«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Ерлердің жыныстық мүшесінің гигиенасы



Pdf көрінісі
бет82/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Ерлердің жыныстық мүшесінің гигиенасы ерте жастан бастап жыныстық мүше 
мен оның айналасын тұрақты түрде жуып тұруға негізделеді. Жыныстық мүшенің 
қабынуы мен іріңді бөлінулер болған жағдай міндетті түрде уролог-дәрігерге көріну 
керек. 5 жастан кейін көп адамда жыныстық мүшенің ұшы жыныстық мүшенің басын 
ашуға мүмкіндік береді, ол шырышпен, дәреттің тамшысымен қоректенетін 
микробтардың жиналатын жері болып есептеледі. Жуу күнделікті жылы сумен сабындап, 
құрғату әрекеттері арқылы жүргізіледі. Жасөспірім жаста ер бала жыныстық мүшесін өзі 
күтуді әдетке айналдыру керек. Жасөспірімге поллюцияның пайда болатындығы туралы 
ескертіп, оны бұған психологиялық түрде дайындау қажет. Поллюциядан кейін 
жыныстық мүшені міндетті түрде жылы сумен жуу керек. 
Жыныстық мүшені таза ұстау бала мен ересектердің өмір бойғы әдетіне айналуы 
тиіс. 
Етеккір кезіндегі гигиена ерекшеліктері. 
Етеккір кезінде міндетті түрде дене мен жыныстық мүшенің сыртқы жағының тазалығын 
сақтау керек. Денеге тамған қан оны ластайды және микробтар үшін жақсы тамақтану 
орны болып табылады. Қынап пен жатырға түссе, ісіп қызару процессін туғызады. 
Бойжеткен етеккір кезінде күніне 2-3 рет, алдын ала қолын жуып, жылы қайнаған сумен 
сабындап жуынып тұру қажет. Сыртқы жыныстық мүшелер, анус аймағын, бұтаралықты 
ағып тұрған сумен алдынан артына қарай бағытта жуу керек, сосын таза жұмсақ матамен 
құрғатып сүрту керек. 
Етеккір күндерінде ванна қабылдауға және өзенде немесе теңізде шомылуға болмайды. 
Мұндай жағдайда душ қабылдау ұсынылады. Ішкі киімді жиі ауыстырып отыру қажет. 
Дәріханалардан гигиеналық пакеттер, төсемелер сатып алуға болады, оларды 
бөлінулердің көлеміне байланысты әр 3-6 сағатта ауыстырып отыру қажет. 
Етеккір кезінде бойжеткендер, аса көп күш жұмсау мен қатты шаршаудан бас тартып 
қарапайым өмір салтын ұстануларына болады. Бірақ кейбір шектеулер бәрібір қажет-ақ. 
Сонымен, етеккір күндерінде ұзақ уақытқа мүмкіндігінше ауыр заттарды көтеру, 
тасымалдау сияқты ауыр физикалық жұмыстарды істеуге болмайды. Мұндай күндерде 
көп физикалық әрекеттерді талап ететін спорт түрлерімен (ескек есу, жүзу, ат үстінде 
жүру, снарядтардағы гимнастика, коньки тебу, волейбол, теннис ойнау) айналысуға 
тыйым салынады. 
Етеккір кезінде қатты тоңудан, әсіресе дененің төменгі жағы мен аяқтарға суық өтуден 
сақтану керек, себебі, бұл етеккірдің күшеюін, ауырсыну, жалпы әлсіздік тудыруына 
әкелуі мүмкін. 
Бұл кезеңде ащы тағамдар, ақжелкек, уксус, бұрыш, қыша қолдануға, сонымен қатар 
алкогольді ішімдіктерді ішуге болмайды, себебі олар жыныстық мүшедегі қан кернеуінің 
көбеюінен етеккірдегі қан ағу күшеюі мүмкін. Несеп қуығы мен ішектің толып кетуінен 
сақтану керек, себебі бұл жағымсыз әсерлер шақыруы мүмкін (ауырсыну, етеккір 
кезіндегі қан ағуды тежелуі және басқалары). 
Жыныстық өмірдің басталуында,алғашқы жыныстық байланыстан соң 2-3 күн қыздық 
перденің жыртылуы жазылғанша физикалық жақындықты тежеу керек. Үдемелі 


94 
инфекция мен қан ағу қаупіне байланысты етеккір күндерінде де жыныстық қатынастан 
бас тарта тұрған дұрыс.
Төсемелерді пайдаланып болғаннан кейін оларды өртеп жіберу керек немесе газетке орап 
қоқыс шелекке тастау қажет. Мұны ұқыпты түрде істеу қажет. Интимді заттардың бөтен 
адамдардың көзіне түсуі жағымсыз әсер етеді. 
Іш киімнің сапасына көңіл бөлу керек, етеккір күндерінде және басқа уақытта да капрон 
немесе нейлоннан жасалған іш киімдерді кимген жөн, бұл әсіресе суық, ылғалды күндері 
зиян. Мақтадан жасалған, тоқылған іш киімдерді қолданған жөн. 
Бойжеткенге етеккір күнтізбесін жүргізген дұрыс, оған етеккір келген мерзімді, оның 
ұзақтығын және қан ағу көлемі туралы (шамалы, көп, өте көп) деректерді енгізіп отыру 
керек. Сонымен қатар, етеккірдегі ауырсынулар мен оның қарқындылығын да белгілеп 
қойған жөн. 
Етеккір аяқталған соң қыз жыныстық мүшесін күту ережелерін сақтап, күніне екі рет 
қолды жуып алған соң жылы сумен сабындап жуып отыру қажет. Іш киім күн сайын 
ауыстырылып тұруы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет