Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата31.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#10937
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  
1.
 
Семаго  Н.Я.  Детский  рисунок.  Этапы  развития  и  качественная  оценка//  Школьный 
психолог, № 35, 2003. 
2.
 
Проективная психология. – М., 2000. – С. 48. 
3.
 
 Мухина В.С. Изобразительная деятельность как форма усвоения социального опыта. 
– М.,1981. – С. 65. 
4.
 
Романова  Е.С.,  Потемкина  О.Ф.  Графические  методы  в  психологической 
диагностике. – М., 1992. – С. 78. 
 
Резюме 
Нуркасинова Л.М., магистр психологии,ст. преп., 
Кулымбаева А.К., магистр психологии, ст.преподаватель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Особенности изобразительной деятельности детей дошкольного возраста 
В 
статье 
рассматриваются 
психологические 
особенности 
изобразительной 
деятельности  детей  дошкольного  возраста  и  диагностические  возможности  их  рисунка. 
Изобразительная деятельность – как игра, является типичным видом деятельности для детей 
этого  возраста.  Рисование  непосредственно  связано  с  общим  психическим  развитием 
ребенка.  Учитывая  восприятие,  запоминание,  мышление,  действия  с  предметами,  а  так  же 
особенности опыта взаимоотношений со взрослыми, коплексно рассматривая через рисунок, 
можно  определить  внутрение  переживания,  пережитый  негативный  опыт,  мировозрение, 
восприятие окружающих, понимание себя и других. Диагностические возможности детских 
рисунков  очень  велики.  По  смысловой  нагрузке  детские  рисунки  можно  разделить  на 
реалистические  и  воображаемые.  Процесс  рисования  детей  тесно  связан  с  их  умственным 
развитием,  и  в  рисунках  находят    отражения  отношения  с  окружающим  миром.  Детские 
рисунки  помимо  диагностических  целей,  имеют  важное  значение  в  процессе  развития  и 
коррекции. Рисуя для себя значимый образ дети получают психотерапевтический эффект. Их 
рисунки  –  истинное  отражение  их  внутреннего  мира.  Рисование  для  ребенка  естественный 
процесс, когда они  рисуют чувствует себя свободно, расскованно, снижается тревожность и 
напряжение, а так  же  дает  возможность взрослому  установить позитивный эмоциональный 
взаимосвязь с ребенком. 
Ключевые слова: визуальная активность, умственные, умственные способности 
 
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
122 
 
Summary 
Nurkassinova L.M., master of Psychology, senior lecturer,  
Kaldybaeva A.K., master of Psychology, senior lecturer 
(c. Almaty, Kazakh State Women's Teacher Traınıng University ) 
Features of graphic activity of preschool children 
The  article  discusses  the  psychological  characteristics  of  graphic  activity  of  children  of 
preschool age and diagnostic possibilities of their figure. Art is like a game, is a typical activity for 
children of this age. The drawing is directly related to the General mental development of the child. 
Given  the  perception,  memorization,  thinking,  actions,  objects,  and  features  of  the  experience  of 
relationships  with  adults,  kompleksno  looking  through  the  picture,  you  can  determine  the  inner 
experiences endured negative experiences, worldview, perception orageuse, understanding yourself 
and  others.  Diagnostic  features  of  children's  rezunkov  very  large.  By  meaning  of  children's 
drawings  can  be  divided  into  realistic  and  imaginary.  The  drawing  process  of  children  is  closely 
linked  to  their  mental  development,  and  in  the  drawings  reflect  their  relations  with  the  outside 
world. Baby resunki in addition to diagnostic purposes, are important in the process of development 
and correction. Draw for himself a meaningful way kids get therapeutic effect. Their pictures are a 
true reflection  of their inner world.  Drawing for  a child is  a natural  process  when they paint feels 
loose,  raskovanno,  reduces  anxiety  and  stress,  and  also  gives  the  opportunity  to  the  adult  to  set  a 
positive emotional relationship with the child. 
Keywords: visual activity, mental, mental ability. 
 
 
 
ӘОЖ:378 
 
ЖОҒАРЫ ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТӘСІЛ ЖӘНЕ 
ОНЫҢ РӨЛІ  
(жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру аясында) 
 
М. Қожанұлы, ф.ғ.к., доцент,  
А.Қ. Төгісовa, т.ғ.к. 
 (Астана қ.,Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –  
Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті)  
 
Аңдатпа:  Мақалада  қазақстандық  әскери  білім  беру  жүйесінде  жоғары  оқу  орнынан 
кейінгі  білім  беруде  арнайы  әскери  кәсіби  мамандарды  даярлаудағы  құзыреттілік  тәсілдің 
рөлі қарастырылады. 
«Құзыреттілік  тәсіл»  отандық  және  халықаралық  еңбек  нарығында  жоғары  оқу 
орындарының  заманауи  жағдайындағы  өзара  бір-біріне  деген  сенімін  қалыптастыра  және 
олардың  ынтымақтастығын  тереңдете  отырып,  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді  таңдауды 
көздейді.  
Авторлар Қазақстандық білім беру  жүйесінде құзыреттілік тәсіл  ұлттық жоғары білім 
беру  жүйесінде  біліктілікті  беруде  оқыту,  құзыреттілік  және  бейін  (көп  бейінді  жеке  және 
академиялық қажеттіліктерді, сондай-ақ еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыру үшін) 
нәтижелерін, деңгейін, оқу жүктемесін ескере отырып, біліктілікті беру сипаттамасын қайта 
қарау  қажеттілігін  және  оқыту/құзыреттілік  нәтижесі  қалай  болса,  солай  біліктілік 
деңгейінде ғана емес, модуль немесе курстың деңгейі арқылы қалыптасатынын алға тартады.  
Түйін сөздер: әскери білім беру, кәсіби білім, шеберлік, дағды, біліктілік, құзыреттілік, 
негізгі құзыреттілік, құзыреттілік тәсіл.  
Отандық білім беру жүйесінде халықаралық білім беру стандартына сәйкес мамандарға 
қойылатын  талаптарға  байланысты  «құзыреттілік  тәсіл»  («компетентностный  подход») 
терминінің қолдану аясы кеңеюде. Бұл термин ресми құжаттар: «Қазақстан Республикасында 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
123 
 
білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  бекіту 
туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы  №  1118 
Жарлығына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  2012  жылғы  2  қарашадағы  №  423  Жарлығында  [1],  «Білім  берудің  тиісті 
деңгейлерінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарын  бекіту  туралы»  
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  қаулысында 
қолданылған [1]. 
Білім  беру  жүйесінде  қолданылған  құзыреттілік  тәсіл  («компетентностный  подход») 
тіркесінің  бірінші  компонентіндегі  құзыреттілік  (компетентность,  компетенция)  сөзіне  
берілген  анықтама  әртүрлі  болғанымен,  мағыналық  жағынан  бір-бірінен  алшақ  емес. 
Сондықтан,  тіліміздегі  компетенттік,  компетенция  терминіне  берілген  анықтаманы 
салыстыра,  жинақтай  келе,  оқырман  назарына  төмендегі  анықтаманы  ұсынуды  жөн  көрдік.  
Сонымен: 
«Компетентность  (лат.  competens  (competentis)  надлежащий,  способный)  обладание 
знаниями и опытом, позволяющими судить о ч.-л.; веское, авторитетное мнение. 
Компетентный  (<  компетентность)  знающий,  сведущий  в  определенной  области; 
имеющий право по своим знаниям и полномочиям делать или решать ч.-л.; судить о ч.-л. 
Компетенция  (лат.  competentia  принадлежность  на  праву)  1)  круг  полномочий, 
представленных законом,  уставом или иным актом конкретному органу или должностному 
лицу; 2) круг вопросов, в которых данное лицо обладает познаниями, опытом» [2, 419],- деп 
берілсе, ал осы сөздер қазақша сөздікте: 
«Компетентность – құзыреттілік, біліктілік; ~ специалиста маманның біліктілігі. 
Компетентный – білікті, құзыретті; ~ врач білікті дәрігер. 
Компетенция – құзырет» [3, 364], – деп берілген. 
Бұл жерде мақалада көтеріліп отырған мәселеге орай, құзыреттілік термині білім беру 
жүйесінде  академиялық  пен  кәсіби  бейінді  және  жоғары  білім  беру  деңгейінде  бір  ұғымда 
түсіндіріліп,  білім  беру  нәтижелерін  салыстырмалы  түрде  сипаттау  да  болып  табылады. 
Өйткені, стандарт бағытына сай оқу жоспарлары (білім беру бағдарламалары) негізінде білім 
беру  нәтижелері  арқылы  біліктілігі,  тіпті  бір  және  сондай  мамандықты  (пәндік  саланы) 
даярлау кезінде берілетінін ескерсек, онда білім беру жүйесінде жоғарыдағы аталған Үкімет 
қаулысының кіріспесінде аталған терминдерге: 
 құзыреттілік  –  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  тәрбие,  даму,  білімділік  деңгейі, 
қалыптасқан жеке басының қасиеттері, білім нәтижесінің типі; 
негізгі  құзыреттіліктер  –  күнделікті,  кәсіби  немесе  әлеуметтік  өмірлік  жағдайларда 
қолданылатын, өмірдегі әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, 
дағды, қабілет жиынтығы; 
құзыреттілік тәсіл – стандарт талаптарына сәйкес оқу-тәрбиелеу процесін өз бетімен 
ұйымдастыру, педагогикалық әдіс-тәсілдерді таңдау [1], – деп анықтама берілген 
Білім беру жүйесінде аталған терминдерге берілген анықтаманы жинақтасақ, біздіңше, 
құзыреттілік тәсіл төмендегі сызба бойымен дамитынын байқауға болады: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Кәсібилік 
сала  
білім 
шеберлік 
дағды 
құзыреттілік 
Отандық, 
халықаралық білім 
беру кеңістігі 
Білім беру  

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
124 
 
Жоғарыдағы  анықтамалардан,  сызбадан  байқағанымыздай,  құзыреттілік  дегеніміз  – 
күнделікті және түрлі жағдайда адамдар арасындағы мәселелерді шешудегі өзара байланыс, 
қарым-қатынас,  өзара  түсіністік  (білімі,  дағдысы,  шеберлігі,  қабілеті)  арқылы  байланыс 
орнату деп қараған жөн.  
Қазақстандық  білім  беру  жүйесінде  құзыреттілік  тәсіл  ұлттық  жоғары  білім  беру  
жүйесінде  біліктілікті  беруде  оқыту,  құзыреттілік  және  бейін  (көп  бейінді  жеке  және 
академиялық қажеттіліктерді, сондай-ақ еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыру үшін) 
нәтижелерін, деңгейін, оқу жүктемесін ескере отырып, біліктілікті беру сипаттамасын қайта 
қарауды қажет етеді. 
Қазіргі білім беру талаптарында оқыту мен сапалы білім беруде құзыреттілік тәсіл жаңа 
көзқарастарды қалыптастырып қана қоймай, кәсіби-білікті мамандарды даярлауда пәнаралық 
байланыстар  мүмкіндіктерін  пайдалану  арқылы  оқытудың  оңтайландыру  қажеттілігін 
қамтамасыз етеді.  
Бұл  жерде,  құзыреттілік  тәсілдің  әскери  білім  беру  жүйесінде  жоғары  оқу  орнынан 
кейінгі  білім  беруде  арнайы  әскери  кәсіби  мамандарды  даярлаудағы  рөлі  туралы  өз 
ойларымызды ортаға салу.  
«Құзыреттілік  тәсіл»  отандық  және  халықаралық  еңбек  нарығында  жоғары  оқу 
орындарының  заманауи  жағдайындағы  өзара  бір-біріне  деген  сенімін  қалыптастыра  және 
олардың  ынтымақтастығын  тереңдете  отырып,  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді  таңдауды 
көздейді.  
Білім  кеңістігінде  құзыреттілікте  білімі  мен  оны  қолдануы,  дағдысы  мен  шеберлігі, 
қабілеті, деңгейі немесе дәрежесі, тіпті, жауапкершілігі жинақталады (сызбадан қараңыз).   
Осы  жағынан  келгенде,  құзыреттілік  пен  жеке  адамның  (тұлға)  сапасы  (ерекшелігі) 
танылады:  батылдығы,  шыдамдылығы,  адалдығы  т.б.  Бір  жағынан  құзыреттілік  жеке 
тұлғаның  сапасын  нақтылай  түседі  (жұмысқа  қабілеттілігі,  сыпайылығы,  шыдамдылығы, 
ұстамдылығы,  еңбекқорлығы  және  т.б.).  Бұның  өзі  құзыреттілік  сипатын  жүйелі  және 
мазмұнынан  тыс  аспектілердегі  маңызы  бар  сегментті:  оқу  орындарының  білім  беру 
ортасын,  білім  беру  үрдісін  ұйымдастыру,  білім  беру  технологиясын,  студенттердің  өз 
бетімен жұмысын қоса және т.б. қалыптастыруға жәрдемдеседі. 
Құзыреттілікті  меңгеру  жекелеген  оқу  пәндерін,  циклдерін,  моделін  және 
дидактикалық бірліктерді оқыту кезінде жүзеге асыра отырып, жалпы кәсіптік және арнайы 
пәндерді  біріктіреді.  Біріктіру  сипатында  «білімі»,  «шеберлігі»,  «дағдысы»  (бұлар  бір-
бірімен  қарама-қарсы  емес,  олар  конструктивтік  мазмұнда)  жинақтау  бағытында  қажетіне 
қарай  алған  білімін  өзіне  пайдалану  арқылы  оқу  мен  тәрбие  үрдісінде  жеке  тұлғалық 
құзыреттілігін қалыптастырады.  
«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңында:  «жалпы  білім  беретін  және 
кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, ...арнайы оқыту әдістерін, техникалық және өзге 
де  құралдарды,  өмір  сүру  ортасын,  ...т.б.  білім  алу  үшін  жағдайлар»  [4,  5],  –  деп  атап 
көрсетілгендей,  қолданыстағы  біліктілік  Мемстандарты  білім  беру  үрдісіндегі  жаңа 
технологияға  қарай  құзыреттілік  тәсілді  ескеріп,  бейімделуі  талап  етіледі.  Сондықтан 
маманға  берілген  біліктілік  негізінде  құзыреттілікті:  жалпы  білім  (кәсіптік  білім  берудің 
негізі,  алғы  шарты)  және  кәсіби  білім  (арнайы  білім  беретін  мамандандырылған  пәндер),  – 
деп екі топқа бөліп, оларды іштей бір-бірінен былайша ажыратуға болады: 

 
бітірушілерден  күтілетін  біліктілік  ерекшеліктері,  құзыреттілігі,  дағдылары  мен 
олардың сатылылығы; 

 
 бүгінгі  және  ертеңгі  қызметінің  жағдайын  ескере  отырып,  қажетті  қызметі  және/ 
немесе міндетін орындалуын сипаттау. 
Біздіңше,  Мемстандартының  біліктілікті  беруінде  бұл  екі  ерекшелік  жан-жақты  
ажыратып көрсетілмеген. 
Оқу бағдарламаларында арнайы (кәсіби) құзыреттілік екіге бөлінеді: 
-
 
базалық жалпы кәсіптік білімі, таңдаған саласы қызметіндегі шеберлігі; 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
125 
 
-
 
кәсіби  бейімділігі  (маманданған)  бітірушінің  алған  мамандығы  немесе  нақты 
бейіндігіне сәйкес білімі. 
Мысалы,  Ұлттық  қорғаныс  университетінде  «Әскери  білім  беру»  мамандығының  
шифрі  «магистр»  академиялық  дәрежесі  бойынша  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру 
жүйесі  жүзеге  асырылуда.  Осы  оқу  бағдарламасы  аясында  мамандарды  даярлауда  өзінің 
құзыреттілік мақсатын қалыптастырады: 
- өзін дамыту және танымдық қызметі саласында;  
- әлеуметтік қызметі саласында; 
- іргелі және қолданбалы  ғылымдар саласында
- кәсіби қызметі саласында. 
Осы  жерде,  жоғары  мектепті  бітірген  маманның  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 
білім  беру  жүйесінде  тыңдаушылардың  арнайы  құзыреттілігінде  атаулары  бойынша  сәйкес 
келуі мүмкін, бірақ та оның көлемі бойынша айырмашылығы: білім беру деңгейінің ұлғаюы 
кезінде  құзыреттілік  санының  артуы  заңды.  Сондықтан  Мемстандарт  бойынша  бір 
мамандыққа  түсетін  топтарды  іріктеуде  жалпы  құзыреттілігі  бір  болуы  тиіс,  ал  арнайы 
құзыреттілік іріктеуде бір-бірінен айырмашылығы болады. Мысалы, бір мамандыққа түскен 
тыңдаушылардың таңдаған қосымша біліміне қарасақ, әртүрлі: бірі – педагогика, екіншісі – 
білім  беру  тарихы,  үшіншісі  –  тәрбие,  төртіншісі  –  оқу  үдерісі  т.б.  Бірақ  та  олардың 
біліктілігі туралы құзыреттілігінде ешқандай айырмашылығы жоқ. Демек, мамандық шифрі 
бір  екен,  олай  болса,  қосымша  алған  біліміне  қарай  біліктілігіне  қойылатын  талаптарды 
өзгертудің  уақыты  жеткен  секілді.  Мұның  өзі  отандық  және  халықаралық  білім  беру 
кеңістігінде  мамандарға  қойылатын  талаптарға  және  оқу  үрдісіне  байланысты  болса, 
екіншіден,  әскери  мамандарды  даярлауда  теориялық  және  практикалық  тұрғыдан  шешу 
мәселесімен  қатар,  олардың  кейінгі  кәсібилік  және  мансаптық  өсуінде  еңбек  нарығы 
жағдайына байланысты бәсекеге қабілетті болуынан туындап отырғаны белгілі. Мұның өзі – 
Елбасы  ұсынған  «100  нақты  қадам»  атты  Ұлттық  жоспардағы  «Даярланатын  кадрлардың 
бәсекелестік  қабілетін  арттыру  және  білім  беру  секторының  экспорттық  әлеуетін  көтеру» 
деген жолдармен бір арнада үндеседі. 
Жалпы  негізгі  білім  беру  бағдарламасында  әскери  оқу  орындарында  мамандарды 
даярлауда төмендегі мамандандырылған модульдер аясында оқыту көзделуі тиіс: 
-
 
кәсіптік пәндер; 
-
 
іргелі пәндер; 
-
 
экономикалық және басқару пәндер; 
-
 
гуманитарлық және әлеуметтік пәндер; 
-
 
практика (әскери практика (войсковая практика), түрлі оқу-жаттығу). 
Оқу  жоспарында  көрсетілгендей,  әрбір  циклді  пәндерде  міндетті  базалық  және  оқу 
орны  белгілеген  бейінді  бөлігі  болады.  Базалық  бөлік  бейінді  бөлікке  негіз  болып,  бейінді 
бөлікте берілетін пәндердің білімін, шеберлігін және дағдысын кеңейтуге мүмкіндік береді. 
Қорыта келгенде, құзыреттілік/оқыту нәтижелері дегеніміз – жоғары оқу орындарында 
ұсынылатын  оқу  бағдарламалары  мен  оқытуды  салыстыру  болып  табылады.  Сондықтан 
құзыреттілік/оқыту нәтижелері арқылы әрбір танылған біліктілік сипаттамасы отандық және 
халықаралық  білім  беру  кеңістігінде  мамандарға  қойылатын  талаптар  аясында  оқу 
бағдарламаларымен  сәйкестендіру  керек.  Сонда  ғана  оқыту/құзыреттілік  нәтижесі  қалай 
болса,  солай  біліктілік  деңгейінде  ғана  емес,  модуль  немесе  курстың  деңгейі  арқылы 
қалыптасады.  Мұның  өзі  кредиттік  оқыту  жүйесінің  тиімділігін  көрсетеді.  Келешекте 
кредиттік  оқыту  нәтижелерінде  құзыреттілік  тәсілдің  тиімді  жақтарына  тоқталу  алдағы 
міндеттердің бірі болмақ. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Ғаламтор-ресурс: 
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1200000423/links// 
«
Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
126 
 
желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 423 Жарлығы; 
https://e.edu.kz/71// 
«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын 
бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080 
қаулысы. 
2  Новейший  словарь    иностранных  слов  и  выражений.  –  М.:  ООО  «Изд-во  Аст»,  Мн.: 
Харвест, 2002. – 976 с. 
3 Русско-казахский словарь/Под ред. Н.Т.Сауранбаева, Г.Г.Мусабаева, Ш.Ш. Сарыбаева, 3-е 
изд., перераб. и дополн. – Алматы, Дайк-Пресс, 2005. – 1152 с. 
4 Білім туралы ҚР Заңы. – Астана, 2011. – 193 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
Кожанулы М., Тогисова А.  
(г. Астана, Национальный университет обороны им. Первого Президента РК – Лидер 
Нации) 
Компетентностный подход и ее роли в высшем военном учебном заведения 
(в рамках послевузовского образования) 
 
В  статье  рассматривается  роль  компетентностного  подхода  в  подготовке  военных 
кадров в системе казахстанского военного образования. 
«Компетентностный  подход»  на  отечественном  и  международном  трудовом  рынке  в 
современных  условиях  формируя  взаимо  надежность  ВУЗ-ов,  углубляя  их  сотрудничество 
предусматривает выбор педагогических методов и способов. 
Авторы  учитывая  результаты,  уровни,  учебные  нагрузки  в  системе  национального 
высшего  образования  (многопрофильный  личностной  и  академической  необходимости,  а 
также  для  того  чтобы  удовлетворить  запрос  трудового  рынка)  рассматривают  о 
необходимости пересмотра компетентной характеристики, и приходят к такому выводу, что 
результат обучение компетентности не только формируется на уровне компетентности, но и 
через уровни модуля или курса обучения. 
Ключевые  слова:  военное  образование,  профессиональное  образование,  мастерство, 
навык, компетентность, основная компетентность, компетентностный подход. 
 
SUMMARU 
Kozhanuly M., Togisova A. 
Competence approach and its role in military Institutions of Higher  Education  
(within the limits of postgraduate study) 
 
 
In  the  article  the  role  of  competency  approach  at  the  training  of  military  personnel  in  the 
Kazakhstani system of military education is considered. 
“Competence  approach”  on  native  and  international  labor  market  in  modern  requirements 
forming inter-reliability of  Institutions of Higher  Education, extending their cooperation provides 
the selection of pedagogical methods and principles. 
The authors taking into consideration, the results, levels, educational hours in the system of 
higher  national  education  (multiple-discipline  and  academic  need  and  also  for  satisfy  the 
requirements  of  labor  market)  consider  the  need  of  competent  characteristics  come  to  conclusion, 
that  the  results  of  studying  the  competence  not  only  forms  at  the  competence  level  but  also  by 
means of module levels or course of studies.  
 
Key words: military education, professional education, mastership, experience, competence, 
main competency, competency approach. 
 
 
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
127 
 
ӘОЖ: 371.037Е-82 
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУҒА 
ӘСЕРІ  
 
Г.Л.Саурбекова, аға оқытушы, 
Н.Е.Абдібеков, оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  ұлттық  ойындарды  дәріптеу  арқылы  оқушыларды  салауатты 
өмір  салтына  насихаттау  мәселелері  қозғалады.  Ұлттық  ойын  ең  алдымен  сезімталдыққа, 
қимыл-әрекетке, басқалармен қарым-қатынасқа, өзімен бірге ойнаушымен тіл табыса білуге 
тәрбиелейді.  Ұлттық  ойындар  ұлтқа  тән  қасиеттерді  ғана  тәрбиелеп  қоймайды,  ол 
оқушыларды  өз  ұлтына,  өз  халқына  деген  ілтипатқа,  оның  ғасырлар  бойы  жасаған  рухани, 
мәдени,  тарихи,  әдет-ғұрып,  салт-санасын,  дәстүрін  қадірлеуге,  оны  мақтан  тұтып,  тілін, 
дінін,  дәстүрін  құрметтеуге  үйренеді.  Ұлттық  ойынды  орынды  пайдалана  білген  жағдайда, 
басқа  да  дидактикалық  құралдармен  астаса  отырып  оқушыларды  ілгері  ұмтылуға,  алдына 
мақсат  қойып,  соған  жету  үшін  күресуге,  жеңіске  жетуге,  алған  бетінен  қайтпауға, 
табандылыққа,  төзімділікке,  қайырымдылыққа,  өзіне-өзінің  сенімділігіне,  өзін  қоршаған 
ортамен  санаса  білуге,  ұжымды  сыйлай  білуге  үйретеді.  Ұлттық  ойынның  негізінде  жарыс 
жатыр,  ал  жарыстың  негізгі  шарты  жеңу.  Ұлттық  ойындардың  денсаулықты  сақтауға,  оны  
нығайтуға  тигізер  орасан  зор  әсерін  түсіндіру,  ұлттық  спорт  түрлерінің  тәсілдеріне  үйрету  
туралы жан-жақты мәселелер қарастырылады.  
Түйін сөздер: Салауатты өмір салты, ұлттық спорт түрлері, дене жаттығулары, ұлттық 
спорт ойындары, үйлесімді дамыту. 
Адамдардың  өздерінің  денсаулығына  қатынасы,  олардың  мінез-құлқы  арқылы  көрініс 
тауып, белгілі дәрежеде зерттеушілердің мәліметтері бойынша, адамдардың 49-53%-ы «дені 
сау болу, әлде  сырқаттану»  дилеммасын анықтайды. Салауатты өмір салтын насихаттаушы 
танымал  ғалым  В.М.Димов  [1]  әрбір  адам  денсаулығын  нығайтатын  немесе  денсаулығын 
бұзатын  мінез-құлыққа  ие  болу  мүмкіндігінің  болатынын  атап  көрсетеді.  Өз  денсаулығына 
деген  ұқыпты  қарым-қатынасты  тәрбиелеуге  болады:  отбасында,  мектепке  дейінгі 
мекемелерде,  жалпы  білім  беретін  мектептерде,  жоғары  және  кәсіптік  оқу  орындарында. 
Дегенмен,  «...  денсаулықтың  қадірі  өлім  елесі  жақындай  түскен  сайын  белгілі  болмақ». 
Академик Н.М.Амосов адамның өз денсаулығы туралы бала кезден ойлану қажеттілігін атап 
көрсеткенімен,  өмір  шынайылығы  денсаулық  пен  салауатты  өмір  салты  туралы  тәрбиелік 
шаралардың тиімсіздігін айқындап көрсетеді.  
Статистикалық  материалдар  мен  бірқатар  зерттеу  жұмыстары  соңғы  жылдардағы 
Қазақстан  Республикасында  өкпе  (туберкулез),  ВИЧ  жұқпалы  індеттері,  жыныстық  және 
жүрек-тамыр  аурулары,  түрлі  қан  және  зат  алмасу  ауруларының  өрши  түскенін  көрсетіп 
отыр.  Мұндай  өзгерістерді  көпшілік қазіргі  өркениеттің  жағымсыз  әсерінен  деп  түсіндіреді 
(экологиялық  жағдайдың  нашарлауы;  стресстік  жағдайлар,  құнарсыз  және  жеткіліксіз 
тамақтану, жастардың темекіге, алкогольді ішімдіктерге және нашақорлыққа әуестенуі). 
Бүгінгі  күні  ғылыми  жүйеде  адам  туралы  «адам  денсаулығы»  ұғымын  анықтау  үшін 
төмендегі келесі анықтамалар қолданылады: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет