«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 Пікірталас. Отбасында гендерлік рөлдерді бөлуге көзқарас



Pdf көрінісі
бет54/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   125
12. Пікірталас. Отбасында гендерлік рөлдерді бөлуге көзқарас. 
Оқытушы оқушыларға пайымдамалары бар парақтарды тарқатып, оларға әрбір 
пайымдаманың қарсы тұсына «келісемін» немесе «келіспеймін» деген пікір жазуын 
ұсынады.
• Жұмыс – бұл әрине жақсы, дегенмен, әйел адам балалармен үйде болу керек. 
• Үй бикесі болу – бұл жұмысбастылықпен бірдей. 
• Мектепке дейінгі жастағы бала, оның анасының үнемі жұмыс істеуінен зардап шегеді.
• Еркектер әйелдерге қарағанда эмоциялары аз болып келеді. 
• Жұмысбасты ана жұмыс істемейтін ана тәрізді баласымен жылы және мықты 
қатынастар орната алады.
• Жұмысы болу – әйел үшін тәуелсіз болудың ең жалғыз шешімі.
• Ері де, әйелі де үй шаруашылығына материалдық қазына әкелуі тиіс.
• Әкелер де аналардың деңгейінде балаларға қамқор бола алады. 
Сонан соң, берілген пайымдамалардың 2-3-нен пікірталас ұйымдастырылады.  
13. «Қатынасу мен отбасындағы психологиялық ахуал» мультимедиалық 
презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс 
Мысал мазмұн. 
Отбасындағы өмір ері мен әйелінің, ата-аналары мен балаларының 
қатынастарынсыз мүмкін емес. Отбасындағы қарым-қатынас отбасы мүшелерінің бір-
біріне қатынасы мен олардың өзара байланысынан, олардың арасында ақпарат алмасу 
мен олардың рухану байланысынан тұрады. Қарым-қатынас жасау - жұмыс, үй 
шаруашылықтары, денсаулық, достар мен таныстардың өмірі туралы сөйлесуден басқа, 
балаларды тәрбиелеуге, өнерге, саясатқа және т.б. байланысты әңгімелесуді де қосады. 
Отбасылық қарым-қатынастарда ең бастылардың бірі болып табылатын - өзгені 
құрметтеу, оның «Менін» құрметтеу сияқты аса маңызды адамгерішілік қағидаттар.
Дегенмен, айна-қатесіз қарым-қатынастан, яғни тек қана келісімнен тұратын 
қатынас болмайды. Мұндай жағдайларда отбасы мүшелеріне бір-бірінің жағдайларын 
түсіну, өзін басқа біреудің орына қойып көру өте маңызды. Кей кездері келісімге келе 
білу де пайдалы, яғни бір-біріне жол беру. Сондай-ақ, басқалардың қателесуге құқы 
болатындығы сияқты өзінің қателіктерін де мойындай білу өте маңызды. Жылы сөздерге, 
мақтау сөздерге берілмей өз ойларымен жиі бөлісу де маңызды. Қарым-қатынас жасау 
мәдениетінің негізгі құрамдас бөліктері уайым-қайғысына ортақтасу, шыдамдылық, 
көнбістік, ізгіниеттілік болып табылады.
Отбасындағы толыққанды қарым-қатынасқа балалар да зәру. Қарым-қатынас 
балада жеке-тұлғаны қалыптастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
Көптеген отбасыларда, көбірек өзімізде балалар әкесіне қарағанда, анасымен 
көбірек тілдеседі. Кейбір балаларда, тіпті әкесіне де, анасына да сенімді қарым-қатынас 
жоқ. Бұл жағдай көбіне, жұбайлар арасында және ата-аналар мен балалар арасында 
жақын рухани байланыстар орнамаған отбасыларда болады. Бұл балалардың бойында 
толыққанды қарым-қатынастың қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Қарым-қатынас жасай 
алмау -отбасын бұзуға дейін алып барады. Отбасында мұндай қарым-қатынастың 
салдары, қоғамға алып әлеуметтік зиянын тигізетін ұрыс-керіс пен ажырасудан болуы 
мүмкін.
Ата-аналарда осылай, балаларының бойында адамдық қарым-қатынасқа 
қабілеттілік тәрбиесін қалыптастыру жауапкерішілігі жатыр. Ерлі-зайыптылардың қарым-
қатынас жасай білуіне, көбіне, отбасының барлық мүшелерінің адамгершілік-
психологиялық саулығы байланысты. 


63 
Отбасындағы психологиялық ахуал қарым-қатынас жасауға байланысты - олардың 
рухани толғаныстарының, бір-біріне, басқа адамдарға, жұмысқа, айналадағы оқиғаларға 
қарым-қатынасының нәтижесінде пайда болатын отбасы мүшелерінің көңіл-күйлерінің 
жиынтығының нәтижесінде пайда болатын тұрақты эмоциялы көңіл-күй.
Психологиялық ахуалды отбасы мүшелері жасайды. Отбасындағы жақсы 
психологиялық ахуалдың негізі, ең алдымен ері мен әйелінің жалпы адамгерішілк 
көзқарастары болып табылады. Отбасындағы жақсы психологиялық ахуал үшін ұжымдық 
ұйымшылдық, ізгіниеттілік, бір-біріне талаптылық, эмоциялы қанағат және қорғаныш 
сезімі, отбасын мақтан ету, ішкі жоғарғы тәртіптілік, жауапкершілік, ұстанымдылық тән.
Отбасындағы жақсы психологиялық ахуалдың маңызды көрсеткіштері – оның 
мүшелерінің бос уақыттарын бірге өткізуге тырысуы, отбасының ашықтығы, туыстармен, 
көршілермен, достармен және таныстармен жылы қарым-қатынастар. 
Отбасындағы жағымсыз психологиялық ахуал күйзеліске, ұрыстарға, 
психологиялық қысымға, жағымды эмоциялардың азаюына әкеліп соқтырады. Егер 
отбасы мүшелері бұл жағдайды жақсы жаққа өзгертуге ұмтылмаса, онда отбасының 
өзінің өмір сүруі екі талай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет