33
Бойжеткендер, әр түрлі себептермен қылмыскерлердің, көшедегі тонаушылардың
алғашқы құрбандары болады. Сондықтан ұсынылып отырған кеңестер көбірек
соларға қатысты, бірақ бозбалалар да мүмкін болатын қылмысты дер кезінде
ескертіп немесе алдын алып, құрбыларын қандай қауіптер күтіп тұрғанын білу
керек.
Сонымен, өмірдегі қауіпсіз тәртіптерге байланысты келесі кеңестермен қаруланып
алыңыз.
•
Киіміңіз мен мұндалап тұрмайтындай, ашық және айқын болмауы керек.
•
Киіміңіз қимыл үшін, соның ішінде жылдам қимыл үшін де ыңғайлы
болғаны абзал.
•
Аяқ киіміңіз тек қана би үшін ғана емес, жүру пен жүгіру үшін де ыңғайлы
болғаны жөн.
•
Тәртібіңіз әдепті болып, шектен шықпағаныңыз мақұл.
•
Тым ашық түсті, дөрекі бет әрлеуіңіз өзіңізге назар аудартқыңыз келетінін
білдіреді.
•
Дөрекіленіп, зорыға күлу, бейәдеп әңгімелер белгілі бейімділігі бар
адамдардың назарын аудартады.
•
Бейтаныс немесе аз уақыт таныс болған адамдардың көлігіне отыруға
болмайды.
•
Үйге қайтқанда жарығы мол, халқы көп көшелермен жүру қажет.
•
Жақындарыңыз сізді күтіп алып немесе шығарып салатындай жағдай
жасауға тырысыңыз.
•
Қол астында қарапайым қорғану заттарын ұстаңыз (газдалған баллон,
шашқа арналған лак, шпилькалар, ысқырық, ұнтақталған бұрыш немесе
темекі пакеттері, т.б.).
Өзіңізге қатысты зорлықтан қашқақтап жүру үшін, өзіңіз үшін ең аз шығынмен
шығып кете алатын жолдарын тауып, ойыңызда үнемі әртүрлі жағдайларды ойнап
шығу өте маңызды.
Сонынмен,
қауіпсіз тәртіп – адам өз денсаулығын ең аз тәуекелге ұшырату
тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: