Адам саудасы немесе трафикинг (ағыл. Trafficking «заңсыз сату немесе қайта
сату») – адамдарды алып-сату, оларды пайдалану, жұмысқа жегу, тасымалдау, қолдан
қолға өткізу, жасыру және күш көрсету арқылы немесе басқа да жолдармен мәжбүрлеу,
ұрлау, алаяқтық, билікті асыра пайдалану сияқты жазалануы тиіс қылмыс.
Адамды пайдалану мақсатына ең жоқ дегенде жезөкшелік мақсатпен басқа адамды
пайдалану немесе жыныстық пайдаланудың басқа формалары, мәжбүрлеу еңбегі немесе
қызметі, құлдық немесе құлшылыққа сәйкес әдет-ғұрып, еріксіз қалып немесе органдарды
алу кіреді.
Яғни, адам саудасы дегеніміз адамды зат есебінде сатуға, сатып алуға,
алмастыруға, сыйлауға, кепілдікке қоюға, жалға беруге т.б. болады деген сөз.
Адам саудасы келісіммен де, келісімсіз де, алдау, жегу, жасыру, қолдан қолға
өткізу, тасымалдау, ұрлау, қайта сату мақсатымен, жыныстық немесе қылмысты іс-
әрекеттерге қатыстыру, соғысқа пайдалану мақсатында, порнографиялық бизнесте
пайдалану, қара жұмысқа жегу мақсатында, құлшылық, сонымен сәйкес әдет-ғұрыптарда,
ұзақ мерзімді немесе коммерциялық мақсатта асырап алушылық болып жасалады.
12. Шағын топтардағы жұмыс.
Оқытушы оқушыларды шағын топтарға гүлдесте қағидатымен (көктікен,
түймедақ, лола, георгин) орналастырады.
Әр топқа зорлық құрбаны болмау үшін сақталатын қауіпсіздік шараларын
талқылап, флипчартты тақтаға жазу ұсынылады. Осыдан кейін әр топ өз жазбаларымен
таныстырады.
13. Сабақ соңында оқушылар «ашық сыр парақтарын» толтырады.
1. Бұл сабақ сенде қандай ойлар мен сезімдерді тудырды?
2. Сен өзің үшін қандай қорытындылар жасайсың?
3. Осы тақырып бойынша сен тағы не білгің келеді?
14. Оқытушы толтырылған ашық сыр парақтарын келесі талдау үшін жинап
алып, сабақ қорытындысын жасайды.
127
Достарыңызбен бөлісу: |