«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет117/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Түсініктеме бет
1. Ми шабуылы. Отбасын жоспарлау деген не? 
Оқытушы оқушыларға мынадай сұрақ қояды – Отбасын жоспарлау деген не? Барлық 
жауаптар флипчарттарға жазылып, оқушылармен бірге талқыланады, оқытушы 
отбасын жоспарлау туралы түсінік береді. 
2. Топтық жұмыс. Контрацепцияның заманауи әдістері. 
Оқытушы оқушыларды төрт топқа бөліп, әр топтан бір өкілден келуін сұрайды. 
Алдын ала дайындалған, белгілі контрацепция әдістері (тосқауылды, гормональді, 
жатырішілік құралдар (ЖІҚ) және жедел контрацепция) көрсетілген карточканың 
біреуін таңдауы қажет. Әр топ таңдап алған әдісі бойынша талқылап, жауап дайындауы 
тиіс. 
Әр топтан бір өкіл шығып, топтың жұмыс нәтижесін презентациялайды
қалғандары оны толықтыруына болады. Оқытушы қорытынды жасайды және әр әдіс 
туралы қысқаша мәліметтер береді. 
3. «Отбасын 
жоспарлау, 
заманауи 
контрацепция 
әдісі» 
атты 
мультимедиялық презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының 
шағын-дәрісі. 
 
Мысал мазмұн 
Репродуктивті денсаулықты сақтаудың маңызды мәселесінің бірі – жасөспірімдердегі 
жүктілік болып табылады, Қазақстан оның деңгейі бойынша орта көрсеткіштері бар 
елдердің қатарына жатады. Сонымен қатар, бойжеткендер мен бозбалалар 
контрацепцияны үнемі қолданбайды немесе қолдануға қорқады, себебі, ол туралы 
толық және шынайы деректер аз.
Отбасын жоспарлаубұл әйелдер мен балалардың аурушаңдығын төмендетуге, 
денсаулықтарын сақтауға бағытталған, сондай-ақ, ерлі-зайыпты жұпқа келесідей 
мәселелерді шешуге көмектесуді алдына мақсат етіп қойған шаралар кешені. 
1) Қаламаған жүктіліктен қашқақтау 
2) Жүктілік арасындағы үзілістерді реттеу 
3) Балалардың саны қалағандай болуы 
4) Жүктіліктің жақсы өтуіне және дені сау баланың туылуына септігін тигізу. 
Бұл міндеттер келесі тәсілдермен шешіледі: 
1) Лайықты жатырішілік құралдарды таңдау 
2) Бедеулікті емдеу 
3) Түсіктерді болдырмау
Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – бұл балалардың кездейсоқ емес, ерлі-
зайыптылардың қалауы бойынша болуы. 
Отбасын жоспарлау процессінде баланың туылуы үшін әйелдің жасын анықтаудың 
маңызы зор. Жасы 20-ға дейінгі босанған әйелдерде жүктілік, босану және босанғаннан 
кейінгі кезеңде қиындықтардың туындауына байланысты олар қауіпті тәуекел тобына 
жатады. Ал жасы 35-тен асқан босанатын әйелдерде баланың генетикалық 
ауытқулармен (мысалы, Даун синдромы) туылу қаупі бар. 
Басты себебі заңсыз қолдан түсік жасату болып табылатын аналардың өлімін 
төмендетуде жолдарында - отбасын жоспарлау маңызды рөл атқарады. Жасанды 


128 
жолмен жүктілікті тоқтату көбіне, әйелдердің репродуктивті денсаулығын түзетуге 
болмайтын зардаптарды әкелуі мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, егер де 16 жасқа 
дейінгі әйелде бірінші жүктілігі жасанды түсікпен аяқталса, онда келесіде, сәтсіз екінші 
жүктіліктің пайызы жоғары болмақ (түсіктің өздігінен түсуі, ерте түскен түсік). 
Балалар денсаулығы мен балалардың өлімі де ананың жасы мен балалардың туылуы 
аралықтарындағы үзіліске байланысты. Туылу аралығы 2 немесе одан жоғары болатын 
жылдар аралығына қарағанда, туылу аралығы бір жастан төмен болатын аралықта 
балалардың арасында өлімі-жітім екі есеге жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет