«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет31/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   125
26. Рөлдік ойын. 
Қатысушылардың таңдау жағдайларында жауапты мінез-құлық практикалық 
тәжірибесіне ие болу мақсатында оқытушы қатысушыларды 2 командаға бөліп
«Жауапты шешім» ойынын өткізеді. 
Берілетін тапсырамалар: 

Бірінші топқа: жыныстық қарым-қатынасты бастау пайдасына жататынын 
барынша көп дәлелдерді ойластырып, жазып шығу

Екінші топқа: жыныстық қатынасқа түсу ұсынысынан бас тарту үшін 
барынша көп дәлелдерді ойластырып жазып шығу тапсырылады. 
Оқытушы жағдайды баяндайды: 
Жас жігіт пен бойжеткен бір институтте оқиды. Олар екі айдан бері кездесіп 
жүр. Бірге жүру оларға ұнайды, бірақ одан да жақын қарым-қатынастың уақыты 
келгеніне қыз күмәнді. 
10 минут ішінде командалар бойжеткен мен жігіттің жақын қарым-
қатынасты бастауына «мақұлдау» және «қарсы» дәлелдерін ойластырады. 
Осыдан кейін әр командадан 1 ерікті шығады. 
Бірінші команданың өкілі, өзінің жүретін қызының жыныстық қарым-
қатынасты бастауға көндіруге тырысатын жігіттің рөлін ойнайды. 
Екінші команданың өкілі оған қарсы уәж айтатын бойжеткеннің рөлін 
ойнайды. 
Оқытушы тақтаға тақырып жазады: жыныстық өмірді шегеру. Тақтаны екіге 
бөледі. Бір бөлігіне – «мақұлдау», екіншісіне – «қарсы» дәлелдері жазылады. 
Жауаптардың мысал нұсқалары: 
«Мақұлдау» дәлелдері: 

Махаббат 

Қарым-қатынасты сақтап қалу 

Ләззат алу мақсатында 

Әуестік 

Барлығы осымен айналысатынына сенімділік 

Өзін таныту 

Жалғыздықтан арылу 

Қорғану сезімі 


35 

Ақша немесе сыйлық 

Ешқандай мәселе туындамайтынына серіктестің сенімділігі 
«Қарсы» аргументтер: 

Жүкті болу қорқынышы 

Соз (венерологиялық) аурулары мен АИТВ-ны жұқтырып алудан қорқу 

Физикалық ауыртпалық 

Көңіл толмау 

Ұят 

Ата-аналары біліп қою қорқынышы 

Махаббатты білдіретін басқа амалдар 

Неке тойын күтейік 

Қаламаймын 

Махаббат сезімінің болмауы 

Жыныстық қатынасқа дайын болмау 

Әлі уақыт келген жоқ 

Сезімдерді әлі сынау 
Тапсырмаларды орындап болған соң, оқытушы әр топқа жыныстық 
өмірді бастауды шегеруді, жыныстық қысымның алдын алуға өздерінің 
ойынша, көмектесе алатын кеңестерді талқылап жазып алу ұсынылады. 
Әр топ өз жұмыстарын презентациялайды. 
Жауаптардың нұсқалары. Жыныстық қатынасты шегеруге көмектесетін 
кеңестер: 

Жыныстық қатынасты қаламасаңыз, өзіңізді сексуалды түрде 
ұстамаңыз; 

Жыныстық қатынастан басқа махаббат сезімін білдіру жолдарын іздеп 
көріңіз; 

Кештер мен басқа да шараларға достарыңызбен барыңыз; 

Қысымға түсу жағдайына тап болмай тұрып, «шектен шығу» 
болатынын шешу керек; 

Есірткі мен уытты заттарды қабылдамаңыз; 

Алкогольге қатысты өз шамаңды анықтап алыңыз; 

Өз сезімдеріңізге назар аударыңыз: жағдай жайсыз бола бастаса 
қайтыңыз; 

Сізді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеуі мүмкін деген адамдардан 
қашық жүретін болыңыз; 

Өзіңіз сенім артпайтын адамдардан қашық жүріңіз; 

Көмек ала алмайтын бос, қараңғы жерлерден қашық жүріңіз; 

Бос уақытыңызды толтыруға тырысыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет