ӘОЖ 811.512.122:811.111]’373
Байкадамова С.И.
2 курс магистранты
ТІЛДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСКЕ ҰЛТТЫҚ СИПАТТЫҢ ӘСЕРІ
Түйіндеме: Бұл мақалада фразеологизмдерді жан-жақты қарастырып, оның тілдегі алатын орны және
сөйлеушінің сөз мәнеріне әсері туралы жазылған. Фразеологизмдер – ауызекі және жазба әдебиетте ерекше
орын алатын, кез-келген халықтың ойлау ерекшелігін, даналығын айғақтайтын тілдің айшықты да, мәнерлі бай
саласының бірі екендігі де айтылған. Сондай-ақ, ұлттың рухани дүниетанымын, салт-санасын, ұлттық мінезін
өн бойына жинап, сан ғасырлар өтсе де санадан өшпейтін ұлт тіліндегі асыл қазыналардың бірі –
фразеологизмдер деп жазылған. Халық ғасырлар бойы аз сөзбен көп ойды жеткізетін нақты, көркем сөз
оралымдарын пайдаланып отырған. Халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, күнделікті өміріне байланысты
туындаған ұлттық – мәдени ақпарат мазмұнын танытатын нышандар болып есептелетіндігі жазылған.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы тарих сахнасында ұлт мәдениетін таразылау, әсіресе бұрынғы кеңестік
жүйеде өмір сүрген сан ұлттар тарихын зерделеу кезеңі болды. Соның ішінде бұған дейінгі тіл тағдырының
кешегісі мен бүгінгісі, болашағы туралы айтылған талай «терең ойлар» қайта қаралып, ғасыр соңында тарихтан
алған бағасы бойынша әр ұлттың өз ортасында өмір сүруі, ана тілімен тіршілік етуі, «қазақ қазақпен қазақша
сөйлесу» сияқты ұлт тағдырына тікелей қатысты осындай маңызды мәселелер мемлекет саясаты тұрғысында
айқындалып отыр.
Қазақ тілінің болашағы – өткенді білуімен құнды болмақ. Өткенді білу дегеніміз - қазақ ұлтының мәдени
өмірінің ерекшеліктері ретінде танылатын тілдік бейнелі сөз орамдары фразеологизмдерінің ұлт мәдениетін
танытудағы рөлін бағалау, түсіну.
Фразеологизмдерді зерттеген академиктердің де ойлары назарға алынып, бір – бірімен салыстыра отырып,
өз бетінше зерттеу жүргізген.
Тірек сөздер: фразеологизм, ұлттық мінез, рухани дүниетаным, ұлттық сана.
Аннотация: В данной статье подробно рассматриваются фразеологизмы, их значения и место в языке, а так
же влияние на манеру разговора человека. Фразеологизмы - занимают особое место в устной и письменной
литературе, они раскрывают особенности размышления народа, которые свидетельствуют о мудрости языка и
показывает его многогранную насыщенность. Так же - сознание, национально- духовное мировоззрение,
культурное понимание, национальный характер, осознание всего национального поведения которые спустя
даже века останутся одним из сокровищ национального языка, которые невозможно стереть это -
фразеологизмы. Народ веками использовал точные связки выразительных слов которые передавали
немногословно широкую мысль. Культура народа, обычаи, нравственные ценности, символы, которые
зародились показывают связь со смыслом в повседневной жизни. Последнее десятилетие ХХ века на
исторической арене обозначилась взвешивание культуры нации, особенно стало периодом проникновение в
суть истории постсоветских народов. Особенно сказанные «умные мысли» о прошлой, сегодняшней и будущей
судьбе языка толкуется заново. Окрыленный новыми взглядами и отношениями определение как: жить в своем
кругу, между собой разговаривать на родном языке определяется ключевыми векторами государственной
политики. Будущее казахского языка ценен знанием прошлого. Знание прошлого это знание форм особенностей
в языковом проявления фразеологизмов как определение культуры и роль языка. Каждый человек как
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
58
представитель своего языка должен различатся сущностью, познавательностью и интеллектом. И должен
насыщать и обогащать свой родной язык. В национальном духовном обогащении вклад каждой личности
ценен. Фразеологизмы в казахском языке определяет менталитет, взглядов и мировоззрения окружающих нас
предметов и явлении оценивающиеся и описывающиеся со стороны этноса этой нации.
Приняв во внимание и мысли академиков исследовавших фразеологизмов, сравнивая друг с другом,
самостоятельно провела исследование.
Ключевые слова: фразеологизм, национальный характер, духовное мировоззрение, национальное познание.
Abstract: This article is about phraseological units, their values and a place in language, and as influence on a
manner of conversation of the person are in detail considered. Phraseological units - take a special place in oral and
written literature, they open features of reflection of the people which witnesses about wisdom of language and shows
its many-sided saturation. The people for eyelids used an exact linking of expressive words which transferred
laconically broad thought. The culture of the people, custom, moral values, symbols which arose show communication
with sense in everyday life. The last decade the XX centuries on the historical arena it was designated weighing of
culture of the nation, especially there was the period a penetration into an essence of history of the Post-Soviet people.
Inspired with new views and the relations determination as: to live in the circle, among themselves to talk in military
language it is determined by key vectors of a state policy. The future of the Kazakh language it is valuable knowledge
of the past. Knowledge of the past this knowledge of forms of features in language manifestations of phraseological
units as determination of culture and a language role. In a national spiritual the contribution of each personality is
valuable. Phraseological units in Kazakh language are determined by mentality, views and outlook of subjects
surrounding us and the phenomenon being estimated and being described from an etnosnost of this nation.
Having taken into account and thoughts of academicians of researching phraseological units, comparing with each
other, independently she conducted research.
Key words: phraseological unit, national nature, spiritual outlook, national knowledge.
Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Тілді қай ұлттың болмасын өзіндік
сипаты, келешегі, ертеңі мен бүгіні, ғасырлар тоғысындағы тарихын жеткізушісі ретінде танимыз.
Ұлттың тілі болмаған жерде ұлттық мәдениет те болмайды. Кез келген халықтың дүниетаным
көзқарасы ұлттық тілінде көрініс табады.
Қазақстан тәуелсіздік алып, ұлттық тіліміздің мәртебесі күннен күнге өсуде. Алайда ұлттық тілдің
өрісін күні бүгін кеңейте алмай келе жатқанымыз айдай анық. Алаш азаматтарының ірі өкілі Халел
Досмұхамедұлы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі- бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып
реттелсе, ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз қажет» деп айтып өтті. Міне,
әлемге әйгілі жұрт өкілдерінің қазақ тілі, және оның алатын орны жайлы пікірлерін жинақтай келе,
ұлттық тіліміздің мәртебесін түсінеміз [1,26].
Қазіргі таңда алдымыздағы тұрған ең басты міндет ұлтық тілімізді Қазақстан мемлекетінің бүкіл
күнделікті және ресми өмірінде, қоғамдық тіршілігінің барлық саласында қолданылатын құрал
ретінде өрісін кеңейту болып табылады. Қазір тіл мәселесінің осындай практикалық жағына қалың
көпшіліктің назары аударылып отырған шақта тіл білімінің қайта қарастыратын, әлі де жетілдіретін
жақтары аз емес. Соның бірі- іскерлік дискурста пайдаланылатын фразеологизмдер.
Фразеологизмдер- ауызекі және жазба әдебиетте ерекше орын алатын, кез келген халықтың ойлау
ерекшелігін, даналығын айғақтайтын тілдің айшықты да, мәнерлі бай саласының бірі. Халқымыздың
тіл қазынасының бір бөлігі бола отырып, ұлттық тіл байлығымыздың нағыз қайнар көзі ұрпақтан
ұрпаққа өте келе өз маңызын жоғалтқан емес.
Ұлттың рухани дүниетанымын, салт-санасын, ұлттық мінезін өн бойына жинап, сан ғасырлар өтсе
де санадан өшпейтін ұлт тіліндегі асыл қазыналардың бірі- фразеологизмдер. Халық ғасырлар бойы
аз сөзбен көп ойды жеткізетін нақты, көркем сөз оралымдарын пайдаланып отырған. Халықтың әдет-
ғұрпы, салт-санасы, күнделікті өміріне байланысты туындаған ұлттық-мәдени ақпарат мазмұнын
танытатын нышандар болып есептеледі. Бұл жөнінде «Белгілі бір тілдің фразеологиялық тіркесінің
ерекшелігі оның тек ішкі тілдік құрылысымен ғана емес, сол фразеологиялық тіркестерде
бейнеленген ұлттық мәдениеттің деректерінде бірегейлігімен де сипатталады. Атап айтқанда, ұлттық
фразеологиялық тіркестердің қайталанбастығы лингивистикалық негізде ғана емес, сол халыққа ғана
тән ұлттық құбылыстарды экспрессивті түрде атауға қызмет ететін экстралингвистикалық себеп
ұлттық мәдениет негізінде де қалыптасады» [2,89] - деген пікір білдірген болатын. Сондықтан да
фразеологиялық тіркестер «тіл иесі халықтың күллі дүние ғалам жайлы ұғым түсініктерінің, өзін
қоршаған шындық болмысты қабылдауының, мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктеріне
байланысты тіл- тілде өзгеше болып өрілетін ғаламның тілдік бейнесін жасауға қатысатын әсем де
әсерлі сөз өрнектері, тілдік метафоралық композициялар» [2,54], - ретінде таныла келе, өзінің
бейнелілігімен, экспрессивтілігімен көңілге қонымды, ерекше әсерлі дүниелер болып табылады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
59
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы тарих сахнасында ұлт мәдениетін таразылау, әсіресе бұрынғы
кеңестік жүйеде өмір сүрген сан ұлттар тарихын зерделеу кезеңі болды. Соның ішінде бұған дейінгі
тіл тағдырының кешегісі мен бүгінгісі, болашағы туралы айтылған талай «терең ойлар» қайта
қаралып, ғасыр соңында тарихтан алған бағасы бойынша әр ұлттың өз ортасында өмір сүруі, ана
тілімен тіршілік етуі, «қазақ қазақпен қазақша сөйлесу» сияқты ұлт тағдырына тікелей қатысты
осындай маңызды мәселелер мемлекет саясаты тұрғысында айқындалып отыр.
Әр ұлт өз жоғын өзі түгендеп жатқан мына заманда туған тіл тағдыры тек өз ұлтының қолында.
Ұлт мәдениетінің қайсысын алсаңыз да, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс,
тіршілігінің суреті сақталған. «Халықтың мәңгілік мәселесі болған тіл» (Ғ.Мүсірепов) - қашан да ұлт
айнасы [3,121].
Адамзат тарихы шексіз өрлеу үстінде сияқты көрінгенмен, ардайым өзін-өзі қайталай беретіндігі,
ең алдымен, тіл арқылы ілім-білімін, мәдениетін түгендей жүретіндігінен байқалады. Өркениет
заманы қаншалықты шарықтау шыңына щықса да, ұлт мәдениетін ұлт тілінен бөліп алып дамытуы
ақылға симайтын дүние. Ұлт болашағы тіл болашағы ретінде, өткен өмір өрнектері ұлт мәдениетінде
материалдық негіз ретінде қаланып, ал оның сыры мен сымбаты тілде ғана өшпей қалған.
Қазақ тілінің болашағы – өткенді білуімен құнды болмақ. Өткенді білу дегеніміз - қазақ ұлтының
мәдени өмірінің ерекшеліктері ретінде танылатын тілдік бейнелі сөз орамдары фразеологизмдерінің
ұлт мәдениетін танытудағы рөлін бағалау, түсіну. Ішімдегі - тілімде, тілімдегі - сөзімде дегендей,
тілімізде кең қолданыста жүрген тұрақты сөз тіркестері, мысалы жағымпаз- шашбауын көтеру,
құрдай жорғалау, табанын жалау, қойны - қоншына кіру, сақтау - көздің қарашығындай сақтау, тісін-
тісіне қойып сақтау т.б. қазақ ұлтының өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін салт,
дәстүр ерекшеліктерін білдіретін тұлғаларын талдау - тіл арқылы ұлт мәдениетін тану болмақ.
Әр адам ұлт тілінің өкілі ретінде өз болмысы мен танымдық, интеллект қасиеттері арқылы
дараланып көрінеді, әрі сол ұлт тілін дамытуға , сөздік құрамын байытуға үлесін қосады. Яғни,
ұлттың рухани мәдениетін қалыптастыруда жеке тұлғаның ықпалы ерекше. Бұл әсіресе ұлт
тіршілігінен және ұлттың менталдық өрісінен хабардар ететін ұлттық мәдени компоненті бар
фразеологизмдердің қатарынан анық байқалады.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер айналадағы қоршаған заттар мен құбылыстарға этнос тұрғысынан
баға беру, сипаттау арқылы сол ұлттың менталитетін, көзқарасын, дүниетанымын аңғартады. Ұлттық
менталитет, оның тіл арқылы мәдениеттанудағы орны туралы ғылым салалары әлі ауыз тұшытарлық
анықтама, ізденіс пікірлерді де өз деңгейінде айта алмай келеді. Әрине, мұның көптеген әлеуметтік
себептері де баршылық. Ұлттық ерекшелік болмаса, ұлтқа тән көзқарас, өзіндік дүниетанымымен,
басқалардан айырмашылығымен еленбесе, әрі бұл қасиеттердің барлығы ұлт тілінде сақталып
жеткізілмесе, онда менталитет туралы айту қиын. Менталитет сол ұлт жасаған, ұрпағына қалдырған
материалдық және рухани мәдениеттерінде ғана сақталады [4,94]. Өркениеттің жаппай дамуы ұлттар
арасына ортақ мәдениеттің материалдық үлгісін әкелуі мүмкін, бірақ рухани мәдениет қашанда
жалқылықты танытады. Ұлт ерекшеліктерін осы жалқылықтан көбірек іздеуге тура келеді. Белгілі бір
кезең немесе белгілі бір әлеуметтік топтың беймәлім құбылыс ретінде танылатын өзіндік ойлауы мен
ұлттың өзіндік ерекшеліктерін тануға оның тілі ғана жәрдем бере алады. Әсіресе сөздік қорындағы
бүкіл фразеологиялық құрам – сол ұлттың тілдік әлемін бойына жинақтаған ой сандығы іспеттес.
Менталитеттің лингвистикалық жағын сөз етсек, онда тіл ұлттық менталитетті жасайды, қалыптас-
тырады. Мысалы, мұсылман халықтарында ұқсас менталитеттің болуын, олардың бір дінге бас
қосуынан, яғни, дін бірліктері байланысынан деп түсіну керек. Өйткені олар ғасырлар тоғысында
адамгершіліктің жарқын идеяларын «Құранға» қарап түзеп, жақсартып отырды. Содан
мұсылмандардың бүкіл мінез - құлқы, ойлау ерекшеліктерінің кейбір көріністері дін арқылы
ортақтастық тапты. Ойдың мазмұндық жағы тілде де бірыңғай мақал- мәтелдер мен бейнелі сөз
орамдарын туғызды. Мысалы, мақал мәтелдер мен фразеологизмдер соның айғағы.
Бұрын мәдениет жеке адамның азығы ретінде өз тілінде, өз тұрмыс- тіршілігінде, тәжірибесінде әр
кез көрінер болса, мына өркениет заманында, қайсыбір дүниетаным ерекшеліктерінің рухани қабаты
жазба мәдениеттерде қатталып қалып жатыр. Тілдік ортада кейбір көркем сөз мысалдары толық
қамтылмай, жетпей, естілмей жатады. Адамзат мәдениетінің ұлан - ғайыр тілдік қорындағы, фразео-
логиялық материалдарындағы үлес салмағында толығу, жаңару процестерінде бөлек үрдіс
қалыптасуы мүмкін. Келер ғасырларда қазақтың ұлттық менталитеті қалай болады, образбен ойлау
шегі қандай материалдық көріністермен алмасып отырады, қалыптасатын фразеологизмдерде қандай
ұлттық мәдени ерекшеліктер сақталады деген сияқты сұрақтар көпшіліктің ойында. Алайда,
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
60
құрамында ұлттық - мәдени компоненті бар фразеологизмдерді зерттеп, анықтау арқылы тіркестердің
контекстегі құрылысы мен семантикалық - грамматикалық тіркесімділік шарттарын бірізділікке
салса, бұл ұлтымыздың менталитетін айқын ашып, қазақ тілінің қаншалықты бай екендігіне көптің
көзі жетпек деген ойдамыз.
Халық, ұлт өмірінің мәдени аспектілерін тану үшін тілде қалыптасқан фразеологизмдердің
маңызы ерекше. Ұлт топырағында тамырланып, нәр алған халық тіліндегі сөздер мен фразеологизм-
дер ғана ұлт ерекшелігі, менталитетін анықтап бере алады. Ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын
құрамында ұлттық мәдени компоненті бар фразеологизмдердің орны әлемнің тілдік бейнесін жасауда
ерекше. Оны танымдық тұрғыдан талдау адамзат өркениетіндегі ұлттық мәдениеттің табиғатын
ашуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Сонымен, құрамында ұлттық мәдени компоненті бар фразеологизмдерді ата-бабаларымыздан
ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған, бүгінгі күнге дейін өз дәрежесін және маңызын жоғалтпаған тіл
өнеріндегі аса баға жетпес қазынамыз деп білеміз.
Тіл – ғасырлар жемісі демекші, қарастырып отырған тіл білімінің бір саласы – фразеологизмдерді
жан-жақты зерттегеннің өзінде әлі де талай ашып, зерттелетін қыр-сырлары бар деген қорытындыға
келмекпіз, себебі ұлттық тіліміздің күре тамырына үңілетін болсақ, бірталай мәселеге тоқталуды
қажет етеді. Қазақ тіліндегі ұлттық - мәдени компоненті бар фразеологизмдерді кең көлемде зерттеу
қажеттігін жоққа шығаруға болмайды. Фразеологизмдерге байланысты тіл байлығымыздың әлі
зерттелмеген қыр-сырларын толық ашпаған себептерге байланысты, алдағы болашағымызда
фразеологизмдерді топтастыру мәселесі қайта қарастырылуы әбден мүмкін деген ойдамыз [4,42].
Екі немесе одан да көп сөздерден құралып, бір ғана лексикалық мағына беретін сөздерді
фразеологизмдер дейміз. Фразеологизмдер ауыз және жазба әдебиеттерде көптеп кездеседі.
Фразеологизмдер сөз өнерін байыту үшін ақын немесе жазушының ойын әсерлі етіп жеткізу үшін
жұмсалады. Белгілі бір халық жөніндегі мәдени құндылықтарды жеткізушіні тіл десек, оның ішінде
демек, фразеологизмдер адамдардың, халықтың тарихи қалыптасу, даму кезеңдеріндегі күллі тіршілік
тынысын танытушы саналады. Жалпы «фразеология» термині тіл білімінде екі түрлі мағынада
қолданылатынын айтып өткенді жөн көрдім. Бірінші мағынасы «белгілі бір тілдегі тұрақты тіркес-
тердің тұтас жиынтығы», екіншісі – «тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы»
деген мағынада қолданылады. Олар басқа тілдік бірліктерден экспрессивті бейнелілігімен қоса,
мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолданылу тиянақтылығымен басқа тілдік бірліктерден
ерекшеленеді.
Фразеологизмдерді бірнеше ғалымдар зерттеген. Солардың бірі орыс лингвисті, академик
В.В.Виноградов фразеологизмдерді үш топқа бөледі:
1. Фразеологиялық тұтастық – тіркестің білдіретін ұғымы құрамындағы сөздердің мағыналарымен
сәйкес келмейді. Мысалы: үріп ауызға салғандай,қой аузынан шөп алмас.
2. Фразеологиялық бірліктердің білдіретін ұғымы тіркестің құрамындағы сөздермен мағыналық
жағынан белгілі бір дәрежеде байланысты бейнелілігі, әсерлілігі жоғары болады. Мысалы: аузына
құм құйылу, екі езуі екі құлағына жету.
3. Фразеологиялық тізбектің білдіретін ұғымы құрамындағы сөз мағыналарымен байланысты
болғанмен, бейнелілігі төмен болады. Мысалы: кеудесін көтеpy, мойнына су кету [5,31].
Алайда қазақ ғалымы Кеңесбаев фразеологизмдерді фраза және идиома деп екі топқа бөледі.
Мұндағы идиома дегеніміз Виноградовтың фразеологиялық тұтастық деген пікірімен сәйкес келсе,
фраза Виноградовтың фразеологиялық бірлік деген пікіріне сәйкес келеді. Сонымен қатар Кеңесбаев
мынадай ой тұжырымдайды: фразеологиялық тіркестердің варианттары өте жақын, іштей өзектесіп
жатады, айырмасы – тіркес жүйесіндегі бір немесе бірнеше компоненттері өзге сөздермен алма-кезек
ауысып жатуында. Мысалы: өш алу – кек алу; тыныс алу – дем алу; ашуына тию – шамына тию,
намысына тию, т.б. Ал синонимдер арасында жалпы мағына жуықтығы болғанымен, бірінде бар
компонент екіншісінде ұшыраспайды. Яғни, синонимдес фразеологизмдердің компоненттері еш
уақытта екі рет қайталанбайды. Мысалы: жаны тырнағының ұшына келу, төбе шашы тік тұру, көзі
алақандай болу, тұла бойы түршігу [6,257].
Қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестерге мыналар жатады: фразалар және идиомалар. Аталған
тіркестердің әрқайсысы жеке сөздерден құралып, күрделенген номинатив орайында жұмсалады да,
сөйлемнің мағынасымен ортақтасып, экспрессивті эмоциялы бояулармен ауызекі тілінде де жазба
тілінде де қолданылады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж.
61
Экспрессивті тұрақты сөз тіркестері әртүрлі көңіл-күйге байланысты қолданылады. Мысалы: «іске
сәт», «неткен сұмдық» секілді экспрессивті сөз тіркестері әртүрлі жағдайларда қолданылады.
Эмоциялық-экспрессивті сөз тіркестерін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа адамның түрлі
көңіл-күй, мінез-құлқын сипаттайтын, жақсы көрумен, еркелетумен байланысты жағымды образдар-
ды жатқызуға болады. Мысалы: «үріп ауызға салғандай», «көзімнің қарашығы», «жан қалқам», т.б.
Ал екінші топқа жағымсыз образдарды жатқызуға болады. Мысалы: «емешесі құрыған», «сор
маңдай», т.б.
Қазақ тілінде, басқа тілдердегідей бірқатар сөздер тобы тұрақталған тіркес қалпында жұмсалады.
Мысалы: «Төбеден түскен түнек жаудың үрейін ұшырып, есінен тандырды». Бұл сөйлемдегі «үрейін
ұшырып», «есінен тандырды» келтірінді мағынада жұмсалған. Сол себепті «үрейім қалмады», «зәрем
ұшты» секілді сөз тіркестері (қатты қорықтым) деген мағынаны береді. Бұл жағынан осы тіркестерді
құс ұшты, қарға ұшты, ұшақ ұшты тәріздес сөз тіркестерімен тең қоюға болмайды [7,136]. Тұрақты
тіркестер екі түрге бөлінеді, мысалы: идиомалық тіркестер, фразалық тіркестер.
Идиомалық топқа жататын тұрақты тіркестер құрамындағы сөздердің байланысы берік болады,
олардың тұтас тұтас болып тұрғандағы мағыналарына қатысы болмай, мүлде бөтен мағына береді.
Мысалы: «қабырғаңмен кеңес» (ойлан), «қой аузынан шөп алмас» (жуас), «салы суға кетіп отыр»
(көңілсіз), т.б.
Фразалық топқа жататын тіркестер – тұрақты тіркестердің бірқатар мағынасы оларға қатысып
тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысы болады. Мысалы: «таяқ
жеу» (соғылу), «бас көтеру» (қарсылық ету), «жаны ашу» (аяу), «есінен шығу» (ұмыту).
Смирницкий фразеологиялық тіркестерді фразеологиялық бірлік және идиома деп екі топқа
бөледі. Фразеологиялық: get up, fall in love секілді етістіктерді жатқызады. Ал идиомаға ауыспалы,
метафоралық мағынада қолданылатын сөздерді жатқызады. Мысалы: take the bull by the horns
действовать решительно (қазақша сөзбе-сөз аударғанда өгізді мүйізінен ұстау) ал нақты мағынасы
«оқиғаны оздырмай бірден қолға алу» [7,175].
1 Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 618 б.
2 Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. –
255 б.
3 Қоңыратбаева Ж. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер: Филол. ғыл. канд. дис.
автореф. – Алматы: 2002. – 213 б.
4 Смағұлова Г. Фразеологизмдердің синонимдік қатарлары // Тіл тарихы және сөз табиғаты. – Алматы:
Ғылым, 1997. – 436 б.
5 Виноградов В.В. Основные понятия русской фразеологии как лингвистической дисциплины //
В.В.Виноградов. Избран. труды. Лексикология и лексикография. - М.,1997. – 531 с.
6 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. –712 б.
7 Сатенова С. Қос тағанды фразеологиялық тіркестердің авторлық қолданысына қарай өзгеруі // Тіл
тарихы және сөз табиғаты. – Алматы: Ғылым,1997. – 346 б.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г.
62
Достарыңызбен бөлісу: |