Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата31.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#10937
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

-
 
туылғаннан пайда болған және биологиялық, әлеуметтік құбылыстар арқылы алынған 
биологиялық және әлеуметтік сапалардың үйлесімді тепе-теңдігі және сәйкестігі [2]; 
-
 
адамның  биологиялық,  физиологиялық  және  психологиялық  мүмкіндіктерін  және 
барынша  өмір  сүруінің  ұзақтығы  кезіндегі  оңтайлы  әлеуметтік  белсендігін  сақтау  мен 
дамыту процесі; 
-
 
сыртқы  қоршаған  ортаның  өзгерістерімен  еркін  түрде  өзара  әрекет  ете  отырып, 
адамның  биологиялық,  психологиялық  және  әлеуметтік  мәні  негізінде  ағзаның  бейімделу 
мүмкіндігі. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
128 
 
Педагогика  ғылымында  «денсаулық»  ұғымының  өзіндік  дербес  анықтамасы  бар. 
Педагогика  ғылымында  жеке  тұлғаның  психофизикалық  сапаларының  туындау  сипатының 
әсері  мен  оның  әлеуметтік  бейімделу  дәрежесі,  адам  денсаулығына  игі  әсер  етеді  немесе 
керісінше ықпал етеді.  
Рухани компонент  жеке тұлғаның бір мақсатқа  және өмір  құндылығына адамгершілік 
бағдармен,  өзіне  қатысты  менталитетіне,  табиғат  пен  қоғамға  байланысты  ұмтылу 
деңгейімен  анықталады.  Дене  компоненті  дененің  даму  деңгейімен,  дене  мүшелері  мен 
жүйелердің  өзін-өзі  реттеу  дәрежесімен,  ағзадағы  резервтік  мүмкіндіктердің  болуымен 
сипатталады. Психологиялық компонент психикалық процестердің даму деңгейімен, қызметі 
мен эмоционалды-ерікті саласының реттелу деңгейімен анықталады.   
Ұлттық  қимыл-қозғалыс  және  спорт  ойындарымен  жүйелі  түрде  жаттығу  кезінде 
балалар  мен  жасөспірімдердің  ағзасы  және  ағза  жүйелерінің функционалдық  мүмкіндіктері 
артып, бұлшық-ет жұмыс қабілетінің тиімділігі едәуір артады [3]. 
Спорттық ойындарды балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі сабақтарында тиімді 
қолдану, олардың ағзасындағы морфологиялық және функционалдық жағдайларының елеулі 
өзгерістерін тез жақсартады. 
Спорттық  ойындармен  жүйелі  түрде  жаттыққан  кезде,  орталық  жүйке  жүйесінің 
функционалдық жағдайлары жақсарады. Оны жетілдіру, жаттығу барысында қолданылатын 
дене  жаттығуларының  түрлері  мен  көлеміне,  спорт  ойындарының  ұзақтығына  байланысты. 
Сондай-ақ,  спортпен  шұғылданбайтын  балаларға  қарағанда,  спортпен  жүйелі  түрде 
күнделікті жаттығып жүрген балалардың орталық жүйке жүйесінің тұрақтылығы, күштілігі, 
қозғалғыштығы жақсы байқалады [4,5]. 
Дене  тәрбиесімен,  әсіресе,  спорттық  ойындармен  жүйелі  түрде  күнделікті  жаттығу 
балалар мен жасөспірімдердің денсаулықтарына жақсы әсерін тигізеді. Сабақтан тыс уақытта 
спортпен  шұғылданбайтын  балаларға  қарағанда,  спорттық  ойындармен  шұғылданатын 
оқушылардың  аурулары  едәуір  аз.  Спорттық  ойындар  ағзаның  сыртқы  ортадағы  қолайсыз 
әсерлеріне  қарсы  тұру  мүмкіндіктерін  жоғарылатып,  ауруды  емдеу  шаралары  мен 
денсаулықты нығайтудың негізгі таптырмайтын құралы болып саналады. Ойындар ағзаның 
пропорционалды  және  үйлесімді  дамып  жетілуіне  көмектеседі.  Бұл,  әсіресе,  қазіргі 
уақыттағы  оқушылардың  өтпелі  кезеңінде  маңызды.  Өйткені,  даму  кезіндегі 
антропометриялық  немесе  морфофункционалдық  байланыстардың  үйлесімділігі  ғылымда 
кең тараған. 
Дене  жаттығуларын  орындауда  берілетін  жүктемелерге  сәйкес,  күштің  дайындық 
деңгейі  сүйек  жүйесінің  дамып  жетілуін  жақсартып,  оның  өсу  кезеңін  ұзартатындығы 
анықталған.  Спорттық  ойындармен  шұғылданған  балаларды  спортпен  шұғылданбайтын 
құрбыларымен салыстырып қарағанда, жалпы дене даму көрсеткіштерінің ерекшеліктерімен 
және  әртүрлі  антропометриялық  көрсеткіштерінің  жылдық  өсу  деңгейімен  ерекшеленеді. 
Мысалы,  жас  спортшылардың  дене  салмағының  өсуі,  дене  жаттығуларымен 
шұғылданбайтын қатарластарымен салыстырғанда, едәуір басым болып келеді [6]
Ал, бойдың өсу жағдайына спортпен шұғылдану аз деңгейде әсер етеді. Бірақ, осыған 
қарамастан 3-4 сыныптағы оқушылардың бойының өсу қарқыны, спортпен шұғылданбайтын 
қатарластарымен  салыстырып  қарағанда,  жақсы  өсіп  жетілетіндігі  байқалады.  Сондай-ақ, 
спорттық  ойындармен  жүйелі  түрде  жаттыққан  кезде,  ағзаны  оттегімен  қамтамасыз  ететін, 
яғни оттегін қабылдап жеткізетін және пайдаланумен қамтамасыз ететін барлық жүйелердің 
жұмысына тиімді әрі дұрыс әсерін тигізеді. 
Ұлттық  ойындар  балалардың  күнделікті  өмір  ағысында,  өздерін  қоршаған  ортаға 
еліктеу  нәтижесінде,  қиялынан  туған  ойындардан  өзгеше.  Ұлттық  ойындар  ғасырлар 
түпкірінен бастау алып, әбден екшеленіп бізге жеткен. Ол талай ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, 
ұлттық  тұрғыда  тәрбиелеп,  олардың  ақыл-ойы  мен  қиялын  ұштап,  өзін  қоршаған  ортаның 
жақсысы мен жаманын бірдей терең сезініп, қабылдауға үйретеді. Ұлттық ойын ең алдымен, 
сезімталдыққа, қимыл-әрекетке, басқалармен қарым-қатынасқа, өзімен бірге ойнаушымен тіл 
табыса білуге тәрбиелейді.  

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
129 
 
Бала  ойын  үстінде  ең  алдымен,  өзі  қоршаған  ортамен  тілдесуді,  сөйлесуді,  бірін-бірі 
ұғынуды  үйренеді.  Өзінің  көңіл-күйі  арқылы  басқаның  көңіл  күйімен  санасуды  меңгереді. 
Ойын  үстінде  бала  өз  ана  тілінің  мағынасын  немесе  мазмұнын  меңгеріп,  тілдің  логикасын 
ұғынады.  Ойын  үстінде  бала  өз  ұлтының  психологиясын,  өз  халқының  әдет-ғұрпын,  салт-
санасын, сол ұлтқа тән өзіндік дәстүрін бойына сіңіріп, оны бүкіл өмір бойы жадында сақтап
өз  ұрпағына  жеткізетін  болады.  Сөйтіп,  ұлттық  ойындар  арқылы  ұрпақ  жалғасып,  атадан 
балаға,  ұрпақтан-ұрпаққа  жетіп,  үнемі  жаңарып,  молығып  жетіле  береді.  Бұл  ұлттық 
ойындарының  оқушы  жастарға  жалпы  сырттай  тигізетін  әсері  ғана.  Ал  оның  әлденеше 
қырлары мен ішкі әсері, әр тарапты көп бағытты болып келеді [7]  
Ұлттық  ойындар  ұлтқа  тән  қасиеттерді  ғана  тәрбиелеп  қоймайды,  ол  оқушыларды  өз 
ұлтына,  өз халқына  деген  ілтипатқа,  оның  ғасырлар  бойы  жасаған  рухани,  мәдени,  тарихи, 
әдет-ғұрып,  салт-санасын,  дәстүрін  қадірлеуге,  оны  мақтан  тұтып,  тілін,  дінін,  дәстүрін 
құрметтеуге үйренеді. 
Ұлттық  ойынды  орынды  пайдалана  білген  жағдайда,  басқа  да  дидактикалық 
құралдармен астаса отырып, оқушыларды ілгері ұмтылуға, алдына мақсат қойып соған жету 
үшін  күресуге,  жеңіске  жетуге,  алған  бетінен  қайтпауға,  табандылыққа,  төзімділікке, 
қайырымдылыққа,  өзіне  деген  сенімділікке,  өзін  қоршаған  ортамен  санаса  білуге,  ұжымды 
сыйлай  білуге  үйретеді.  Ұлттық  ойынның  негізіне  жарыс  алынады,  ал  жарыстың  негізгі 
шарты жеңу болып саналады.   
Сондықтан,  ойын  оқушының  ерік-қайратын  шыңдап,  жеңіске  жету  үшін  еңбектене 
білуге, ол үшін өзін-өзі меңгере білуге, мұқияттылыққа, ізгілікке, құштарлыққа, өзін бақытты 
сезінуге, денсаулығының мықты, бақытты болуы үшін күреске үйретеді. Осының бәрі сайып 
келгенде, ұлттық ойынның бойына топтасқан, сол арқылы жастарды өзіне баурап, халықтың 
ғасырлар бойы өз бойына жинаған күш қуатын енді ұрпақ бойына сіңіруге, оның салауатты 
өмір сүріп, келер ұрпаққа жеткізуі үшін эстафета ретінде жеткізіп отыратынын көреміз.  
Қорытындылай  келе,  әрбір  халықтың  ғасырлар  түпкірінен  келе  жатқан,  бүгінгі 
ұрпақтарына  мирас  етіп  қалдырар  рухани,  мәдени,  өнер  туындылары  бар.  Солардың 
қатарына  ұлттық  ойындарды  да  қосуға  болады.  Жан-жақты  дамыған,  «Сегіз  қырлы,  бір 
сырлы» адам тәрбиелеп өсіру, оның тұлғасын жан-жақты қалыптастыру кез келген халықтың 
арманы  болып  табылады.  Сондықтан,  жас  ұрпақтың  тек  ақыл-ойын  дамытып  қоймай,  дене 
тәрбиесін жетілдірудің  мүмкіндіктерін қарастырған жөн [8,9]. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
1. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Рауан. – 2001. – Б.10 -15. 
2. Күрес тактикасы. – Алматы: Қайнар. – 1984. – Б. 22-25. 
3. Балғанбаев М. Қазақтың ұлттық спорт  түрлері.  – Алматы: Қайнар.  –  1983. – Б.127- 
128.  
4.  Джанабаев  Қ.Т.  Балалар  дене  тәрбиесі  процесіндегі  ұлттық  ойындар.  –  Алматы: 
Атамұра. – 2003. – Б.43- 45. 
5. ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-
2050» Стратегиясы. – Астана. 14.12.2012. 
6.  Қазақстан  Республикасының  үдемелі  индустриялық-инновациялық  дамуының  2010-
2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана. – 2010. 
7.  Колбанов  В.В.  Формирование  здоровья  детей  в  образовательных  учереждениях  // 
Валеология:  Диагностика,  средства  и  практика  обеспечения  здоровья.  –  Владивосток: 
Дальнаука, 1996. – Вып. 3. – С. 139-147. 
8.  Зайцев  Г.К.  Школьная  валеология:  Педагогические  основы  обеспечения  здоровья 
учащихся и учителей. – 2-е изд., перераб. И доп., - СПб.: Акцидент, 1998. – 159 с. 
9.  Соковня-Сейшона  И.И.  Основы  здорового  образа  жизни  и  первая  медицинская 
помощь:  учеб.  пособие:  для  студ.  сред.  пед.  учеб.  заведений.  –  2-е  изд.,  стереотип.  –  М.: 
Издательский центр «Академия», 1999. – 208 с. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
130 
 
10.  Имангалиев  А.,  Сисенгалиева  Г.,  Тыныбаев  Г.,  Исаев  С.  О  необходимости 
валеологических знаний в Казахстане // Поиск. – 1999. – №4-5. – С.90-93. 
 
Резюме 
Г.Л.Саурбекова, старший преподаватель, Н.Е.Абдибеков, преподаватель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Влияние национальных спортивных игр на разностороннее развитие школьников 
В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  пропаганды  здорового  образа  жизни 
учащихся  посредством  национальных  спортивных  игр.  Национальная  игра  прежде  всего, 
воспитывает 
у 
учащихся 
чувствительность, 
движение, 
общению 
с 
другими, 
коммуникативные  навыки  участников  игры.  Национальные  игры  не  только  воспитывают 
свойства,  характерные  для  отдельной  нации,  также  они  воспитвают  уважение  и  почет 
учащихся  к  своему  нации,  своему  народу,  также  способствуют  восхвалению  духовных
культурных,  исторических  традиции  и  обычаев  народа,  учащиеся  научатся  уважать  язык, 
религию,  традицию,  менталитет  своего  народа.  В  случае  оптимального  использования 
национальных  игр,  посредством  других  дидактических  средств,  они  призваны  научить 
учащихся  следовать  вперед,  ставить  конкретные  цели,  бороться  для  достижения  цели,  
достижению  победы,  настойчивости,  выносливости,  благородности,  уверенности  в  себе, 
гармоничному  общению  с  окружающей  средой,  уважению  коллектива.  За  основу  
национальной  игры  берется  соревнование,  а  основным  условием  соревнования  является 
победа. Национальные игры способствуют сохранению здоровья, имеют огромное значение 
для укрепления здоровья, поэтому проведение разъяснительной работы по данной проблеме 
и обучение приемов национальных спортивных игр является на сегодняшний день важной и 
значимой проблемой в деле воспитания подрастающего поколения.   
Ключевые  слова:  здоровый  образ  жизни,  виды  национального  спорта,  физические 
упражнения, национальные спортивные игры, гармоничное развитие.  
Summary 
Saurbekova G., senior teacher, Abdibekov N., teacher  
(c. Almaty, Kazakh State Women's Teacher Training University) 
Impact on national sports games of schoolchildren 
The  article  devoted  to  the  problems  of  health  promotion  through  guniors  national  sports 
games.  National  games  fist  of  all,  brings  up  school  children  to  sensitivity,  movement, 
communication with others, communications skills participants in the game. National games are not 
only educational characteristic for a single nation, and they trains respect and honor juniors to their 
nation,  their  people  and  promote  praise  spiritual,  cultural,  historical  traditions  and  customs  of  the 
people,  juniors  trains  respect  to  language,  religion,  mentalitity  of  his  people.  In  optimum  use  of 
national games, through other didactic games, designed to teach follow ahead to set specific goals 
and  fight  to  achieve  a  goal,  perseverance,  endurance,  nobility,  self-confidence,  harmonious 
communications  with  the  environment,  respect  team.  The  basic  national  games  take  competition, 
the main condition competition is victory. National games contribute to the preservation of health, 
has  great importance to strengthen health, therefore, carrying out advocacy work on the ussue and 
teaching  methods  national  sports  games  today  has  an  important  meaning    in  the  education  of  the 
younger generation.  
Key words: healthy life style, kinds national games, physical exercises, national sports games, 
harmonious development.  
 
 
 
 
 
 
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
131 
 
ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ – ИСКУССТВО И КУЛЬТУРА-ART AND CULTURE 
 
ӘОЖ 7.03(= 512.122) 
МӘДЕНИ-ТЫНЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ҰЛТТЫҚ 
ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ОРЫН АЛУЫ 
 
Ғ.Т.Акимбаева, аға оқытушы, 
Ш.Ж.Таджбағамбетова, оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Мақалада  мәдени-тынығу  мекемелерде  бос  уақытты  пайдалану  және 
ұйымдастыра  білу,  сонымен  қатар  жасөспірімдердің  бос  уақытын  тиімді  өткізуге 
бағытталған  танымдық  іс-әрекет,  қызығушылығына  сай  ұйымдастырылған  мәдени-тынығу 
жұмыстары  қарастырылады.  Осы  мақсатта  жасөспірімдердің  бос  уақытын  тиімді  өткізуге 
арналған  мәдени-тынығу  мекемелерінде  ұйымдастырылатын  әртүрлі  іс-шаралар, 
ұйымдастырушылық  жұмыстардың  салалары,  ұлттық  салт-дәстүрлерімізді  дәріптеудегі 
мерекелерді ұйымдастырудың жолдарының түрлері қарастырылады. 
Түйін сөздер: мәдени-тынығу, мәдениет, салт-дәстүр, мереке, ұйымдастыру т.б. 
Қазіргі  заман  азаматының  дүниетанымы  кең,  жан-жақты  жетілген,  өмірлік  белсенді 
ұстанымы  бар,  адам  болып  қалыптасуы  тиіс  десек,  мәдени-тынығу  жұмыстарын  жаңаша 
ұйымдастыру  өте  маңызды.  Мәдени  мекемелерде  жасөспірімдердің  мәдени-тынығуын 
ұйымдастыруға  арналған  сабақтан  тыс  жұмыстардың  түрі  өте  көп.  Олар  жасөспірімдерді 
жан-жақты  дамыту,  ең  басты  ескерілетін  талап  –  оқушылардың  белсенділігін  арттыру, 
танымдық  қызығушылығын  қалыптастыруға  бағытталған.  Ол  үшін  қызықты  іс-әрекет 
түрлерін  көбірек  жүргізу  және  мәдени-тынығу  мекемелеріне  баруды  дәстүрге  айналдыру 
жұмысын сабақтан тыс атқарылатын шаралар үдерісіне енгізу талабы қажет. 
Қазақстан 
Республикасының 
тәлім-тәрбие 
тұжырымдамасында: 
«Тәуелсіз 
Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз  – ең алдымен адамзат қазыналарына 
баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының  толымды түрлеуі, 
гуманитарлық  ғылымдарға,  өнерге,  халықтардың  моральдық  байлықтарына  қайта  оралу, 
мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттердің 
қазыналары  мен  дербестігін  мойындау»  деп  атап  көрсетілген.  Осы  бағдарлама  негізінде 
жасөспірімдердің  бос  уақытын  тиімді  өткізуге  бағытталған  танымдық  іс-әрекет, 
қызығушылығына  сай  ұйымдастырылған  мәдени-тынығу  жұмыстары  басты  назарда  болып 
отыр. 
Мәдени-тынығу  жұмысы  адамзат  қоғамдасу  кезеңінен  бастап  бүгінге  дейін  рухани 
сұранысты  өтеуші,  қарым-қатынастарды  реттеуші,  мәдени  мұраны  сақтаушы,  өміртіршілік 
құндылықтарды  дамытушы,  көркемөнерлерді  шыңдаушы  қажеттіліктерді  өтеп  келеді. 
Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тарихында  қазақ  халқы  да  өз  мәдени  ерекшеліктерін  осы 
синкреттік  түрде  дамыған,  мәдени  ұстанымдардың  барлығын  десе  де  болады  бір  ортаға 
жинақталған  мерекелер  мен  салт-дәстүрлерде  сақтаған.  Тарихи-экономикалық,  тарихи-
әлеуметтік  өзгерістер  мерекелер  мен  салт-дәстүрлердің  жаңа  формаларын  қалыптастырып, 
мазмұнын заман талабына сай өрбітіп, өзіндік дүниетанымдық белгілерін ғана сақтап келген. 
Қай  кезде  де  тұлға  өзі  өмір  сүрген  ортада  қызмет  етіп,  іс-әрекет  жасап,  өз  қажетін  өтеп, 
алдына мақсат-мүдде қойып, сол арқылы көксеген мұратына жетеді. 
ХХІ ғасыр мәдениеттің даму процесіне өзіндік ықпалын ала келді. Оның басты мақсаты 
мәдени-тынығу 
әрекеттер 
дамуының 
тарихи-мәдени 
сабақтастығын 
жалғастыру 
қажеттілігіне  байланысты.  Осы  мақсатта  біріншіден  мәдени-тынығу  жұмысының    дамуына 
ықпал  етуші  саяси-экономикалық  жағдаят  болса,  екіншіден  мектеп  пен  мектептен  тыс 
мекемелерде  мәдени-тынығу  жұмысын  ұйымдастыру  мен  педагогикасы,  бұқаралық 
мерекелер  режиссурасы,  халық  аспаптар  оркестрі  мен  эстрадалық  ән  айту 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
132 
 
мамандануларының  мемлекеттік  мамандықтар  классификаторына  еніп,  арнайы  кәсіпкерлер 
оқытылуының  өзі  қоғам  бос  уақытын  ұйымдастырудың  мемлекеттік  қажеттілік  екенін 
көрсетеді.  
Солардың  ішінде  мәдени-тынығу  жұмысын  алатын  болсақ,  олардың  режиссерлық 
шешімі,  дәстүрлі  мәдениет  үлгілерін  қолданудың  жаңа  үлгілерін  ұсыну  арқылы  көркем 
дүниетанымына  әсер  ету  мүмкіндігі  мол.  Мәдени-тынығу  жұмысының  көрнекі  әдістері: 
арнайы  рәсімдік  әрекеттер,  басты  уақиғаға  назар  аударатындай  ерекше  айшықты  әсерлік 
амалдар, кейіпкерлерді таңдап, олардың орналасуының нышандық белгілері, киген киімдері 
мен  бұйымдар  түр-түсіне  дейін,  мәдени  іс-шара  мазмұнын  айшықтайтын  мәтін, 
қолданылатын  бұйымдар  мен  қарым-қатынас  жасау  тәсілдері  арқылы  басты  идеяны 
жеткізуге  көмектеседі.  Осы  мақсатта  біз  жасөспірімдердің  бос  уақытын  тиімді  өткізуге 
арналған  мәдени-тынығу  мекемелерінде  ұйымдастырылатын  әртүрлі  іс-шараларға  
тоқталғанды жөн көрдік.  
Мәдени  тынығу  жұмыстардың  келесі  бір  мәнді  түрі  –  мерекелер.  Мерекелер  өте 
ежелден  келе  жатқан  құрал.  Жүйелі  ойластырып,  жоспарлы  түрде  өткізілген  мерекелер 
жасөспірімдерді  өнердің  сан  қилы  салаларымен,  жолдарымен  жете  таныстыра  отырып, 
шығармашылық  белсенділігін  арттыруға,  жеке  тұлғалық  сапаларды  меңгертуге,  өмірден 
алған  білімдерін  тәжірибелік  терең  игеруге,  рухани  дем  алуға  көмегін  тигізеді.  Мерекелер 
кезінде жасөспірімдердің танымдық қызығушылығы қалыптасып қана қоймай, өз халқының 
мәдени мұраларын қазіргі әлеуметтік мәселелермен тығыз байланыстыра білуге үйренеді.  
Жас  ұрпақ  өз  халқының  мәдениеті  мен  ата-баба  мұраларынан  қол  үзіп  қалмауы 
елдігіміздің  нақты  айғағы.  Жасөспірімдердің  мәдени-тынығу  жұмыстарында  танымдық 
қызығушылығын  қалыптастырудың  қадір-қасиетін  білмей,  уақыттың  құнын  сезіну  мүмкін 
емес. Сондықтан да сабақтан тыс жұмыстарды сабақтастыра зерделеп, әлеуметтік аспектіде 
саралап бергенде ғана жасөспірім оның түп-тамырын таным-түсінікпен терең түсіне алады. 
Сабақтан  тыс  жұмыстар  бос  уақытта  жүргізілетін  болғандықтан,  ол  жасөспірімдердің 
сабақтан  тыс  уақытын  пайдалы  іспен  толтыру  мәселесіне  жатады.  Ал  қазіргі  заманда 
жасөспірімдер  сабақтан  тыс  уақытын  дұрыс  пайдалануы  бүкіл  әлем  педагогтарын  қатты 
толғандырып отыр. Өйткені жастардың ақылды, парасатты, дүниетанымы кең болып өсуіне, 
оның  сабақтан  тыс  уақытында  сапалы,  жүйелі,  мағыналы  ұйымдастырылған  сабақтан  тыс 
жұмыстардың маңызы өте күшті. 
Сонымен 
қатар, 
ұлттық-салт 
дәстүрлерімізді 
дәріптеудегі 
мерекелерді 
ұйымдастырудың жолдарын атап айтатын болсақ, еліміздің бас мерекесі  – Тәуелсіздік күні, 
«Тұсау  кесер»  тойы,  «Оң  босағаға  шығару»  т.б.  Әр  іс-шараның  өзіндік  мақсаты  болмақ. 
Тұрақты құндылық болып саналатын өнер туындылары қолданылуы мүмкін. Бірақ олардың 
да  орындалу  ерекшелігі,  қолдану  орны,  іс-шаралық  идеяны  ашатындай  басқа  да  сахналық 
әрекеттермен  байланыстырылуы  ән,  би  т.б.  өнер  туындыларын  қайталану  есебінде  емес, 
мазмұндық  дәлдігімен  есте  қаларлықтай  етуге  болады.  Барлық  әрекеттің  басты  идеясы 
ұлтжандылық, еркіндік – бабалардан қалған, ұрпақтарға мұра етіп қалдыратын қасиет. Енді 
осы идеяны жеткізетіндей амалдарға тоқталайық. Барлық  кезеңдегі мерекелер сияқты мұнда 
да барлық әрекеттер жинақты образдар арқылы шешіледі.   
Жалпы  ұйымдастырушылық  жұмыстың  басты  салалары  –  бұқаралық  қойылымдарды 
ұйымдастыру процесі төмендегідей әрекеттерден тұрады: 
-  ұйымдастыру; 
- іс-шара өткізу; 
- сценарийлік-режиссерлік жұмыс; 
- продюссерлік-қаражаттылық жұмыс; 
- қоюшы-шығармашылық жұмыс; 
- бұқаралық қойылымды қамту; 
- көрермендерді қамту; 
- қатысушыларды іріктеп, қамту; 
- ақпараттық қамту. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
133 
 
Әр  саланың  өзіндік  әрекеттері,  мақсат-міндеттері  бар.  Сонымен,  ұйымдастыру 
дегеніміз – бағытталған практикалық әрекеттер. Олар мақсат-міндеттерді белгілеуге, шешім 
қабылдауға, мамандарды іріктеп бөлуге, материалдық, финанстық қамтамасыз етуге, оларды 
бөлуге,  орындалуын  қадағалауға  бағытталған  әрекеттерден  тұрады.  Оның  алғашқы  әрекеті 
іс-шара  формасын  анықтау.  Ол  форманың  таңдалуы  әлеуметтену  кезеңіне  жеткен 
жасөспірімдердің өз бойындағы қабілеттерді байқауға салып, дайындық барысында шыңдап, 
өзін  жұртшылық  алдында  жеке  тұлғалық  жауапкершілігін  мойындайтындай  әрекеттер 
жасауға көмектесетін болғандықтан таңдалады. Сонымен бірге бұл форма қатысушылар мен 
көрермендердің  де  қызығушылығын  арттырып,  көрермендерді  битараптық  жағдайға 
келтірмейтін белсенділік байқататындай форма. Ең соңғы кезең – іс-шараны өткізу. Бірнеше 
өзара байланысты, қойылған мақсатқа жеткізер, арнайы сценариймен тізбектелген әрекеттер 
атқару,  қатысушылар  мен  көрермендердің  танымы  мен  талғамына  әсер  етер  құралдарды 
қамтамасыз ету жатады. 
Уақытты  пайдаланудың  қалыптасқан  жүйесін  қайта  құру,  оған  жеке  және  әлеуметтік 
шара  түрлерін  қосу,  сабақтан  тыс  жұмыстардағы  байланыстарды  кеңейту  жастардың  жеке 
тұлғалық  қарым-қатынасына  байланысты.  Әр  ұлттың  ерекшелігі  мәдени  даралығын 
байқататын іс-шаралардың бүгінгі өмірімізде орын алуы мәдени сабақтастықтың сақталуына 
байланысты.  Ол  сабақтастықтың  жоғары  дәрежеде  жалғасын  табуы  үшін  заман  талабын 
игерген,  мәдени  құндылықтардың  мән-мағынасын  жетік  білген,  ұйымдастырушылық, 
шығармашылық  қабілеттері  бар  мамандарға  байланысты.  Сол  себептен  біздің  алдымызға 
қойған  мақсатымыз  бүгінгі  практикаға  дәстүрлі  мәдениет  үлгілері  арқылы  ұлттық  мәдени 
құндылықтар туралы білімі мен бейімін қалыптастыру. Дәстүрлі мәдениетті заман талабына 
лайықтау  нәтижесінде  әсер  ететін  факторлардың  келесісі  іс-шаралар  мазмұны.  Олардың, 
әсіресе қазақ салт-дәстүрлерінің бүгінгі  өмір сұранысына, олардың  дүниетанымдық  мәніне, 
көрерменнің санасы мен сезімінде із қалдырып, отбасылық тәжірибесінде қолдана алатындай 
мүмкіндігі  мен  қолдану  қажеттілігін  сезіндіретіндей  ұйымдастыру  жұмысын  талап  етеді. 
Осы  міндеттерді  жүйелі  түрде  ұйымдастыру  мен  атқару  мәдени  мекемелері,  ақпарат 
құралдары,  әлеуметтік  бірлестіктер  міндеті.  Олардың  жұмысының  нәтижелілігі  жұмыс 
формасының қызықтылығына, дәстүрлі мән-мағынасын ұлттық дүниетанымдық тұрғысынан 
түсіндіруге  және  қолдану  технологиясын  жете  меңгеруге  мүмкіндік  жасауға  байланысты. 
Қызықты  етіп  ұйымдастырып,  мағынасын  ұғындырғанда  ғана  дәстүрлі  әрекет  заман 
талабына сай жалғасын табады деген қорытынды жасауға болады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет