловир — цитомегаловирусқа деген әсер белсенділігі жоғары препарат, аталған вирус көздің тамырлы қабатын, өкпені зақымдап, иммундық тапшылығы бар науқастарда асқынулар туғызады. Денсаулық жағдайы бойынша көктамырға және ішке тағайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет