1-топ бұл жағдайды Сәнияның көзімен қарап шығу. Сәнияның халін жазып және оған бұл
қиын жағдайдан шығудың лайықты жолын айтыңдар.
2-топ бұл жағдайды Сәнияның сыныптастары көзімен қарап шығу. Сыныптастардың
қыздың ісіне қатысты қарым-қатынасының бірнеше нұсқасын жазып шығыңдар, болған
жағдайға өз көзқарастарыңызды білдіріп, қызға бұл жағдайдан шығудың жолын
айтыңдар.
3-топ бұл жағдайды ата-аналардың көзімен қарап шығу. Сәнияға бұл жағымсыз
жағдайдан құтылу үшін қалай көмектесуге болады, балалардың құпия күнделік арнауына
қалай қарайтыныңызды жеткізіңіз.
Оқытушы талқылаудың қорытындысын шығарады.
Әрбір адамның талап етуіне және қолдануына болды:
- Физикалық дербестікті
- Өзі туралы жеке ақпараттарды қорғауына
- Жеке әңгімелерде сақтауға
- Үйін қорғауға
Адам мемлекет пен қоғамның бір бөлігі болып табылады, дегенмен ең үлкен бағалысы
болып дербес жеке өмірі саналады.
Әрбір адамның ұнататын, ұнатпайтын әдеттері болады. Құпиялар, армандар, тілектер
және басқалары бір сөзбен айтқанда – жеке өмір болып табылады. Бөтендердің
әңгімелерін, хаттарын оқуға болмайтынын бәріміз білеміз. Әр қайсысымыздың жабық
күйінде қалуын қалайтын жеке өміріміз болады. Бұл сіздің жан дүниеңіздегі, үйдегі,
отбасындағы жағдайлар болуы мүмкін. Адам жеке және отбасылық құпия сақтауға
құқылы.
54. Пікірталас. Оқытушы қатысушыларға бұл жаттығуды орындауда қате жауап беруден қорқудың
қажеті жоқтығын түсіндіреді. Әр қатысушыға бір карточкадан тарату керек. Карточкаға
«секс», «сексуалдылық» және «сексуалды мінез-құлық» терминдеріне жеке түсінігін
жазбаша немесе сурет салу арқылы жеке жеткізуін сұраңыз.
Содан кейін әрбір қатысушы карточкасын оқып немесе көрсетіп, тақтаға немесе
флипчартқа жапсырып қояды. Әрбір қатысушы жоғарыда айтылған терминдер туралы өз
ойларын дауыстап айтып береді.
Келесі сұрақтар оқушылармен бірге талқыланады:
Бұл жаттығуды аралас жынысты топта орындау кезінде өзіңізді қалай сезіндіңіз?
Неліктен?
Ерлер мен әйелдердің эмоционалды ерекшеліктері бар ма? Қандай?
Бойжеткендер мен бозбалалар тартымды көріну үшін өздерін қалай ұстайды?
«Сексуалды қыз», «сексуалды жігіт» деп жиі айтылады. Бұл нені білдіреді?
96
Некеге дейінгі жыныстық қатынасқа қалай қарайсыз?
Жыныстық қатынасқа бармай-ақ біреуге махаббатыңызды білдіре аласыз ба?
Қалай?
Оқытушы пікірталастың қорытындысын шығарып, жоғарыдағы терминдерге түсінік
береді.