69
14. Кіші топтардағы жұмыс.
Оқушылар «Орман» (терек, үйеңкі, қарағай, қайың) ережесі бойынша топқа
бөлінеді.
«Терек» пен «Қарағай» топтарына ерте некеге отырудың себептерін флипчартта
жазып, оны талқылау тапсырмалары беріледі.
«Үйеңкі» мен «Қайың» топтарына ерте жастағы некелер қандай салдарларға әкеліп
соқтыратындығын
флипчартта жазып, оны талқылау тапсырмалары беріледі.
Топтар өз жұмыстарын таныстырады.
15. «Ерте жастағы неке мен ана болудың себептері мен салдары» мультимедиалық
презентациясының сүйемелдеуімен өтетін шағын-дәріс.
Мысал мазмұн.
Ерте жастан некеге отыру себептері:
1. Махаббат – үйленуді/күйеуге шығуды өте жиі армандайтын тілек, ол аяқ астынан пайда
болады. Кез-келген ғашықтық сезім жалғыз және ең күштісі болып қабылданады. Сонан
соң жас жұп алып-ұшқан көңіл-күйдің әсерінен, ойланбай неке отырады.
2. Қажетсіз жүктілік – ерте жастан отбасын құруға жиі себеп болады. Жас адамдар
жыныстық өмірді ерте бастайды, оның
салдары некеге отырып, өздерінің қатынастарын
рәсімдеуге итермелейтін жүктілікке әкеледі.
3. Ата-ананың қамқорлығынан қашуға ұмтылу. Жастар отбасылық өмірге ене отырып,
өздерін не нәрсеге итермелеп жатқандықтарын жиі түсіне бермейді, дегенмен, ата-ананың
қарауынан кетіп қалу сезімі күштірек болады.
4. Қате түсініктер. Ерте некеге тұрудың жиі кездесетін себебі – қате түсініктер: қыздар
болашақ күйеуі – ол «ақ тұлпардағы ханзада» деп, ал отбасылық өмір ертегідегідей
болады деп ойлайды.
5. Кейде ерте неке оның сезімдеріне теріс жауап берген сүйіктісінен кек алу ретінде
құрылады,
ондай некелер, әрине, тез бұзылады.
Ерте некеге тұрудың әсерінен болған жағымсыз құбылыстар мен олардың салдары:
1. Мұндай некелердің зиянды салдары арасындағы – отбасы және достармен
ажырасу, құрдастарымен сөйлесуде және қоғамдық өмірде қатысуда еркіндіктің
болмауы, сонымен бірге, білім алу мүмкіндіктерінің төмендеуі.
2. Білім мен мансаптық өсудің болмауы. Ата-анасы материалдық тұрғыдан
көмектеспесе, отбасын асырау үшін ер адамға жоғарғы білімді ұмытып, жұмысқа
шығуына тура келеді. Әйелге де
оқу мен білім туралы ұмытып, баланы өсіруге
тура келеді.
3. Невроз және тұрақты психо-эмоциялы қысым. Жас, жасөспірімдік психика өмірдің
мұндай өзгерістеріне, қатал, күнделікті қайталанатын өмір сияқты себептер
дайындалмаған жүйке жүйесіне көбірек әсерін тигізе отырып, күйзеліс салдарын
тудырады.
4. Көңілі қалу. Ерте жастағы некелер екі жыныс өкілдерінің жүздерінде көңілі
қалушылықты алып жүреді. Жас жігіт қызынан аналық қамқорлық пен махаббатты
күтеді, ал
қыз ертегіге тап болып, өзінің барлық армандарының орындалуын
қалайды, себебі, оның таңдағаны – ол үшін барлық ерліктерге баратын – сері ғой,
солай ол өзін ханшайымдай сезінгісі келеді.
5. Жұбайының көзіне шөп салу. Жүктіліктің әсерінен немесе ата-анасынан қашуға
ұмтылудың салдарынан пайда болған неке, шөп салушылықтың жиі себебіне
айналатын өзінің сүйіктісінен тез көңілі қалуға әкеліп соқтырады.
70
6. Статистика ерте некенің көбісі бұзылатындығын алға тартады. Зерттеу нәтижелері
бойынша, шамамен ерте некенің 82% алғашқы 1-2 жыл бірге өмір сүруден кейін
ажырасумен аяқталады.
Халықаралық зерттеулер ерте некенің салдары ауыр екендігін анықтауда. Жекелеп
айтқанда, неке тіркелмейді, оның себебінен бала заңсыз туылады да, оған туылу туралы
куәлік берілмейді. Ерте некелердегі ажырасудан кейін жас әйел баспанасыз және нансыз
қалатыны сирек жағдай емес.
Сонымен қатар, ерте некеден пайда болған балалар жиі
аурушаң болып туылады.
Жасы 18 жастан төмен аналар арасында олардың алғашқы жылдарында жаңа
туылған балалардың өлім-жітімі ересек әйелдің туылған балаларымен салыстырғанда
60% жоғары. Ерте жүктіліктің нәтижесіндегі қиындықтар – 15 пен 19 жас аралығындағы
қыз балалардың өлімінің басты себебі.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) ерте күйеуге шығудың жасөспірім-
қыздардың денсаулығы үшін ұзаққа созылатын физикалық және психологиялық
жағымсыз салдары бар екендігін атап айтады. Олар
айғақ бойынша балалықтан
айырылады, білім алу мен жанына жақын жұмыс табу мүмкіндігінен де айырылады.
Әлеуметтанушылардың пікірінше, ерте некелер қыз балаларды олардың толыққанды
ересектер өміріне кірісуі үшін ең негізгі құқықтарының бірі – білім алу құқығынан
айырады. Ерте неке гендерлік феномен және адам құқығының бұзылуы ретінде
қарастырылады.
Әйел құқықтарын қорғау
саласы бойынша сарапшылар, жас қыздардың ерте
жастан күйеуге шығуын тұрмыстық зорлық айғағы ретінде қарау қажет екендігін алға
тартады. БДҰ, БҰҰ-ның тұрғын халықтар аясындағы Қоры мен оның халықаралық
серіктестері, ерте некенің тәжірибесін тоқтату керектігі туралы шешімдерге толық. Олар
мемлекеттерді ерте күйеуге шығудың «адам құқықтарын бұзу,
жасөспірімдердің
денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер тудыру екендігін және бұл зиянды дәстүрдің алдын
алу бойынша стратегия құру керек екендігін» мойындауға шақырады.
Адам құқықтарын сақтау - еркектер мен әйелдердің теңдігігн қадыптастыруға
көмектеседі. Гендерлік теңдік сексуалды мінез-құлық және отбасын жоспарлау туралы
шешімді теңқұқылы шешуге көмектеседі. Әрбір адам сексуалдық асыра
пайдаланушылық, жағымсыз мінез-құлық пен жыныстыққа негізделген зорлық сияқты
адам құқығының бұзылушылықтары мен гендерлік теңдікке болысуға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: