ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Куликовская И.Э., Совгир Н. Н. Детское экспериментирование. – Москва:
Педагогическое общество России, 2003. — 80 с.
2.
Аймағамбетова Қ. Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру. – Алматы.
Балауса. 2003. – Б. 54.
3.
Маневцова Л.М., П.Г. Саморукова. / Мир природы и ребенок. – Санкт-Петербург,
1998.
4.
Организация экспериментальной деятельности дошкольников.
5.
Тугушева Г.П.,Чистякова А. Е.Экспериментальная деятельность детей среднего и
старшего дошкольного возраста: Методическое пособие.— СПб.:ДЕТСТВО- ПРЕСС,2007.
Резюме
Аймагамбетова К.А., профессор, Садуакас А.С., магистрант
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Ознакомление с окружающей средой детей предшкольного возраста посредством
экспериментального метода
Данная статья написана на основе работ психологов и педагогов, она способствует
проявлению собственных знаний о природе посредством эксперимента детям дошкольного
возраста. Также, следует отметить значение экологического образования в развитии детских
познавательных способностей. Получая экологическое образование, дети дошкольного
возраста усваивает знание о природе, получают патриотическое воспитание. E.С.Евдокимова
разделила типы проектов, связанных с экспериментом. В настоящее время в
конкурентноспособном образовательном пространстве лидером сможет только энергичный
и мощный, высокообразованный и квалифицированный специалист, этот фактор отмечает в
своем послании лидер нации Н.А.Назарбаев в своем послании народу Казахстана.
Ключевые слова: окружающая среда, природа, эксперимент, ценности и когнитивные
исследования, самооценка, экологическое образование.
Summary
Aymagambetova K.A.,Professor, Saduakas A.S., Master
(c. Almaty, the Kazakh State Women's Pedagogical University)
Introduction to the environment preschool-age children by experimental methods
This article is based on the work of psychologists and teachers will help pre-school children
of their knowledge of nature by experiment. In addition to the development of children's cognitive
abilities should be noted the importance of ecologıcal education. Teaching ecologıcal education
children acquire knowledge about nature, considering the patriotic education. E. S. Evdokimov
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
115
shared types of projects related to the experiment. Currently, in the competitive world can become a
leader in energetic and formidable, educated and skilled, he is our leader N. А. Nazarbayev
considers this issue as the main reason.
Kеy words: environment, nature, experiment, values and cognitive studies, self-assessment,
and environmental education.
ӘОЖ 373
БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қ.М.Меңдаяхова, п.ғ.д., профессор
Г.Г.Ошақбай, магистрант
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада қазіргі таңдағы ақпараттану заманында мектепке дейінгі ұйымда
бала тілін жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып дамытудың маңызы
сипатталады. Қоғам талабына сай жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру үрдісі
инновациялық жаңашылдық бағытта жүзеге асырылуы тиіс. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі
ұйымда балалармен жүргізілетін жұмыстар жаңа әдіс-тәсіл, жаңа бағытта инновация
негізінде ұйымдастырылуы шарт. Бала тілін дамытуда жаңа инновациялық технологияларды
түрлендіре, жаңарта отырып қолдану – педагог шеберлігін шыңдауға, кәсіби құзыретін
арттыруға белгілі деңгейде өз әсерін тигізері анық. Мектепке дейінгі ұйымда бала қабілетін
барынша дамытуға мүдделі, ерекше шеберлікке, жаңашыл сезімге ие, сыни ойлайтын,
креативті, бастамашыл педагогтарды қалыптастыру біздің қоғамның маңызды мәселесі.
Осындай құзыретті, дарынды, өз мамандығын сүйетін мамандармен біздің қоғам
толықтырылып отырса, сонда ғана алға басу мен болашаққа сенімді қадамдар басылады.
Отанымыздың гүлденуі білімді ұрпақтың қолында.
Түйін сөздер: инновациялық технология, жаңашылдық, әлеуметтік сұраныс,
педагогикалық үрдіс, материалдық-техникалық база, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрал, векторлық және графикалық жабдықтар.
Қоғамның үздіксіз дамуына байланысты жас ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу, қоғам
талабына сай жан-жақты етіп қалыптастыру міндеттері күн санап күрделеніп бара жатыр.
Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында (2014 ж.) «Жас мемлекетіміздің
болашағы – бүгінгі ұрпақ. Оларға бірдей талап қойып, ана тілінде еркін, сауатты, жүйелі
сөйлеулерін дамыту, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі» деп көрсетеді.
Қазіргі таңдағы ақпаратттану заманында жалпы білім беру жүйесі көптеген жаңа
ғылыми жаңалықтарға толуда. Білім беру жүйесінің баланы тәрбиелеу мен оқытудағы негізгі
баспалдағы – мектепке дейінгі ұйым.
Мектепке дейінгі ұйымның басты мақсаты – баланың білім, білік, дағдыны игеруіне
қолайлы жағдай туғыза отырып, оның мүмкіндіктерін ескеру негізінде жан-жақты дамуын
іске асыру. Мектепке дейінгі мекемеде бала дамуына белгілі деңгейде кедергі келтіретін
көптеген жағдаяттар кездеседі. Кездесетін жағдаяттардың негізгілерінің бірі – бала тілін
дамыту мәселесі. Бұл мәселе мектепке дейінгі мекемеде балалар тілін дамытуда
тәрбиешілерге көптеген міндеттерді жүктеп, оны шешу жолында көптеген ізденіс пен
шығармашылықты қажет етеді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер, қоғамның әлеуметтік сұранысын
қанағаттандыратын мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың тиімді нысандары мен
әдістерінен тұратын білім беру үдерісін ұйымдастыру сапасын жақсартумен сипатталады.
Қоғам талабына сай жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру үрдісі инновациялық
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
116
жаңашылдық бағытта жүзеге асырылуы тиіс. Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымда
балалармен жүргізілетін жұмыстар жаңа әдіс-тәсіл, жаңа бағытта инновация негізінде
ұйымдастырылуы шарт. Бала тілін дамытуда жаңа инновациялық технологияларды
түрлендіре, жаңарта отырып қолдану – педагог шеберлігін шыңдауға, кәсіби құзыретін
арттыруға белгілі деңгейде өз әсерін тигізері анық.
«Инновациялық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген
пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ
тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, түрлері мен әдістерінің
күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында
баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».
«Инновация» – бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты
мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Педагогикалық үрдіс
мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып,
педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен
нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновация – бұл тәрбиелеу жұмысына жаңа
тәсілдерді, әдістерді, құралдар мен тұжырымдарды анықтайтын жаңалықтарды енгізу.
Қазіргі өскелең ұрпақ еліміздің болашағы. Бала мүмкіншіліктері мен қабілетінің
дамуына жағдай туғызу қажеттілігі қоғамның өзекті сұранысына айналып отыр. Әрине, ол
үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен
дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығының
жоғары болуына байланысты. Яғни, инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек
ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай
жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.
Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде
оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке
дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары жасалып
енгізілуде. Білім беру жүйесінде инновациялық технологияны қолдану келешек ұрпақтың
еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау
болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялар:
ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық
оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, оқытудың
компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбие мен білім беру үдерісін ұйымдастыруда, ең
алдымен материалдық-техникалық базаны нығайту қажеттілігі туындайды. Осыған
байланысты мектепке дейінгі ұйымда жеке кабинеттер мен қосымша бөлмелерді
интерактивті тақта және мультимедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сонымен қатар,
мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы
зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті
тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік
кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер
құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс
табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен
пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер
ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді
және ұтымды пайдаланар еді.
Заманауи мектепке дейінгі ұйымда арнайы инновациялық, жаңа технологиялармен
қамтамасыз етілген кабинетте мыналар болуға тиісті құралдар: аудио-видео құралдар,
компьютер, интерактивті плакаты, қазақ тілін интерактивті үйренуге арналған «Сиқырлы
қалам» кешені, «Қазақ ертегілері», «Бізді қоршаған орта» дискілерінің жинағы, «Ғажайып
қазақ тілі» тілді оқытуға арналған мультимедиялық кешені.
Инновациялық оқыту құралдарының тиімді жақтары:
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
117
-
оқу уақытын ұтымды және тиімді қолдануға мүмкіндік береді;
-
балалардың қызығушылығы артады;
-
қайталауға мүмкіндік алады;
-
алынған білімді нығайтады;
-
баланың белсенділігін арттырады.
Қорытындылай келетін болсақ, аталған педагогикалық технологиялар мен
инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға
балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі
балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар
затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың
оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
«Тәрбиеші әртүрлі әдістерді қолдана алуына қарай бала сөйлеуін басқаруды игеруі тиіс
деген, себебі: кез келген іс-әрекетте тәрбиешіге баланың сөздік қорын дамытып, сөйлеу
дағдыларын игертуі бала танымының жоғарлауына әкелетін негізгі жолдардың бірі деп
білген». Уақыт өзгерген сайын әдіс-тәсілдердің де толықтыратын тұстарын толықтырып,
жаңартып отыру әр тәрбиеші мен педагог маманның шеберлігіне жүгінетін үрдіс.
Мектепке дейінгі ұйымда бала қабілетін барынша дамытуға мүдделі, ерекше
шеберлікке, жаңашыл сезімге ие, сыни ойлайтын, креативті, бастамашыл педагогтарды
қалыптастыру біздің қоғамның маңызды мәселесі. Осындай құзыретті, дарынды, өз
мамандығын сүйетін мамандармен біздің қоғам толықтырылып отырса, сонда ғана алға басу
мен болашаққа сенімді қадамдар басылады. Отанымыздың гүлденуі білімді ұрпақтың
қолында.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы, 2014.
2.
Бұзаубақова
К.Ж.
Мұғалімнің
инновациялық
іс-әрекетке
даярлығын
қалыптастырудың теориясы мен практикасы. – Алматы. – 2009.
3. Мендаяқова Қ. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесі.
– Алматы. – 2010.
4. Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы. – № 12, 2014.
5. «Басқару және ұйымдастыру» журналы. – №2, 2016.
Резюме
Мендаяхова К.М., д.п. н., профессор, Ошакбай Г.Г., магистрант
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Значимость применения инновационных технологии в развитии речи детей
В данной статье рассматриваются проблемы и значение развития детской речи
посредством новых инновационных технологии в дошкольных организациях в условиях
информатизации современного общества. Процесс формирования зрелой, разносторонне
совершествующейся личности, соответствующей требованиям современного общества,
должна осуществляться в инновационном направлении. В современных условиях работа
проводимая в дошкольных организациях, должна организовываться на основе новейших
методов и приемов, инновационных направлениях. Если совершенствовать и применять
инновационные технологии в развитии речи детей, то это будет способствовать развитию
мастерства педагога, повышению профессональной компетенции педагога. Важная задача
нашего общества – это формирование инициативных, креативных, компетентных,
критически мыслящих, особо одаренных, склонных к максимальному развитию
способностей детей в дошкольных организациях. Если наше общество будет пополняться
такими компетентными, талантливыми, любящими свою профессию специалистами, только
тогда можно делать целенаправленный и уверенный шаг в будущее. Расцвет нашего
Отечества в руках будущего образованного поколения.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
118
Ключевые слова: инновационные технологии, инновации, социальный спрос,
образовательный
процесс,
материально-техническая
база,
интерактивная
доска,
мультимедия, векторные и графические оборудования.
Summary
Mendayahova K.M., doctor of pedagogical sciences, professor, Oshaqbay.G.G., master
(c. Almaty, Kazakh State Women
,
s Teacher Training University)
The importance of the use of innovations technololgy in the development of children’s
speech
Article is devoted to the use of innovative technologies in the education of future generations
to the development of free, comprehensive training, active, important to create conditions for the
creative use of existing innovative technologies and effective methods in the educational system.
Key words: innovative technology, innovation, social demands, the educational process, the
material and technical base, interactive whiteboards, multimedia, vector graphics and equipment,
etc.
ӘОЖ:373.2:73\76
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Л.М.Нуркасинова, пс.магистрі, аға оқытушы
А.К.Құлымбаева, пс.магистрі, аға оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың бейнелеу іс-әрекетінің
психологиялық ерекшеліктері және бала суреттерінің диагностикалық мүмкіндіктері
қарастырылады. Бейнелеу іс-әрекеті мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойын сияқты
типтік іс-әрекет түрі болып табылады. Сурет салу баланың жалпы психикалық дамуымен
тікелей байланысты. Баланың қабылдауын, есте сақтауын, ойлауын, затпен әрекет ету және
ересектермен қарым-қатынас тәжірибесінің ерекшеліктерін біріктіре отырып, бала суреттері,
сонымен қатар, оның ішкі жан дүниесінің, бастан кешулерінің, дүниетанымының, қоршаған
ортаны қабылдауы мен түсінуінің көрінісі болып табылады. Бала суреттерінің
диагностикалық мүмкіндіктері өте жоғары. Суреттерінің мазмұндық бағыты бойынша
реалистердің суреттері және арманшылдардың суреттері деп бөлуге болады. Балалардың
сурет салу әрекеті олардың ақыл-ой дамуымен тығыз байланысты; суреттерде қоршаған
ортаға деген қатынастары да бейнеленеді. Бала суреттері диагностикалық мақсатпен қоса,
дамыту мен түзету жұмыстарында да маңызды. Бала өзі үшін мәнді суреттер сала отырып
психотерапевтік әсер алады. Олардың суреттері – ішкі әлемінің шынайы бейнесі. Сурет салу
бала үшін табиғи іс-әрекет, сурет салуда бала өзін еркін ұстайды, психодиагностикалық
зерттеу кезінде орын алатын мазасыздануды бәсеңдетеді, баламен жағымды эмоциялық
байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: бейнелеу іс-әрекеті, психикалық даму, ақыл-ой қабілеттері.
Сурет салу мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойын сияқты типтік іс-әрекет түрі
болып табылады. Балалардың бейнелеу іс-әрекетіне деген арнайы қызығушылық ХІХ
ғасырдың 80-90 жылдары психологтар, педагогтар, тарихшылар, этнографтар және
өнертанушылардың арасында пайда болды. Балалардың бейнелеу іс-әрекеті психология
ғылымында жан-жақты зерттеледі: бала суреттерінің жастық эволюциясы, сурет салу
процесінің психологиялық талдамы, сурет салу мен ақыл-ой дамуының байланысын талдау
және суреттегі баланың тұлғалық ерекшеліктерінің көрінісі. Бірақ, осындай түрлі бағыттарға
қарамастан бала суреттері психологиялық мәнділігі тұрғысынан аз зерттелген.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
119
Онтогенезде сурет салу іс-әрекеті баланың жалпы психикалық дамуымен тікелей
байланысты. Баланың қабылдауын, есте сақтауын, ойлауын, затпен әрекет ету және
ересектермен қарым-қатынас тәжірибесінің ерекшеліктерін біріктіре отырып, бала суреттері,
сонымен қатар, оның ішкі жан дүниесінің, бастан кешулерінің, дүниетанымының, қоршаған
ортаны қабылдауы мен түсінуінің көрінісі болып табылады. Сурет сала отыра бала өзінің
қоршаған ортаны тануға деген ұмтылыстарын және осы танымының дәрежесін көрсетеді.
Ойын әрекеттері мен сурет салуды меңгере отырып, бала өзінің танымдық процестерінің
ырықты жақтары мен орын алмастыру әрекетін дамытады. Сонымен қатар, біртіндеп адами
таңбалық-символдық әлемді – сөздік кеңістікті және қиял бейнелері доминантты болып
табылатын кеңістіктерді меңгереді.
Бала суреттерінің диагностикалық мүмкіндіктері өте жоғары.
Н.М.Рыбников бойынша, балалардың суреттерін түсіну үшін суретті зерттеу
жеткіліксіз, сурет салу процесін зерттеу арқылы да біраз ақпарат алуға болады. Ересектер
үшін сурет салудың нәтижесінде пайда болған картина маңызды болса, балалар үшін суретті
салу процесі маңызды. Сондықтан да, олар жан-тәнімен кірісіп сурет салғанымен, салып
болғаннан кейін суреттерін тастай салады. Кішкентай балалардың қағазға салған суреттері аз
болады, бірақ сала отырып көп сөйлейді, ым-ишара жасайды. Тек мектепке дейінгі жастың
соңына қарай ғана бала өз суреттеріне бейнелеу іс-әрекетінің нәтижесі деп қарайды.
Бала суреттерінің мазмұнын шарттайтын маңызды фактор – олардың шынайы немесе
қиял-ғажайыптар әлеміне бағыттылығы. Бала суреттерінің мазмұндық бағыты бойынша
реалистердің суреттері және арманшылдардың суреттері деп бөлуге болады. Реалистер
суреттерінде табиғат заттары мен құбылыстары; адамдардың күнделікті өміріндегі шынайы
жағдайлар бейнеленеді. Ал, арманшылдар суреттерінде өздерінің жүзеге аспаған арман,
тілектерін бейнелейді. Балалар жасы өскен сайын олардың суреттерінде арман-тілектері
бейнеленеді. Фантастикалық суреттердің бейнеленуі (перілер, су перизаттары, сиқыршылар,
феялар, ханшайымдар) де шынайы кейіпкерлер сияқты бала жанының еңбегін және ішкі
сезімдерін көрсетеді.
Балалардың сурет салу әрекетінің олардың ақыл-ой дамуымен тығыз байланысты екені
жалпыға мәлім. А.А.Смирнов бала суреттерінің оның интеллект қырларымен тікелей
байланысты дамуының бес сатысын бөліп, сипаттап берді:
І саты – мағынасыз сызықтар – бала нақты бір затты бейнелеуге тырыспайды, оның
суреттері жаңа заттармен манипуляциялаудың және ересектерге еліктеудің нәтижесі.
ІІ саты – пішімсіз бейнелер – объективті нәтижелері бойынша бірінші сатыға өте ұқсас,
дегенмен одан баланың сезімдері бойынша айырмаланады. Бұл сатыда бала қағазға бір
заттың бейнесін түсіруге тырысады, бірақ ол суретті баланың түсіндіруінсіз түсіну мүмкін
емес.
ІІІ саты – кескінді бейнелер 4-5 жастан 11-12 жасқа дейін созылады, бастапқы
қарапайым кескіндерді мәнді мазмұнға толтырудың күрделенуі жүретін бірнеше аралық
кезеңдерінен тұратын ең ұзақ саты.
ІV саты – шынайы бейнесіне ұқсас суреттер – кескіндерден бас тартып, заттардың
шынайы түрін бейнелеуге тырысу.
V саты – шынайы суреттер – заттардың бейнесі «балалық» бейнесін жоғалтады, бала
суреттеріне тән ерекшеліктерінен түссіздік, контурлық т.б. ажырайды. Оларда көлем,
перспектива пайда болады [1].
Бала суреттерінен олардың ақыл-ой қабілеттерінің дамуы ғана емес, қоршаған ортаға
деген қатынастары да бейнеленеді. Бала бейнеленетін затқа деген жағымды қатынасын ашық
түстер арқылы, ұсақ детальдарын бейнелеу арқылы, әдемілеу арқылы білдіреді. Жағымсыз
қатынастар туралы керісінше, қою түстер арқылы, суретті аяғына дейін салмау арқылы,
әдемілеу элементтерінің болмауы арқылы білеміз [2].
Бала суреттері диагностикалық мақсатпен қоса, дамыту мен түзету жұмыстарында да
маңызды. Бала өзі үшін мәнді суреттер сала отырып психотерапевтік әсер алады. Сурет сала
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
120
отырып, жағымсыз бастан кешулерден арылып, кикілжіңдерді шешу жолдарын ойнайды,
қорқыныштары мен мазалайтын заттарын бейнелеп, ішкі қозуды жеңілдетеді [3].
Сурет салу танымдық процестер, сөйлеу, мотивациялық сфера мен өзіндік сана-сезім
сияқты бала психикасының негізгі жақтарын дамытып, түзетуге, іс-әрекеттің ырықтылығы
мен саналылығын қалыптастыруға, графикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін
әмбебап іс-әрекет түрі.
Балалар суреттерінде олардың санасы мен бейсанасында бейне түрінде жинақталатын
өмірлік тәжірибесі, олардың қоршаған ортаны қабылдауы, ішкі және сыртқы дүниеге
қатынастары шоғырланады. Балалар суреттерінде олардың ішкі әлемінің шынайы бейнесі: ол
әлемнің байлығы мен жұтаңдығы, жарқын тұстары мен көлеңкелері, бейқамдығы мен
қақтығыстары салынады. Бала нақты тестік тапсырмаларды орындаудан бас тартса, еркін
тақырыпқа сурет салдыру тиімді. Балаға «салғың келгеннін бәрін сал» деген нұсқау беріледі.
Және бала сурет салу барысында не ойласа да, не сезінсе де айтуына болатынын білуі керек.
Өйткені сурет қана емес, жұмыс барысында және аяқталғаннан кейін туындайтын спонтанды
ассоциациялардың маңызы зор. Айтылған ассоциациялар бала тұлғалығын зерттеу үшін
маңызды болып табылатын мол ақпарат көзі болады. Ондай ақпарат арқылы
психопатологиялар мен даму ауытқушылықтарын ерте анықтауға мүмкіндік бар. Бала
суреттерін талдауды қарапайым және жеңіл деп қарамау керек, тез шешім шығарудан да
аулақ болған орынды, себебі олар қателіктерге ұрындыруы мүмкін. Мысалы, суретте қанды
шайқас, ауыр авария бейнеленетін болса, ол оның агрессиясын шығарудың қалыпты оңтайлы
жолы болуы мүмкін. Керісінше, зоопарктегі тор ішіндегі жануарларды бейнелеу баланың
оқшаулануынан, жалғыздық сезімдерінен хабар беруі мүмкін. Бір суреттің, тіпті бірнеше
суреттің негізінде соңғы шешім шығаруға болмайды.
Сурет салу арқылы балалар өздерінің қақтығыстарын ашып, табысты шеше алады.
Өздерінің сезімдерін, кикілжіңдерін, тілектерін сөзбен білдіру арқылы балалар негативті
сезімдерді бастан кешіреді деп қорықпау керек. Ондай жағдайлардың орын алуы әбден
мүмкін және заңды да. Себебі балаларға қауіпсіздік, қолдау және қорған сезімдерін беретін
жағдайлар фрустрация, агрессия, қорқыныш және т.б. сияқты терең ығыстырылған
тәжірибенің көрінуіне өте ыңғайлы. Бір кездері ығыстырылған бұл тәжірибелер спонтанды
шығармашылық әрекетте қайта шығуға мүмкіндік алады. Олармен бетпе-бет кездесіп, ойын
формасында қайта бастан кешіру арқылы оларды қабылдауы және шешуі мүмкін. Егер бала
соған жетсе, ендігіде қорқу, қашу сезімдерінен арылады, өз эмоцияларын қадағалап, ой
тәуелсіздігі мен еркіндігіне жетеді.
Кішкентай бала суреттер арқылы сөзбен айта алмайтын мәселелері туралы баяндап
бере алады, мысалы, ата-аналары арасындағы кикілжіңдер, ересек адамдар тарапынан
көрсетілген зорлықтар т.б. сурет арқылы балалар бастан кешіріп отырған мәселелерінен
туындап отырған үрейлерін өңдей алады. Мұндай үрейлердің белгілері, мысалы суреттерінде
үнемі диюларды (чудовища) бейнелеу. Мұндай жағдайларда балаларға диюлар бара
алмайтын қауіпсіз мекенді салуды сұрау керек және туындаған қауіпсіздік сезімдерді бірге
талдау керек. Сурет туралы көбірек білудің тағы бір амалы баланың өзінен сұрау. Ол сурет
арқылы баланың ішкі әлемін зерттеудің вербалды сатысы деп аталады. Ол сұрақ қою
түрінде, әңгімелесу немесе баланың мазмұндауы түрінде болуы мүмкін. Мұндай әңгімелесу
кезінде бала еш мүдірместен өзінің жан дүниесін ашады, мазалайтын ойларынан арылады.
Салынған сурет және әңгімелесу арқылы баланың ішкі жан дүниесін табысты зерттеуге
болады. Балада абстрактілі пайымдау, жалпылау қабілеттері жоқ. Олардың әңгімелері
тікелей тәжірибелерімен байланысты. Сұрақ қою кезінде бала суреттеріне сүйене отырып,
одан қажетті ақпараттарды алуға тырысу керек. Неге осы объект бейнеленгенін, неге
осылайша бейнеленгенін, неге осы ретте салынғанын т.с.с. сұрақтар қойылады; сурет салу
кезінде кім туралы және не туралы ойлағандығын; суретке қарап отырып қандай сезімдер
туып отырғандығын сұрастыру керек.
Егер баланың өзі әңгімелеп бергенін қаласақ «мына суретке қарап, не бейнеленгені
туралы айтып берші, осы туралы әңгіме құрастыршы» деп сұрау керек. Баладан суретте не
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
121
болып жатқандығын, не болғандығын және не болатындығын сұрауға болады. Мұндай
әңгімелесу кезінде мейірімділік, шынайы қызығушылық танытып, қысым жасамау керек.
Егер қолайлы мезет таңдалып, жағымды атмосфера орнатылса, бала еш қиындықсыз әңгіме
құрап береді. Ол әңгімеде не туралы айтылса да ол балаға қатысты нәрселер болады [4].
Сурет салу әдістерінің кең қолданысқа ие болуы олардың көмегімен зерттеу жүргізудің
қарапайымдығы мен алынатын мәліметтердің кеңдігі ұштасады, күрделі құрал-жабдықтарды
қажет етпейтіндіктен оларды қолдану оңай. Қалыпты дамудағы және ауытқуы бар мектепке
дейінгі жастағы балалармен жұмыста сурет салу әдістерінен қолданылуының өзіндік
артықшылықтары бар. Біріншіден, сурет салу бала үшін табиғи іс-әрекет, сурет салуда бала
өзін еркін ұстайды, психодиагностикалық зерттеу кезінде орын алатын мазасыздануды
бәсеңдетеді, баламен жағымды эмоциялық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі жаста балалардың вербалды және вербалды емес
мінез-құлықтарының арасындағы алшақтық, сөйлеу мен рефлексияның (өз іс-әрекеттері мен
сезімдерін талдай алу қабілеті) жеткіліксіз дамуы вербалды диагностикалық құралдарды
қолдануды шектейді. Бірқатар жағдайларда балалардың индивидуалды мүмкіндіктерін
зерттеу үшін тек сурет салу әдістемелері ғана мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |