«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет33/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

28.
Ұжымдық жұмыс.
Оқытушы тақтаға мына сөйлемді жазады: «Қауіпсіз жыныстық қатынас 
дегеніміз – бұл ...». Оқушыларға сөйлемді аяқтап, өз нұсқаларын таратылған қағаз 
парақтарына жазып шығу ұсынылады. Осыдан кейін оқушылар өз парақтарын 
бүктеп, ортаға «тренинг шеңберіне» тастайды. Оқытушы жауапты араластырып 
оқуышыларға бір-бірден, бірақ енді басқа оқушының жауаптарын алуды сұрайды. 
Оқушылар таңдап алынған жауаптар нұсқаларын оқып шығады. 
Қауіпсіз жыныстық қатынас – бұл тек қана мүшеқапты пайдалану емес, бұл ең 
алдымен жыныстық қарым-қатынасты шегеріп, жыныстық серіктеске деген 
адалдықты сақтап қалу екеніне назар аударыңыз. 
29. 
Топтардағы жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі және талқылауға «Қауіпті жыныстық 
байланысты тәжірибелейтін жастар қандай тәуекелге барады?», «Қорғанбаған 


37 
жыныстық қатынасты тәжірибелейтін бойжеткендер қандай тәуекелге барады?» - 
деген сұрақтарды таратады. Мұндай топтық жұмыс, жыныстық тәртіптің тәуекелді 
дәрежесін ұғынуға көмектесу үшін өткізіледі. 
Әр топтың жұмыс нәтижелері тыңдалып, жауаптар толықтырылып, оқытушы 
қорытынды жасайды. 
АИТВ, ЖЖБЖ-ды жұқтырудан басқа, осындай қарым-қатынастың салдары бедеулікке, 
түсікке әкеліп соқтыратын жыныс жүйесінің қабыну аурулары, сонымен қатар, екі 
серіктестің екеуі де жауапкершілік артатын қаламаған жүктіліктің болуы мүмкін 
екеніне жіті назар аудару қажет.
30.
Жекеше жұмыс. «Келісемін – келіспеймін» жаттығуы. 
Оқытушы әр оқушыға «Тәуекелді таразылау» кестесін таратып, оны толтыруды 
сұрайды. Сұрақ алу нәтижесі бойынша оқушы өз бетімен мына сұраққа жауап бере 
алады: «Мен өзімді жауапты адаммын деп есептей аламын ба?». 
Егер де сіз жасалған мақұлдаулармен келіссеңіз «Иә» деген қатарға белгі қоясыз, егер де 
жауап беруге қиналсаңыз «Жоқ» және «?» қатарын белгілейсіз. 
«Иә» - 3 ұпай, «Жоқ» - 2 ұпай, «?» - 1 ұпай. 
Иә 
Жоқ 

Мақұлдау 
Мен өз денсаулығымның қамын ойлаймын (мысалы, тартаймын, 
сірткі қабылдамаймын) 
Мен АИТВ мен ЖЖБЖ-дың қалай таралуын және өзімді 
ұқпадан қалай қорғау керек екенін білемін 
Менің өмірімнің осы кезеңінде жыныстық қатынас болмайды. 
гер де мен ауырып қалған жағдайда маған екпелер қажет болса, 
ен тек бір-ақ рет қолданатын шприцтерді қолданамын 
5. Мен жыныстық қатынаспен айналысуды шешсем, онда 
мен мүшеқапты қолданамын 
6. Мен жыныстық қатынаспен айналысуды шешсем, онда 
менде тек жалғыз серіктес болады 
7. Егер де мен АИТВ немесе ЖЖБЖ-ды жұқтырған 
болсам, мен ата-анама айтқан болар едім. 
8. Мен залалсыздандырылмаған аспаптарды, татуаж, 
пирсинг, т.б. пайдаланбаймын 
Жалпы көрсеткіш____________ұпай 
Жауапкершілік көрсеткіштері: 
21-24 ұпай – өте жауапты 
18-20 ұпай – жеткілікті 
14-17 ұпай – белгілі дәрежеде жауапты 
10-13 ұпай – аса жауапты емес 
10 ұпайдан кем – сіз тәуекелге барудасыз! 


38 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет