«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет86/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Негізгі құндылықтары – таңдау, абырой, алуан түрлілік, теңдік және құрмет. 
Сексуалдылық контекст сонымен қатар мыналарды білдіреді: 
таңдау: таңдау еркіндігі, сексуалдылықтың пайда болуы, мәжбүрсіз бір-бірі 
туралы ақпараттарға, қызметтерге, құрметке ие болу құқығы; 
абырой: әрбір адам жасына, нәсіліне, классына, жыныстық қажеттіліктерге және 
бағдарлауға, ұнатуға, салт-дәстүріне және басқа да анықтаушы статус-факторларға 
қарамастан бағалы; 


97 
теңдік: ер мен әйел тең, бірдей құрметке ие және жыныстық денсаулығына 
қатысты барлық ақпараттарға, қызметтерге бірдей мүмкіндігі бар; 
құрмет: барлық ерлер мен әйелдер құрметке ие болу құқығына ие. 
Сексуалды мінез-құлық – адамның белгілі бір жынысқа қатысты қажеттіліктерді 
бағалау әрекеті. Бұл негізінен сыртқы ерекшеліктерге (шаш үлгісі, косметикаларды 
қолдану, бояну және т.б.), киімге, өзін ұстау мәнеріне, тілді пайдаланудағы қылықтар 
жүйесіне байланысты құрылған мінез-құлық. Жыныстық танымдардан құралған аталған 
ерекшеліктерді пайдалану, өзінің жыныстық иеліктерін көрсету болып табылады. 
Сексуалды мінез-құлық негізінде әулетті жалғастыру инстинкті жатады. Қоғамның 
көрсеткен жыныстық тәрбиесі, жыныстық және жас аралық айырмашылыққа ие. Ерлерге 
рұқсат етілген нәрсе әйелдерге рұқсат етілмейді, және керісінше де болады. Бұндай 
екіжақты норма «екіжақты стандарт» деп аталады. Жыныстық мінез-құлыққа жас 
нормалары да әсер етеді. Балаларға жарамды нәрсе жасөспірімдерге жарамсыз және 
басқалары. 
Жыныстық қарым-қатынас балаларда ерте жастан басталады, ьірақ сексуалды 
құмарлық жыныстық жетілу кезеңінен басталады. Дәл осы уақытта, ер мен әйелді 
айыратын қосымша жыныстық белгілер пайда болады. Дәл осы уақыт кезеңінде жастар 
нақты сексуалды соққы мен физиологиялық қажеттіліктер сезіне бастайды. Бұл көбірек 
ер балаларға қатысты. Жасөспірім кезеңдегі қыздарда сексуалды ояну көмескі және 
негізінен эмоцияларға, романтикалық жағдайларға байланысты болады. 
Физиологиялық қажеттіліктердің оянуы жастық шақта, атап айтқанда 
бозбалаларда пайда болады, бұдан бозбалада ересектерге мінезінің қиындығын көрінетін 
тынымсыздық қалыптасады. Жасөспірімдердің көңіл-күйі ауыспалы болып кетеді. Оларға 
бір нәрсеге ұзақ уақытқа назар аудару қиын болады. Көбіне олардың мектеп 
тапсырмалары да орындалмай қалады. Жастар әдетте көп уақытын достарымен бірге 
белсенді ойындарға жұмсауға қызығады. 
Психо-сексуалды ересектікке жеткен бозбала мен бойжеткен, өзгелердің ішінен 
махаббат пен достық үшін әлдекімді таңдап ала алады.
Жасөспірімдік кезең – бұл, кезекті жақын қарым-қатынасқа дайындалу уақыты. 
Жасөспірімдер өз эмоцияларын басқаруды үйренеді. Олар сүйе білу және сүйікті бола 
білу, басқа адамдармен жақын қарым-қатынаста болу мүмкіндіктерін дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет