«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Қолданудағы артықшылықтары қандай?



Pdf көрінісі
бет122/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Қолданудағы артықшылықтары қандай? 
Жыныстық қатынасты үзудің қажеті жоқ 
Қолданғаныңызды ешкім білмейді 
Күнде қабылдауды еске салудың қажеті жоқ 
Қолданудағы кемшіліктері қандай? 
Дәрі құюды тоқтатқаннан кейін жүктіліктің келуі (6 айдан 12 айға дейін) кешігуі 
мүмкін 
Етеккір циклінде өзгерістер болуы мүмкін, мысалы, етеккір арасында қанның аз 
келуі, етеккір кезінде шығатын қан мөлшері ұзарып немесе көбейеді, я болмаса 
етеккір мүлде тоқтауы мүмкін 
Әр үш ай сайын дәрігерге көрініп тұру керек 
ЖЖБЖ-дан қорғамайды 
Жағымсыз жанама әсерлер тудыру мүмкін 
Қандай жанама әсерлері бар? 
Бас ауруын тудыруы мүмкін 
Салмақ қосуды тудыруы мүмкін 
Етеккір циклінде өзгерістер болуы мүмкін 
Жасөспірімдер осы әдісті таңдаған кезде нені басты назарға алу керек? 
Дәрі құю түріндегі контрацептивтік құралдар жасөспірімдердің таңдайтын әдісі емес. 


132 
ЖЕДЕЛ КОНТРАЦЕПЦИЯ 
Ол не? 
Жедел контрацепция, сонымен бірге оны шұғыл/өртті, «таблеткадан кейінгі таң» деп те 
атайды. Оны қажетсіз жүктіліктің алдын алу үшін қолданылады. Егер де бойжеткен үшін 
жыныстық қатынас қорғалмаған болса, немесе мүшеқап жыртылып қалса, жүктіліктің 
алдын алу үшін 72 сағат ішінде режим бойынша таблеткалар қабылдауына болады. 
Ол қалай әсер етеді? 
Жедел контрацепция имплантацияның және ұрықталған атабездің жатырда өсуінің алдын 
алады. Бұл таблеткалар, ұрықталған атабезге қауіпті орта туғызатын, синтетикалық 
гормондардың жиынтығы. 
Бұл әдіс қаншалықты тиімді? 
Зерттеулер көрсеткендей, егер қорғалмаған жыныстық қатынастан кейін 72 сағат ішінде 
таблеткаларды қабылдаса, жедел контрацепция қажетсіз жүктіліктің 75%-ға дейін алдын 
алады. Жедел контрацепцияға пайдаланатын таблеткалардың екі түрі болады. Шұғыл 
жағдайдан соң 48-72 сағат ішінде арасына 12 сағат салып, күніне 2 рет 1 таблеткадан 
ішеді. Және шұғыл жағдайдан соң 5 күн ішінде 1 рет қабылданатын таблеткалар бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет