«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет81/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   125
50. Кіші топтардағы жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі. 
Топтар жасөспірім шақтағы жеке гигиена талаптарын құрастыру туралы тапсырма алады. 
Бірінші топ – қыздарға арналған. 
Екінші топ – ұлдарға арналған. 
Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады және топтық жұмыстар 
презентацияланады. 
51. «Жасөспірім шақтағы гигиенаның ерекшеліктері. Жеке өмір және 
физикалық қол сұғылмаушылық» атты мультимедиалық презентацияның 
сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі. 
Мысал мазмұн 
Жасөспірім шақтағы гигиенаның ерекшеліктері. 


92 
Жеке гигиена – адам денсаулығының сақталуы мен күшеюіне үлес қосатын гигиеналық 
ережелер жиынтығы. Жалпы гигиеналық талаптар барлық жастағы адамдарға қатысты: 
ақыл-ой мен физикалық еңбектердің дұрыс алмасып келуі, физикалық жаттығулармен 
айналысу, тамақтануды реттеу, еңбек пен белсенді демалыстың алмасуы, толыққанды 
ұйқы. Жеке гигиенаға, сонымен қатар, денені, төсек-орындарды, киім, тұратын орынды, 
ас дайындау кезіндегі гигиеналық талаптарды сақтау жатады. 
Жасөспірім шақта сабақ орындау, ұйқы, демалыс, тамақтану режимдерін тиімді 
құрастыру өте маңызды. 
Жыныстық жетілу кезінде бұлшықеттерді қатайтуға арналған жаттығулар жасау маңызды 
орын алады. Қаңқаның майысуын (омыртқа жотасының және жамбастың) болдырмау 
үшін, бұл қыздарда босану кезінде жағымсыз әсер етеді, мектептегі оқушылардың 
мүсінінің дұрыс қалыптасуын қадағалау қажет. 
Жасөспірім жаста ми зорланып жұмыс істейді, сол себептен ұйқы уақытында және 8-9 
сағаттан кем болмау керек. Бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұру қажет. Бала өз 
төсегінде жату керек. Төсек тым жұмсақ, жылы болмау керек, түнгі киім бос және жеңіл 
болуы шарт – бұл әсіресе, жыныстық мүшенің зақымдалуына әкеліп соғу мүмкіндігі бар 
тар ішкиім киетін ер балаларға қатысты. 
Дененің тазалығына әрқашан мән беріп жүру керек. Себебі, жасөспірім шақта қолтық 
астында және жыныстық мүшелердің аумағында орналасқан тер бездері белсенді 
функциялана бастайды. Бөлініп шыққан тер бактериялармен бірігіп, айналаға жағымсыз 
иіс тудырады. Ұйықтар алдында сумен жуынып алған дұрыс. Күнде кешкісін аяқты жуып 
тұру ағзаны шынықтырады, тек аяқты ыстық сумен емес, жылы сумен сабындап жуып 
тұру керек. 
Тағы бір мәселе – жасөспірімдік безеу – беттегі май бездерінің белсенділігі, терідегі ұсақ 
тесіктерді бітеп тастайтын тері майын бөліп шығарады. Тері майы бактериялармен 
біріккенде, тері қабынып, безеулер пайда болады. Бұл жағдайда ең маңыздысы – жеке 
гигиенаны сақтау. Бетті күніне кем дегенде екі рет жуып тұру керек, безеуді сығуға 
болмайды, әйтпесе жұқпалы ауру жұғуы мүмкін. Сулық, лосьондар, безеуге қарсы 
кремдер пайдалануға болады. Егер безеу жоғалмаса, дерматологқа немесе косметолог 
мамандарға көрінуге болады. 
Жасөспірім шақта үй тапсырмасын орындау ұзақтығы 2,5-3 сағаттан аспау керек. 
Сабақты орындап болғаннан кейін 3 сағаттан кем емес уақыт таза ауада болу ұсынылады 
(серуендеу, физикалық жаттығулар). 
Тамақтану режимі үлкен мағынаға ие. Балалар күніне арасына 4 сағат салып, күніне 4 рет 
тұрақты түрде тамақтанып тұру қажет. 
Тамақ әртүрлі және жас ағзаға қажетті барлық заттардан тұру керек. 
Қаңқаның жылдам дамуы (қатаюы), сүт тістердің орнына үлкен азу тістердің шығуына 
және ақыл тіс деп аталатын тістің пайда болуына – жеміс-жидектерде болатын 
дәрумендер мен тұздар қажет, сонымен қатар тағам жетерліктей калориялы болуы керек. 
Ішектің жұмысына баса назар аудару қажет. Әдеттегі созылмалы іш қатулар кіші 
жамбастағы қан айналымын тоқыратып қоюы мүмкін. Жас қыздарда іш қатудың әсерінен 
етеккір бұзылады, ақ етеккір пайда болады (жыныстық мүшедегі бөлінуер). Іштің 
қатуымен балалық шақтан бастап күресу керек. Белгілі бір уақыттарда ішекті босатып 
тұруды үйрену керек. 
Ұйықтар алдында міндетті түрде тісті тазалау керек. Түні бойы тістің арасындағы 
қалдықтар ыдырайды, соның нәтижесінде тісті құртатын микробтар көбейеді. 
Ағзаны шыңдау үшін сумен жуыну ұсынылады. Аптасына бір-екі рет ванна немесе душ 
қабылдап, күн сайын тер мен кір көп жиналатын жерлерді (тізені, жыныстық мүшелерді, 
қолтықты және т.б.), бет пен мойынды айтпасақ та болады, жуып тұру қажет. 


93 
Жасөспірімдер кейде шаршағыштық, жаттығу кезінде жүректің шаншуы туралы 
шағымдар айтады. Физикалық жаттығулардың дұрыс жинақталған кешені жүрек 
бұлшықетінің жұмысын жақсартып, әлгіндей жағдайларды болдырмайды. 
Оқу жылындағы ұйықтау мен тамақтану режимі каникул уақытында да сақталуы тиіс. 
Демалыс пассивті болмай (компьютердің алдында аз отыру), белсенді, алуан түрлі 
(туризм, саяхаттау, ойындар) болуы шарт. Режимнің дұрыс құрылуы – қалыпты өсу мен 
ағзаның дамуының тамаша кепілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет