«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет30/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Жауапкершілік (жауапты тәртіп)тұлғаның қоғамда қабылданған 
адамгершілік пен құқықтық нормаларға сәйкес, өз міндетін сезінуімен қатар, өз 
әрекеттерін бақылай алатын қабілеті болып табылады.
Репродуктивті денсаулықтың мәселелері аспектісінде (АИТВ, ЖЖБЖ, 
қажетсіз жүктілік) өмірлік дағдылар негізіндегі жауапты мінез-құлықтарға 
жататындар: 

АИТВ, ЖИТС, ЖЖБЖ және қажетсіз жүктілік туралы білімнің болуы. 

Жыныстық мінез-құлықтың қайсысы қауіпті, қайсысы қауіпсіз екенін 
ажырата білу. 

Рухани-адамгершілік құндылықтары негізіндегі қауіпті жыныстық мінез-
құлықтың өзгеруі (серіктеске адалдық, «жоқ» деп айта алу, т.б.). 

Зиянды заттарды (есірткі, алкоголь, темекі, т.б.) қабылдауға қарсы тұра білу. 

Қысым көрсетуге қарсы тұра білу. 

Ата-анаңмен, отбасыңның басқа да мүшелерімен және құрбы-
құрдастарыңмен қарым-қатынас жасай білу. 

Жеке тұлғаға қатысты дағдылардың, соның ішінде өз эмоцияларың мен 
сезімдерін білдіре алатындай болуы қажет. 

Қарым-қатынастарды талдай білу және қоғамда қабылданған социалды 
нормалар мен нанымдарды бағалау. 


34 
Жоғары деңгейлі қауіп тәртібіөз денсаулығына қауіп төндіретін 
мүмкіндіктерді күшейтетін әдеттер мен тәртіп стереотиптері. Мұндай тәртіпке 
қорғансыз жыныстық қатынастар және есірткі, алкоголь қабылдау, шегу жатады. 
БДҰ (ВОЗ) анықтауы бойынша, өмірлік дағдылар дегеніміз – бұл адамға 
күнделікті өмірдің қиындықтары мен қажеттіліктерін тиімді жеңе білуге мүмкіндік 
беретін жағымды және бейімделген тәртіпке қабілеттілік. 
25. Ұжымдық жұмыс. 
Оқытушы оқушыларға мақал-мәтел сайысын өткізуді ұсынады. Денсаулық 
пен тәртіптің қауіпсіздігіне қатысты мақал-мәтелдерді еске түсіріңіздерші. 

Тәні саудың – жаны сау. 
(Рухани саулық – рухани тән тудырады.) 

Арыңды жас кезінен, киіміңді жаңа кезінен сақта.

Басы ауырмағанның тәңірімен ісі жоқ. 

Құдайға үміт арт, бірақ өзің қол қусырып отырма. 

Еңбексіз қармаққа балық та ілінбес. 

Жеті рет өлшеп бір рет кес. 
Оқытушы оқушылардың барлық мақал-мәтелдеріне түсініктемелер беріп шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет